Сөз таптары

eeАлматы облысы

Қарасай ауданы

Береке ауылы

Бастауыш сынып мұғалімі-

Шолпанкулова Айгуль Абыйровна

 «М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 Сабақтың тақырыбы: «Сөз таптары»

Сабақ мақсаты: 1.Оқушылардың  сөз таптары туралы білімдерін пысықтау.Бастауыш мектеппен орта буын арасындағы байланысты дамыту,үлкен сыныптарға сабақ беретін мұғалімдермен таныстырып,бейімделуге жол ашу.

2.Сын тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша оқушылардың сөз байлығын арттыру,сауатты жазу дағдыларын,ойлау қаблеттерін дамыту.

3.Оқушыларды Отан сүйгіштікке,бірлікке,әдептілікке,бір-бірімен сыйлққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,іздену,топтастыру,сайыстыру,әңгімелеу,бір-бірімен пікірлесе отырып,Ортақ шешім қабылдау.

Сабақтың көрнекіліктері:плакат,слайдтар,карточкалар,суреттер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.-Балалар,бір-біріңе қарап жымиыңдар,жайланып отарып,көздеріңді жұмыңдар.Менің айтқанымды іштеріңнен қайталандар.

Мен бақытты баламын,     Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.     Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адаға жодаймын.

Мен оқығым келеді!           Білім, алғыр болғым келеді.

ІІ.Мақсат қою кезеңі.  Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау.

-Балалар,бүгінгі сабағымыз сөз таптары тақырыбына арналады.

Мақсаты сөз таптары тақырыбын қайталау.Сондықтан білімдерімізді көрсетіп, сабаққа белсене қатыстыруымыз керек.

Сабақтың қағидаларын қайталау:

-Сабағымызды бастамас бұрын бірнеше қағидалармен (ережелермен)  танысайық.

-Басқаның пікірін сыйла

-Біреу сөйлегенде,оның сөзін бөлме.

-Басқаның пікіріне құлақ сал.

-Ойлағаныңды ортаға сал.

ІІІ.Үй жұмысын тексеру: 1)Қысқарған сөздер деген не?Карточкалармен жұмыс:ҚР,ТМД,АҚШ,БҰҰ,РФ. Т.б.

2)85-бет,70-жаттығу;өлеңнің ұйқасын табып,тапқан сөзіне қатысты әңгіме құрау.

ІV.Негізгі сабақ: 1)Ертегі – әңгіме

-Балалар,ерте, ерте,ертеде біз білмейтін шексіз үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті.Ол-ел-МОРФОЛОГИЯ елі деп аталыпты. Дүниедегі сөз біткеннің бәрі сол елде,кең сарайда тату-тәтті өмір  сүріпті.Бір күні  сөздер бір нәрсеге келісе алмай «сен ұзынсың,мен қысқамын,сен көпшілсің,көп мағна бересің,анаумен де мынаумен де тіркесесің, мен бір ғана мағына беремін,оқшау жүргенді ұнатамын-деп кең сарайға бастары симай айтысып жатады.Мұны естіген хан оларды жинап алып:Сендер,өз мағыналарыңа қарай,жауап беретін сұрақтарың қарай, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер,сосын әрқайсыңды жеке отау етіп, бөлек-бөлек үй қылып қоямын-дейді.  Сөйтіп сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай топқа бөлініп,оларға ат беріледі.

Осылайша морфология елі-СӨЗ ТАПТАРЫ еліне айналады.Олар былай аталыпты.                                                 Сөз таптары:

1.ЗАТ ЕСІМ.

2.САН ЕСІМ.

3.СЫН ЕСІМ.

4.ЕТІСТІК.

5.ЕСІМДІК.

  1. ҮСТЕУ.

7.ШЫЛАУ.

8.ОДАҒАЙ.

9.ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕР.

Енді балалар,осылардың ішінен біз қандай сөз таптарымен таныспыз?Осы сөз таптары бойынша топқа бөлініп әртүрлі жұмыстар жасаймыз.Зат есім тобы зат есім туралы ережелерді,Етістік тобы етістік туралы білгендерін,Сан есім тобы сан есім туралы.                                                                          Сөз таптары туралы білімдерін айтқызу  (кесте бойынша)

Оқушыларды бес топқа бөлу:                                                                                                                                         1-топ:Сөз таптары                                                                                                                                                            2-топ:Зат есім                                                                                                                                                                                          3-топ: Етістік                                                                                                                                                                       4-топ: Сын есім                                                                                                                                                               5-топ: Сан есім

2 ) Оқулықпен жұмыс:  1-жаттығудағы сөздерді оқытып,тұсындағы сұрақтарға жауап бер.Семантикалық кестемен жұмыс. :                                                                                                                                                                      

Сөз таптары Зат есім                                                                                                                                                                                           Етістік        Сын есім                                                                                                                                                                Сан есім
Тігінші
Өнер
Жарысады
Әдепті
Үш
Көкшіл
Ұя
Ұмтылды
Тәтті
Алатау
Көке
Озды
Тұнық
Жиырма бес

3).2-жаттығу. а) Жаңылпашты жатқа жазу

Үш үшік тыстадым

Үш үшкі ұштадым

Ә) Сөздік жұмыс: Ішік деген не? Оны қай кезде киеді? Қазір қай жыл мезгілі?  (Сурет көрсету) үскі деген не?   (Сурет көрсету)

Б) Бір-бірінін дәптерін тексеру

4) 3-жаттығу Мәтінді оқы, бастапқы бөлігін көшіріп жаз, сөз таптарына талда (сурет слайд)

«Борсық – Қазақстанда кең таралатын аң. Дене тұрқы 75 см-ден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі»

 

5) 4- жаттығу: Берілген зат есімдерді сын есім, сан есім, етістіктермен тіркестіріп жаз (карточкалар)

Тай, күн, аққу, тау, тауық, оқушы.

2) Әр сөзге сөйлем құрастыр:

 

6- жаттығу 1) Керісінше жұмбақ. Сөзжұмбаққа сұрақтар жаз. Ол үшін оқулық соңында берілген түсіндірме сөздікті басшылыққа ал.

 

 

Көлденеңнен                                          Тігінен

 

Ы

 

З

Ж  

А

Б А Ғ Ы
 

Қ

 

О

 

Р

 

Р
Ы
С Е Л Д І Р Е У

7).Тест жұмысы:(5-сынып қазақ тілі пәнінің мұғалімі оқушылардан тест алады).

8).Шығармашылық тапсырма:1.Отан туралы өз өлеңдерін айтқызу.

2.Отан туралы мақал-мәтелдер айтқызу.

 

V.Қорыту:-Бүгін «Сөз таптары туралы білімдерімізді пысықтадық».(слайд)

                                             СӨЗ      ТАПТАРЫ
ЗАТ ЕСІМ

Заттың атын білдіреді

СЫН ЕСІМ

Заттың сапасын,сынын білдіреді.

САН  ЕСІМ

Заттың санын білдіреді.

ЕТІСТІК

Заттың  қимылын білдіреді.

Кім? Не? Қандай ? қай? Қанша ?  Неше ? Не  істеді?  Не қылды ?
Кімдер ? Нелер? Нешінші ? Қайтті ?
Жалқы ,жалпы Негізгі,Туынды Дара,күрделі Дара, күрделі
Жекеше,көпше Реттік,есептік Болымды,болымсыз
Негізгі,туынды Негізгі,туынды

 

ҮІ. Бағалау: Оқушыларға берілген жұлдызшалар арқылы бағаланады.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 86 бет 5- жаттығу; жұмбақты оқып ,шешуін табу.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *