Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Зат есімді пысықтау

Зат есімді пысықтау

Карлыгаш Дукенбаева

Сабақтың  тақырыбы:  Зат есімді пысықтау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Зат есімнен алған білімдерін пысықтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Сауатты таза жазуға дағдыландыру.
  2. Дамытушылығы :Тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
  3. Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдаққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Үлестірмелі суреттер, үлестірмелер, плакат, маркер, т.б.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, «Көрнекілік», « Топтастыру», «Бес жол өлең», «Галереяны аралау» стратегиялары.

Сабақтың  жүрісі:

  1. Ұйымдастыру.

Оқушыларды берілген саны бойынша нөмірлеп, төрт топқа бөліп отырғыздым.      

  1. Қызығушылығын ояту.

«Ой қозғау»

Білесіндер Кім? Не? Деген сұрағым сөйлемдегі ой иесі боламын.

Не істейді? Сұрағымен көркейемін, толамын.

Жұмбақты оқушылар (зат есім) деп шешеді де, мына сұрақтарға жауап береді.

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
  • Зат есімге мысал келтір.
  1. Мағынаны түсіну.

а) (әр топ берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар жазып оқуы керек).

1- топ: Кім? (әнші, ақын, дәрігер, оқушы……)

2-топ:  Кімдер?  (балалар, күйшілер, малшылар…..)

3-топ:  Не? ( ауыл, кітап, қоян, шелек….)

4-топ Нелер? (дәптерлер, бақалар……)

ә) «Суреттегі билет» ойыны арқылы. (әр топтың оқушыларына сурет беріледі, оған сұрақ қойып атын айтады. Топтағы окушылар ақылдаса отырып, қалаған бір суретке шағын әңгіме жазады.)

Оқулықпен жұмыс. «Ой толғаныс».

1-топ: 275 — жаттығу.

2-топ: 276 — жаттығу.

3-топ: 277- жаттығу.

4-топ:278 – жатығу.

Тест ( саулнамалық) жұмыс: (4 топқа үлестірмелер беріліп орындалады.)

       «Бес жол өлең» стратегиясы.

1-топ: мысық

2-топ: әже

3-топ: кітап

4-топ: ата

       «Көрнекілік» стратегиясы. ( әр топ плақатқа зат есімге байланысты сурет салады да, бір оқушы өз тобының суретін қорғап айтып шығалды.)

«Галереяны аралау» стратегиясы. ( тақтаға ілінген суретті аралып қарап, оқушылар өз пікірлерін жазады)

Жұмбақ шешу. «Ой толғау». (әр топтан оқушы жұмбақ  айтады да, келесі топ оны шешіп, сөйлем ойлап айтады.)

 

 

  1. Ой толғау.

Біз бүгін не үйрендік?

Зат есім туралы не білгенінді айт?

Зат есімге мысал келтір.

Үйге тапсырма: Ережені білу. 379- жаттығу. Зат есімді тауып астын сызу.

Бағалау: Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, бағалаймын.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *