Ақмола облысы Аршалы ауданы №3 мектептің физика математика пәні мұғалімі Игиликова Гулбану Ерказыевна.
Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс.Ғарыш жетістіктері.К.Э.Циолковский еңбектері.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
типі: Аралас типтегі, кіріктірілген сабақ
әдіс тәсілдер: топтық әдіспен талдау, әр түрлі пәндерден жинақталған мәліметтерді пайдалана отырып, тиянақтау, бағалау.
көрнекіліктері: эл.оқулық, слайд, кинофильмдер.
Сабақтың мақсаты:
Білу: Реактивті қозғалыстың физикалық мәнін білу.
Түсіну: зымыранның қозғалысы реактивті қозғалысқа жататынын түсіну.
Қолдану: есептер шешу,әртүрлісұрақтарға жауап беру.
Талдау: тарихи,биологиялық,географиялық тұрғыда сипаттама беру.
Жинақтау: ғылыми тұрғыдан әртүрлі мәліметтерді жинақтау.
Бағалау: ғарыш жетістіктерінің бүгінгіжетістіктері мен маңызы.
Сабақтың барысы:
Жоспар:
- Үй жұмысын қайталауға арналған жазба диктант (5 мин).
- Топпен жұмыс.
- Жаңа тақырып бойынша түсініктемені толықтыру.
- Жұппен жұмыс.
- Жеке жұмыс.
- Бағалау.
- Рефлексия.
- Үй жұмысын пысықтауға «импульстің сақталу заңы» тарауынан оқушылар бір партада бірден отырып, физикалық терминдік диктант жазады.
- Сынып оқушылары 2-топқа бөлінді. Топтарға берілетін тапсырмалар:
“Зымыран” тобына
Реактивті қозғалыс.
Зымыранның құрлысы.
“Ғарышкер” тобына
Ғарыш жетістіктері.
Адамзат үшін ғарыштық болашақтың болжаушысы-Циолковский туралы. Екі топ кезекпен шығып дайындаған постерлерін тақтада қорғайды. Сергіту: (оқушыларға арналған тілек! ) Ұшқыр қиялды, алғыр білімді, талапты да ақылды болыңдар!
- Қосымша түсініктеме: Импульстің сақталу заңының түйінді мысалы- реактивті қазғалыс.
Реактивті қозғалыстың мысалдары: а) үрленген шар ауызы жіппен бекітілмегені.
ә) кальмар, сегізаяқ,медуза,теңізқұрт сияқты теңіз жәндіктерінің қозғалысы. Анықтама: Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады. Мұндағы : -зымыран қабығының жылдамдығы М-m-қабықтың массасы. атылып шыққан газ жылдамдығы. Сабақта мәлімет неғұрлым көп болса, солғұрлым білім қорымыз молая түседі. Сондықтан біліміміз бай, қорымыз мол болып жинақталу үшін бүгінгі тақырыпты терең түсінуге 4-пән мұғалімі демеушілік жасайды. а)Тарих пәні мұғалімінің хат қоржынынан:
Реактивті қозғалыс принципін пайдалана отырып, 20 ғасырда адамзат физика мен техника жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді және ғарышты игеру тарихына толық тоқтала келіп, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері –
Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевты қазақ халқы мақтан тұтады.
«Байқоңыр» сияқты ғарыш айлағы бар «Қазақстан- әлемдегі ең саналы ғарыштық мемлекет» тарихи сипаттама беруге болады. Байқоңыр каласы –ғарыш кіндігі деп аталады. Біздің заманымызға сипаттама берсек-«Космос» дәуірі деп аталады.
Алғаш ұшқан ғарышкер Гагаринде қазақ жерінен,Байқоңырдан аттанды. Адамзаттың ғарыштық көзқарасы қай кезде басталғанын ешкім толық білмейді, бірақ, бәрімізге белгілісі-ежелгі Қытайда және Вавилонда Күн және Ай тұтылуларының алғаш периодын зерттеген.Ежелгі Грецияда Зенон Күн мен Айдың тұтылу табиғатын түсіндіріп,Фалос тұтылуды алдын-ала болжай білген екен.
Ежелгі грек ғалымы Анаксагор «аспан тасы» метеорит құлайтын күнді алдын ала білген. Оған біреу мынадай сұрақ қойыпты «Не үшін дүниеге келдіңіз?»,
сонда ол-«Айды, аспанды бақылау үшін»-деген екен.Соған қарағанда осы замандардан-ақ адамдарда қызығушылық пайда болған.
Өз ғасырының озығы-Бруно мен Коперник те өз пікірлерлерін қорғау жолында өртке бастарын тікті.
XIX ғасырда қазақ данышпаны -Ш.Уалиханов халқының ғарыштық зерттеулерінің іздерін жинақтап, жазып ұрпақтарына қалдырды.Ұлы ғұламалар-Ұлықбек, Коперник, Галилей жұмыстары арқылы орыс ғалымы К.Э. Циолковский адамзат үшін ғарыштық болашақтың болжаушысы деп аталған.
Тарихи даталар:
1957ж 4 қазанда- ЖЖС ұшырылды.Жер серігімен Лайка атты ит ұшырылды.
1961ж. 12 сәуірдетұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин 27 жасында ұшты.Ол 108 минут немесе 9 сағ 7 минут ұшты.
1963ж. 16 шілдеде әйел ғарышкер В.Терешкова ұшты.
1991ж. 2 сәуірде тұңғыш Қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ұшып, Арал теңізі аймағы бойынша жұмыстар жүргізіп келді,Қазақстанның 4 бұрышын түгелдей суретке түсіріп келді.
1994ж Т.Мұсабаев 135 тәулік бойы ұшты.
1998ж тағыды ұшып 7 ай жүріп келді.Ол 7 рет ашық космосқа шықты.
Циолковский Константин Эдуардович
Ресей, Рязань губерниясы, Ижевское ауылында туған.
Қазіргізаманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған ғалым. Жас кезінде ауыр науқастанып, есту қабілетінен мүлдем айрылған.
ә) Жаратылыстану пәні мұғалімінің хат қоржынынан: «Ғарышты зерттеу»
Поляк жазушысы Станислав Лемнің айтуы бойынша адамдар ғарыштық кеңістік,
ондағы жұлдыздарды зерттеуге көбірек қызыққан.
Ғарыштық кеңістікті арнайы құралдар болмаса көзбен зерттеу мүмкін емес.
Оған 17 ғасырда телескоптың пайда болуынан кейін мүмкіншілік туды. Алғашқы үлкейткішті Галилейо Галилей 1609 ж. ойлап шығарды. Ол өз жұмысын Айды бақылаудан бастады.
Ғарышты игеру үшін ғарыштық телескоптар –ғарыштық кеңістікте орналастырылады, себебі жер атмосферасы ғарыштық денелерді бақылауға кедергі жасамайды. Ғарышкерлер ашық космосқа шығыпта жұмыс істей бастады,олар барлық керекті құрал саймандарын ұшып кетпеуі үшін белдікке байлап қояды. Жер серігі –Ай бетіне астронавтар 6 рет қонған. Алғаш айналып ұшып жүріп қоршаған ортасы мен топырағын суретке түсірді, сонымен бірге кеме қонатын қолайлы орын таңдады.1969ж.21 шілдеде Нил Армстронг пен Эдвин Олдрин алғаш болып Ай бетіндегі «Тыныштық» теңізіне арнайы кемемен келіп қонды.
3-ші астронавт Майкл Коллинз «Аполлон-11» кемесінде қалған болатын. Кеме кабинасынан Армстронг: «Мынау адам үшін кішкентай ғана қадам басу, ал адамзат үшін оның болашағы зор» деген сөзін жердегілер естіді.Олар Жерге Айдың топырағын,тасын алып келді. Болашақта адамдар Айды толық зерттеп,тұрақты база құруды ойластыруда.Ол жақта ауысып жұмыс істейтін экипаж болады.
Б) Биология пәні мұғалімінің хат қоржынынан»
Ғарышкер болу мықты денсаулықты қажет етеді.Ол үшін үміттенушінің денсаулығында ешқандай ақау болмауы керек.Олар бірнеше жылдар бойы медициналық көріктерден өтіп, әрбір ай сайын дәрігер мамандардың бақылауында болады.Қан қысымы, жүрек жұмысы, ас қорыту органдарында ешқандай кінәрет болмауы керек.Оларды арнайы орындарда дайындайды. Мысалы, Айда және зымыран ішінде салмақсыздық күйде адам тіршілік етуге бейімделу үшін Жерде ғарышкерлерге арналған ғылыми зерттеу институттарында арнайы бөлмелерде олардың организмін жұмыс істеуге үйретеді. Зымыранмен ұшқаннан кейін олар сол жақта бірнеше тәулік бойы кейде бірнеше айлар бойы жұмыс жасағанда көптеген азық – түлік қорын Жерден өзімен бірге алып кетеді.Сонда ол тағамдары арнайы сықпалы паста сияқты тюбиктерде сақталады және тез бұзылып кетпейтін ұзақ мерзімге жарамды болуы керек. Сол тағамдардың құрамындағы азық-түлік рационын жасағанда арнайы мамандар дайындайды.Тағамдар сорпа, 2-ші мәзірге берілетін тағамдар жалпы қандай тамақ түрін дайындаса да ,оның құрамындағы нәруыздар ғарышкерге ауырлық келтірмейтіндей етіп,витаминдерін жеткілікті түрде, қажеттілікке сай, ұзақ қорытылмай қалатын тағам емес,калориясын есептеп,ғарышкер өзін жайсыз сезінбейтіндей түрде дайындап береді.Жалпы айтқанда, олар жақсы жұмыс істеу үшін тағамдарына арнайы көңіл бөліп,аса мұқияттылықпен жасайды.Ғалымдар алдымен өздері ұшпай тұрып басқа тіршілік иелерін Айға ұшырып сынап көрді. Мысалы, ит-Лайка,басқада бірнеше жануарларлар. Адамзат толық көзі жеткен соң ғана ұша бастады. Жерге қонғаннан кейін де мамандар ғарышкелердің денсаулығы сол Жердегі күйге бейімделуі үшін көп тер төгіп жұмыс жасайды,яғни олар салмақсыз күйге бейімделіп қалғаннан кейін бірден Жерге жүргізбей ақырындап бейімдей бастайды. Химия саласына келетін болсақ,зымыранға отын ретінде уран және сондай қасиеті бар энергиясы өте жоғары радиоактивті элементтерді пайдаланады. Уран кестеде 92 орында лантаноидтар қатарындағы элемент.
“Көршіңмен қалайсың?”
- Жұппен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс:( оқулықтағы жаттығуларды 2-оқушыдан бірігіп орындайды.)
1) 20ж(1) есеп.
2) 20(2)есеп.
3) 20(5) есеп.
4) 20(4) есеп.
5) 20(3) есеп.
6) 19(4) есеп.
7) 19(3)есеп. (14-оқушыға арналған тапсырма)
5) Жеке жұмыс: «Ғажайып үй тік» (Мұнда оқушылар дұрыс жауап берсе,сұрақ алдындағы ұпайды өздеріне жинайды)
- 10- Қазақ ғарышкерлері?
- 10- Ғарышқа алғашқы қадам жасау идеясын ұсынған ғалым?
- 10- Энергияның түрлері.
- 10- Тұңғыш ғарышкер кім?
- 20- Импультің түлері?
- 20- Циолковский идеяларын жүзеге асырған ғалым конструктор?
- 20- Тұңғыш ЖЖС қашан ұшырылды?
- 20- потенциалдық энергия
- 20-кинетикалық энергия
- 30- Зымыраннан басқа қандай денелер реактивті қозғалыс жасайды?
- 30- Зымыран қанша бөліктен тұрады?
- 30- Реактивті қозғалыс деген не?
- 30-Импульстің сақталу заңының формуласы?
- 30-Энергияның сақталу заңы?
(Әр оқушы өзіне шамасы келгенше сұрақ таңдап алып жауап береді )
Сабақ соңында оқушылар «Ақылдың 6 қалпағымен» сабаққа талдау жасады.
Ақылдың 6 қалпағы әдісімен бағалау:
1.Ақ қалпақ: Белгілі және қажетті ақпаратқа назар аударады
2. Сары қалпақ: Айқындылықпен өмірге сенімділікпен қарау, идеяның жағымды жақтарын зерделеу, жетістіктермен жақсылықтарды іздеу.
3. Қара қалпақ: Бұл шайтанның қорғаушысы, кейбір нәрселер дұрыс істемейтінін бағалау.
4.Қызыл қалпақ: Сезімді, болжамды, ішкі түйсікті білдіреді
5.Жасыл қалпақ: Жаңа идеяларға бағытталады.
6.Көк қалпақ: Барлық 6 қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқанына кепілдік береді. (2-топқа 3-қалпақтан бөліп беріледі.Сол қалпақтың образына еніп, сол қалпақтың көзімен сабақта болған оқиғаларға талдау жасайды.) Сабақ қорытындылау. Рефлексия.Кері байланыс. Мен бұрыннан білемін- Мен бүгін білдім- Мен келесі сабақта білгім келеді-