Мақсаты: Ұлттық өнерді қастерлеу,дәстүрді сақтау
-Киіз басу ежелден келе жатқан дәстүр, қазір дүниежүзі бойынша дамып келе жатқан өнер. Англияда аталған өнер суретшілерінің қауымдастығы бар, осы өнерді меңгерген әлемнің әр елінің мамандары жыл сайын бас қосып жаңалықтармен бөліседі. Ал қарапайым қазақи тәсіл ескіні жаңартуға жол ашады, осылайша жас ұрпақтың жадына ұлттық өнердің ұлы да ұзақ тарихын жаңғыртуға болады.
Киіздің көшпенділер арасындағы орны мен маңызы айрықша. Мәселен, хан сайлағанда алтын таққа емес, ақ киізге отырғызып, дәрежесін ұлықтаған. Абыз ақын, жырауларымыз бен би-шешендеріміз ақ шаңқан киіз үйде отырып әділдіктің туын желбіреткен. Бұл өнерді біршама дамытқан батыс елдері де төл өнерімізге әрқашан тәнтті болуда. Қоғам қанша дамыса, табиғаттан алынған табиғи өнімдерге деген сұраныс та сонша артады. Бұл бүгінгінің бұлжымас ақиқаты, оның өзіндік себептері де жоқ емес.
Халқымыздың күні бүгінге дейін үзілмей келе жатқан дәстүрлі қолөнер түрі – киіз басу. Киіз басу өнері сонау есте жоқ ерте замандардан келе жатқан өнер болса керек. Ертеде бабаларымыз киізді үйдің сыртына ұстау үшін ғана емес, оның ішін жабдықтау үшін де пайдаланған.
Дегенмен, киіз басу деген оңай орындала салатын іс емес. Машақаты көп. Күш пен шыдамдылықты талап ететін жұмыс. Әуелі киіз басуға кіріспес үшін үлкен дайындық жүргізіледі. Негізінен күзем жүн уақыты келгенде қойды суға тоғытып алып, жүні тазарған соң қырқады. Қырқылған жүн іріктеліп, сабауға жіберіледі. Ол үшін арнайы түзу талдан сабау дайындап аласыз. Жүнді сабау тек ұру дегенді білдірмейді. Оның да әдісі бар. Сабаумен жүнді қопсыта ұрғанда, шаң-тозаңнан айырып, ұйысқан жері жазылып, желкілдеп шыға келеді. Міне, сол кезде ол жүн киіз басуға дайын болады.
Азияның төл туындысы — киіз бұйымдары қазір Еуропада да кеңінен танымал. Мәселен, Германияда Халықаралық киіз академиясы бар. Бұның бір филиалы мал шаруашылығымен айналысатын Голландияда көрінеді. Академия Түркия, Қырғызстан және басқа да киіз басу дәстүрін жетік меңгерген елдерге танымдық мақсатта семинарлар ұйымдастырып, оқытумен айналысады.
Біздің қазақ халқының ұлттық технологиясын өзгелер үйреніп, қазір әлем нарығында киіз басуға арналған машиналар да шығып жатыр. Қорқыныштысы сол, жаһандану процесі қазақтың дәстүрлі технологиясын жалмап кету қаупі бар. Ал қолөнерге қызығушылықты арттыру — мәдени мұрамызды сақтап, қайта түлету мүмкіндігі. Ендеше бұл саланы дамыту үшін қолөнер шеберлерінің тыныс-тіршілігіне назар аударып, қолдауымыз қажет.
Жүннен жасалған бұйымдар, әсіресе, ревматизм, остеохондроз және радикулитпен ауыратын науқастарға ұсынылатын болған.
Ұлттық қолөнеріміздің баға жетпес байлығы-киіз үй-қолдануға ыңғайлы, тасымалдауға жеңіл, ұлан-байтақ даланың табиғаты мен тұрмысына бейімделген ерекше баспана. Маселен: салтанатымен таңқалдырған қазақтың киіз үйлері 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте болған үшінші конгресстің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылғаны тарихтан белгілі. Тіпті Кіші жүз ханы Жәңгірдің орыс патшасына сый ретінде тарту жасаған киіз үй мен оның жасау бұйымдарының Санкт-Петерборды тамсандырып, кейін оны неміс королінің қалап алғаны мәлім.
Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқынын өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ыкпал етуде. Қазір киім, бұйымдарда ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады
-Енді сіздерді Бапановтар отбасымен таныстырғым келеді.
Әлібай және Сәуле Бапановтардың жұмыстары елімізде ғана емес, шетелдерде де кеңінен танымал .Бапановтардың шығармаларындағы негізгі тақырып – жер-жаһандағы тіршілік.
Өнер иелері текемет пен гобелен техникасының көмегімен поэтикалық пейзаждар мен жанрлық композициялар, реалистік және фантастикалық натюрморттар жасаған. Олардың жұмыстарының бір ерекшелігі ежелгі текемет басу және жүннен гобелен жасау техникасын пайдалана отырып, заманауи киім үлгілерін жасауы. Шеберлер өз еңбектерінде қосылмайтын, үйлеспейтін заттарды: жүн мен жібекті қатар қолдануды жақсы көреді. Және олардың тер төгіп еңбектенуінің нәтижесінде бір-біріне ұқсамайтын, көз тартарлық бейнелер пайда болады. Жүн сияқты икемді материалмен көп жылғы шығармашылық жұмыс жасаған суретшілер оны жетік игерген соң, одан киім жасауға кіріседі. Жүн өңдеу техникасына оралу арқылы Бапановтар жүннен жасалған керемет киімдерді өмірге әкеле отырып, жүннің адам өміріндегі бұрынғы маңызын көрсете білді. Түрлі-түсті бояуларды пайдалана отырып киізден, ине-жіпсіз жасалынған киімдер арқылы Сәуле Бапанова қазіргі заманғы сән әлеміне өзіндік үлес қосты.
Жұмсақ та көнбіс табиғи материалға тіл бітіріп, қазақтың қара киізінің қасиетін танып, қолөнер әлеміне өз бет-бейнелерімен келген Әлібаймен Сәуле Бапановтардың көрмесін тамашалау ерекше қызықты және таң-қаларлық оқиға.
Бапанова Ая Алибайқызы, тігіссіз киізден салт-дәстүрді дәріптейтін киім үлгілерін жасайтын жас дизайнер,24 жастағы жас қыз шешесіне ұқсамай жастарға арнап киізден киімдер тігеді,биіктен көрініп журген жас талант иесі(интер активті тақтадан киімдер коллекциясын корсету).
—
Сонымен қатар киізден аяқ киім жасау жолын корсету мастер класс.
-«Нуно» — жапон тілінен аударғанда «мата» дегенді білдіреді. Ал «нуно-киіз» — мата мен киіздің үйлесімділікпен бірігуі. Мата бетіне жүн жұқалап жайылып, жақсылап басылады. Бұған шифон, органз, жібек түрі — креп-жоржет маталарын таңдаған жөн. Өйткені бұлардың үстіне жүн басқанда, жақсы бірігеді,—-слайд шоу-әр турлі киізден жасалған бас киім,шарф,сумка,аяқ киім,панно,ойыншықтар т.б улгі жұмыстарды көрсету.
Ойыншық кушік жасалу жолын мастер класс ретімен көрсету.
— Кейінгі ұрпаққа қалса, деп ойлайсың. Бір жұмыс қайталанбауы да мүмкін. Көңіл-күйіңізге байланысты. Өмір сияқты өнердің де ауысып отыратын кезеңдері болады. Өнер деген биік шың деп ойлаймын. Оған жететін де бар, жетпейтін де бар. Оған жету үшін көп еңбектену керек. Ол өнер адамы кеткеннен кейін ғана бағаланатын шығар деп ойлаймын.
— Алла тағаланың бойыма берген дарыны ма екен, табиғаттан, туған жеріңнен,ананың сүтімен берілетін сол сезімталдық деп ойлаймын. -Өнер менің өмірімде үлкен орын алады. Егер мен дүниеге екінші рет келсем де суретші болар едім. Себебі, менің жанымның қалауы да осы. Өмірімді осы қолөнерімсіз елестете алмайымн. Сондай-ақ мен сурет салып, шығармашылықпен айналысқанда жаным рахат алып, рухани байй түсемін. Сондай-ақ өмірім мен өнерім – қос қанатым секілді. Әр күні ұйқыдан оянғанда, ерекше екпінмен, жаңа туындыны дүниеге әкелу үшін оянғандай сезінемін.
Қорыта айтқанда,өнер жолы шексіз,өте биік шың…кез келген адам шыға алмайды,Қарапайым қазақ қызы болғаныма кішкене болса да,жаныңмен жүрегіңмен істеген жұмыстарым халыққа ұнаса сол қуантады.Ендігі мақсатымыз :Жас ұрпаққа осы заман талабына сай өзгеріп келген жүнмен жұмысты үйрету парызымыз.