Сабақтың тақырыбы: Қысқы кеш
Сабақтың мақсаты: 1) орыс ақыны А.С.Пушкиннің және қазақ балалар
жазушысы М.Иманжановтың өмірі, шығармашы-
лығымен таныстыру, «Қысқы кеш» өлеңін және
«Қысқы кеш» әңгімесін оқып, олардағы негізгі
идеяны түсіндіру;
2) оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз бетімен
жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға
машықтандыру; олардың шығармашылық қабілет-
терін дамыту, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын
молайту;
3) еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны
сүйетін, жас үлкенге құрмет көрсететін адам
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық, жекедара
Көрнекілігі: кесте, ақын-жазушылардың портреттері, тест сұрақтары, маркерлер, пла-
кат, шығармашылық тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, дүниетану, бейнелеу
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, ойын, негізгі идеяны суреттеу, сұрақтар қою, топпен
жұмыс жасау әдістері.
Сабақта қолданылған құралдар: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (психологиялық тренинг)
Шаттық шеңберін жасап бір-біріне сәттілік тілеу
Қыс айлары жазылған қағаздары таратып, екі топқа бөлу.
ІІ. Үй жұмысын сұрау:
«Қар астындағы ұялар» әңгімесінің мазмұнын сұрау. 5-тапсырма бойынша берілген тәжірибенің қорытындысымен танысу.
ІІІ. Өткенді қайталау
Тест жұмысын орындау: 1. «Шытынайды тыста аяз –
. . . . . . үскірік».
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
А) ақ киімді Ә) қызыл шұнақ Б) ақ сақалды
- «. . . баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады». Әңгіме не жайлы?
А) қар ұлпалары Ә) көбелек Б) инелік
- Қар астындағы ұяларға кімдер жасырынды?
А) қояндар Ә) тышқандар Б) шілдер
- «Шидем мен тон қабаттап киген . . . » кім?
А) жігіт Ә) бала Б) малшы
- «Қызыл шұнақ» тіркесіне қатысты сөзді ата.
А) аяз Ә) қар Б) қыс
Тақтада көрсетілген дұрыс жауаптар арқылы өзін-өзі тексеру.
ІҮ. Мағынаны тану.
Орыс ақыны А.Пушкин мен балалар жазушысы М.Иманжановтың өмірі және шығармашылығы туралы мәліметтер беру.
А.С.Пушкин 1799 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Оны Арина Родионовна атты тәрбиешісі тәрбиелеген. Тәрбиешісі өте мейірімді болған және ақынға ұйқыға жатар алдында ертегілер айтып беретін болған. А.Пушкин француз тілін жетік меңгерген. Ол лицейді тәмамдап, Петербургте тұрған. Пушкин патша үкіметіне қарсы еді және өз сезімін жасырмай, өлеңдерінде ашық айтқан. Сондықтан да оны Ресейдің оңтүстігіне жер аударып жібереді. Ол жерде ақын тәрбиешісімен бірге болады және өзінің “Қысқы кеш” өлеңін Арина Родионовнаға арнап жазады. 1837 жылы 29 қаңтарда ұлы ақын дуэльде алған жарақатынан қайтыс болады. Оның “Салтан патша”, “Балықшы және балық” туралы ертегілері, “Қысқы кеш”, “Анчар” атты өлеңдері т.б. шығармалары бар.
М.Иманжанов 1916 жылы Жезқазған облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Оның творчествосы туралы: “Көлемі шағын, айтары мен өнегесі айқын қызықты шығармаларымен қазақ әдебиеті тарихынан, балалар әдебиеті тарихынан өзіне тиісті орынды көркейтіп тұрары анық”- дейді Т.Кәкішев. Оның “Шал”, “Бала қаны”, “Ақша”, “Алғашқы айлар” атты шығармалары және де “Таныс қыз” атты жинағы бар. Жазушының балаларға арналған “Жол үстінде”, “Жас шебер”, “Ораз бен Боря”, “Талап”, “Бес” тағы да басқа көптеген шығармалары бар.
Ү. Жаңа сабақ
Пушкиннің «Буря мглою небо кроет» өлеңінен бір шумақ оқып беру. Осы өлеңнің қазақ тіліне аударылған нұсқасын мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру. М.Иманжановтың «Қысқы кеш» шығармасын оқу. Оқушыларға тізбектей оқыту және мазмұнын түсіндіру. Оқушылардан осы екі шығарманың мазмұнын сұрау.
Сөздікпен жұмыс.
Бұғып – жасырынып
Қамыр — нан пісіру үшін иленген ұн ҮІ. Миға шабуыл
Кестені толтыр
А.Пушкин. «Қысқы кеш» өлеңінің мазмұны қандай? | Екі шығарманың ұқсастығы неде? | М.Иманжанов. «Қысқы кеш» әңнімесінің мазмұны қандай? |
|
Әрбір оқушының толтырған кестесін оқыту, жазғанын дәлелдету.
ҮІІ. Сергіту.
Суретте берілген қысқы ойындардың элементтерін қайталау.
ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма:
ІХ. Бекіту.
Топтық жұмыс.
Берілген сұрақтарға жауап беру:
І топ ІІ топ
— А.С.Пушкиннің шығармасы мәтіннің — Екі мәтінде жазушылар боранды қалай
қай түріне жатады? суреттеген (нелерге теңейді, кімдерге
ұқсатады)?
— Қай шығарма бұрынырақ жазылған? — Кешкі адам тіршілігі туралы шығармаларда
Оны неден аңғардың? не делінген?
— Жіп не үшін иіріледі? Оның қыс — Шығармаларды жазушылар қандай көңіл
мезгіліне қандай қатысы бар? күйде жазған?
— М.Иманжановтың шығармасындағы — М.Иманжановтың электр стансасының
«Сырттай мүлгіген ауыл іштей қа – жұмысын және балқыған темірді нелерге
занша қайнайды» деген сөйлемдегі теңейтініне мән бер және түсіндір.
жазушының ойын мәтінді пайдаланып
түсіндір.
Х. Қорытынды
І топ ІІ топ
— Шығармаларға сүйеніп, қысқы кешті Шығармаларға сүйеніп, қысқы кештің
сипаттап, әңгіме құра. көрінісін бейнеле.
ХІ. Үйге тапсырма:
«Қысқы кеш» өлеңінің екі шумағын жаттау. «Қысқы кеш» шығармасының мазмұнын айту. Берілген тірек сөздерді қолданып, өлең құрастыру.
Далада қар борайды,
. . . . . . орайды
. . . . . . қатады,
. . . . . . боп жатады.
ХІІ. Бағалау.
«Ашық журнал» әдісімен оқушылардың өзін-өзі бағалауы:
Оқушының аты-жөні | Үй жұмысын орындау | Тест жұмысын орындау | Кесте толтыру | 5 жол өлең құрау | Барлық ұпай |
|