Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Файзуллаева Салтанат Тунгишбаевна
Пәні: Ана тілі
Ашық сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Астанаға барғанда
Ашық сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың дыбыстар жөнінде игерген білімдерін тексеру. Астанаға саяхат жасау арқылы Астананың ғимараттарымен таныстыра отырып тапсырмалар орындату.
ә) Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін, ой- өрісін, сана-сезімін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорын байыту.
б) Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, Астанасын мақтан тұтуға, оны әрі қарай көркейтуге үлес қосуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: білім,білік, дағдыны тексеру
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, семантикалық карта
Көрнекілігі: Астана ғимараттарының суреттері, автобус суреті, Астана елтаңбасы мен туы, гүлдер, ұлы жеңіс ескерткіші.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Балалар біз бүгін Астанаға саяхат жасаймыз. Ол үшін бәріміз қолымыздағы қағаздарға аты жөнімізді жазып автобусқа саламыз.
Ал, балалар, сапарларың сәтті болсын!
Рахмет.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар, жолда не көрінеді?
Ескерткіш.
Дұрыс айтасыңдар, бұл біздің отанымызды қорғау үшін жанын қиған ата- бабаларымызға қойылған ескерткіш. Ендеше сәл аялдап, басымызды иіп, гүл қояйық.Гүл алу үшін біз сатушының тапсырмаларын орындауымыз керек.Сонда ғана сатушы бізге гүл береді.
( Әр гүлдің артында тапсырма жазылған.)
- Жеңіс күні қай күн?
- «Жеңіс күні» өлеңін жатқа айтып бер.
- Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
- Коньки сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар? Буынға бөл.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ал балалар орнымызға отырып болсақ, саяхатымызды жалғастырайық.
Балалар, Астана қаласына қызыққан ертегідегі Мыстан кемпір әдемі ғимараттарды ұрлап кетіпті. Ендеше, ғимараттарды қайтарайық.
Бәйтерек. Көркем жазу.
Аа Астана – арман қала.
«Мега-Астана» ойын сауық отауы
- Дауысты дыбыстарды ата.
- Дауыссыз дыбыстарды ата.
Ақорда.
1.Жұмбақтың шешуін тап.
Аппақ қардай тоны,
Күжірейген жоны.
Көзі қызыл моншақ,
Білесіңбе оны?
- Көп нүктенің орнына жұмбақтан жуан және жіңішке дауысты дыбысты сөздерді тауып жаз.
Қазақ елі
Бәйтерек, Астана, Шабыт сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Нұр – Астана
«Астанаға барғанда» өлеңін мәнерлеп оқы.
Соңғы шумақтағы сөздердің дауысты дыбыс әріптерін бір жолға, дауыссыз дыбыс әріптерін екінші жолға теріп жазыңдар.
Өлең мазмұнын түсіндіріп жіберу
Астана-Арена стадионы
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Бейбітшілік және келісім сарайы
Дұрыс ережені тап.
- Тіліміздегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.
- Дауысты дыбыстар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді.
- Дауыссыз дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді.
Хан – шатыры сауда, ойын-сауық орталығы
- Сөздерді буынға бөліп оқы.
Ата, дала, аю, елік, күрек, қою, алша, суық, қалта, кептер, иір, шегіртке, өшіргіш, құмырсқа.
- Дауысты дыбысқа аяқталған сөздерді бір бөлек, дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді бір бөлек жазыңдар.
«Қазақстан» орталық концерт залы
«Астана темір жол» вокзалы
Семантикалық карта
Дыбыстар | ю | я | ү | х | ф | ы | в | а | п | р | о | л | д | ж | э | б |
Дауысты | ||||||||||||||||
Дауыссыз |
ІV. Қорытынды.
Міне, балалар, сыныпқа да келдік.Шаршаған шығарсыңдар. Енді күн мен түн ойынын ойнайық.
Шарты: Балалар ұйықтап қалған кезде оқулықтары арасына Астана елтаңбасы мен туы суреттері жасырылады. Оқушылар тауып алып, артындағы әріптің қандай дыбыс екенін атайды.
Балалар, Астанаға барғанымызды , Астанадан көргендеріңді ата-аналарыңа айтып беріп,
алған суреттеріңді ата-аналарыңа сыйлаңдар.
- Бағалау.
Фишкамен сабақ үстінде бағалап отырамын.
VІ. Үйге тапсырма.
«Астанаға барғанда» өлеңін мәнерлеп оқу.