Ақмырзаева Гүлнар Мылтықбайқызы- математика пәнінің мқғалімі
Қаскелең қаласы, А.С.Пушкин атындағы орта мектеп
Тақырып:Рационал бөлшектерді қосу және азайтуға есеп шығару Білімділік:Рационал бөлшектерге қосу және азайту қолдануды, рационал өрнекті түрлендіруге үйрету;
Дамытушылық: Рационал өрнектерді түрлендіру кезінде алған теориялық білімін дағдысын қалыптастыру; Тәрбиелік: Дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Көрнекті құралдар: кестелер, суреттер, топшамалар
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп – саралап оқыту.
Сабақтың түрі: Теория, практика Әдіс-тәсіл, құралдары: Проблемалы-іздендіру Сабақты ұйымдастыру: жұппен жұмыс Өзекті мәселе: күрделі сөйлеммен ой жеткізу қабілетін өзектендіру Сабақтың барысы: І Мотивациялық кезең: Оқушының қызығушылығын жұптық жұмыс арқылы арттыру.
Сабақ кезеңі | Уақ | ОӘ: | Сабақтың барысы: |
І.Ұйымдастыру бөлімі | 2 | Сөздік |
|
2 | Көрнекілік | Сабақтың мақсатымен таныстыру:Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау. Сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, бір оқушы топ басшысы болып тағайындалады. | |
ІІ. Үй тапсырма сын тексеру: | 8 | Топпен | Үй тапсырманы тексеріп. Дұрыстап.Бағалау. №514-516; Егер оқушылардың сұрақтары болса,дұрыс шығару жолымен есептерді көрсету. |
қайталау сұрақтары | 3 | Ой шақыру
|
Проблемалық сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау. Тақырыпты меңгеруге кажетті — бұрын өтілген материалды еске түсіру. Жалпыға ортақ сұрақ қойылады. — Жай бөлшектердің қосу және азайту ережесін еске түсірейік: Оқушылар өз ойларын айтады…. Дәптерге сабақтың тақырыбы жазылады. |
Жаттығу сабағы
|
15 | Деңгейлік тапсырманы орындау
|
Рационал бөлшектерге қосу және азайту үшін алгоритмді қайталайық, яғни алған білімдеріңді жинақтап, орынды қолдануды, тиімді тәсілмен шешуде қолданайық.Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды, көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі жолдарын, топтау мен бөлшекті қысқарту тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын қолдана білу және амалдар тәртібін анықтай білу. Әр топқа тапсырмалар беріледі, Топтың мүшелері тапсырманы орындап, бір — бірін тексереді. «А» деңгейінің есептер №518 «В» деңгейіндегі есептер №519 «С» деңгейіндегі есептер №520 Топ тұжырым жасап, топ басшысы қорғайды. |
Рефлексия | 1 | Алмаларға жазып жапыстырады. | Табыс» ағашын отырғызайық. Ағаш діні жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл жилек –сыныбымыздағы көңіл-күй, ал ағаштың жемістері-сіздердің білімдеріңіз Жасыл алма: Тақырыпты меңгердім. Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз. Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым. |
Бағалау: | 1 | топтардың лидерін тыңдайық | Топтың лидері өз бағалау парығы бойынша бағаларын айтады |
Үйге тапсырма: | 2 | Күнделіктерін толтырады, бағаға әкеледі | №521, №522, тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындап әкелу |
Ақмырзаева Гүлнар Мылтықбайқызы- математика пәнінің мқғалімі
Қаскелең қаласы, А.С.Пушкин атындағы орта мектеп
Реті №46 Мерзімі Сынып: 7а Пәні —геометрия Тексерілді Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элементтерінің
қасиеттері. Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын білу. Шеңбер мен түзудің өзара орналасу жағдайларын білу. Хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін түсіндіріп, меңгерту.
тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, ұқыптылыққа, өздігінен білім алуға тәрбиелеу
дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тіл байлығын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: тренинг сабақ
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, трек-схемалар. Цифрограмма
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ақпараттық, практикалық
Жаңа технология: дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру.
Сабақ мақсатымен таныстыру
ІІ. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау
- Үшбұрыш туралы не білеміз?
- Үшбұрыштар туралы тірек — схема бойынша сөйлеу
- Үшбұрыш түрлерінің анықтамаларын тұжырымдау
- «Шеңбер» сөзжұмбағын шешу
Сұрақтары:
- бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш)
- екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі)
- барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы)
- бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
- үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын
кесінді? (медиана)
- бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
Ш | ||||||||||||||||
Е | ||||||||||||||||
Ң | ||||||||||||||||
Б | ||||||||||||||||
Е | ||||||||||||||||
Р |
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын, шеңбер мен түзудің өзара орналасуын, хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін электрондық оқулық арқылы түсіндіріп, меңгерту.
ІV. Бекіту сұрақтары
1) Шеңбер элементтері: центр, радиус, диаметр, хорда, доға, жанама
2) Шеңбер мен түзудің орналасуы
- һ> r
- h < r
- h = r
- Практикалық жұмыс.
- Шеңбер сызыңдар.
- Шеңбердің центрін белгілеңдер.
- Шеңбердің радиусын өлшеп тауып, жазып қойыңдар.
- Шеңбердің бойынан екі нүкте алып оларды А және В деп белгілеңдер.
- А және В нүктелері шеңберді неше бөлікке бөледі
- Доғаларды атап жазып қойыңдар
- АВ хордасын жүргізіңдер
- Шеңбердің В нүктесі арқылы өтетін диаметрін салып, СВ деп белгілеңдер
- В нүктесі арқылы шеңберге ВК жанамасын жүргізіңдер
10.АВ диаметрі мен В нүктесі арқылы өтетін ВК жанамасының өзара
перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер.
№1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы
мүмкін бе?
( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес)
№2. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге
бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.
№3. АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см,
АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?
VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма: 8.1; 8.2; 8.3; № 25 есеп