Изтелеуова Нурсауле Турысбековна
О.Жандосов атындағы
орта мектептің
физика пәнінен мұғалімі
Алматы облысы,
Қарасай ауданы
Жандосов ауылы
Сабақтың тақырыбы: Рационал өрнекті теңбе-тең түрлендіру
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Рационал, яғни алгебралық бөлшектерге амалдар қолдануды, рационал өрнекті түрлендіруге үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Рационал өрнектерді түрлендіру кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер:
- Түсіндірмелі-көрсетілімді (М.Н. Скаткин)
- Миға шабуыл
- Проблемалық әдіс
- Өз шешімдерін ұсыну, сұрақ-жауап және талдау, рефлексия
Сабақтың типі: Меңгерген білімдерін практикада қолдануға бағытталған дәстүрлі
сабақ
Пәнаралық байланыс: информатика, логика
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, карточкалар, белсенді тақта, слайдтар, бағалау парағы, сызбалар.
Оқушылардың біліміне және біліктілігіне қойылатын талаптар :
Нені білу керек:
- Алгебралық бөлшектердің қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін және бөліндісін қалай табу керектігін білу.
- Рационал өрнектерді қалай түрлендіруге болатынын үйрену.
Нені меңгеру керек:
- Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды, көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі жолдарын, топтау мен бөлшекті қысқарту тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын қолдана білу және амалдар тәртібін анықтай білу.
Сабақтын барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. «Қайталау – оқу анасы»
Бірінші бағанда қысқаша көбейту формулалары жазылған. Ал оқушылар бағанның сол жағында тұрған формулалардың дұрыс жауабын тауып, берілгеннің қасына магнит көмегімен жабысытырамыз(дұрыс жауап үшін оқушылар бағалау парақтарына мұғалімнің айтқан бағасын қояды).
Сәйкестік тест
- a2-b2= 1. a3-3a2b+3ab2-b3
- (a-b)2= 2. (a-b)(a+b)
- (a+b)2= 3. (a-b)(a2+ab+b2)
- (a-b)3= 4. a2-2ab+b2
- (a+b)3= 5. a3+3a2b+3ab2+b3
- a3-b3= 6. a2+2ab+b2
- a3+b3= 7. (a+b)(a2-ab+b2)
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруде қолданылатын тәсілдер:
- Рационал өрнектеді теңбе-тең түрлендіру тәсілдері:
1) Алгебралық бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру
2) Қысқаша көбейту формулаларын қолдану
3) Топтау тәсілін қолдану
4) Қысқарту тәсілі
5) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
ІV. Бекіту тапсырмасы ретінде есеп шығару үлгісі көрсетіліп, талданады.
Әрбір оқушыға жеке-жеке тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап, қасында отырған оқушымен алмасып, бір-бірін тексереді. Қателескен оқушы тақтаға шығып орындайды)
- Сабақты пысықтау
Рационал бөлшектерді қосу және азайту алгоритмі:
Рационал бөлшектерді қосу және азайту үшін, бөлшектердің негізгі қасиеттерінің бірі – алымын да, бөлімін де бірдей(мәні нөлден өзге) өрнекке көбейту арқылы бірнеше бөлшекті ортақ бөлімге келтіреді.
Рационал бөлшектерді көбейту алгоритмі:
Рационал бөлшектерді көбейту үшін, олардың алымдарының көбейтіндісін алымына, ал бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазу керек. Мүмкін болған жағдайда қысқартуды орындаймыз.
Рационал бөлшектерді бөлу алгоритмі:
Бір рационал бөлшекті екінші рационал бөлшекке бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшекке кері бөлшекке көбейту керек.
ХІ. 1. Оқулықтың 133-бетінде №573(1,2), №574(1,2), №575(1,2)
- Тест орындау(деңгейлік тест)
ХІІ. Бағалау