Уалиева Аймангүл Серікқажықызы.
Сарыарқа қазақ жалпы орта білім беру мектебі.
Шығыс Қазақстан облысы.
Аякөз ауданы.
Сарыарқа ауылы.
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақ қорытындысын өздері бағалау.
Сабақтың мақсаты:
- Өткізгіштерді тізбектеп және параллель жалғаудың практикада қолданылуын білу. Электрлік шамалардың әртүрлі қосуда неге тең екендігін ұғындыру.
- Дамыту. Оқушының нақты және жүйелі ойлау қабілетін, өзін- өзі жетілдіруін, өзін- өзі бағалауын және сабаққа деген ынтасын дамыту.
- Тәрбиелік мәні: Оқушылардың жауапкершілігін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: тірек сызба әдісін қолдану.
Керекті материалдар: графопроектор, док. Камера, компьютер, электронды оқулық, түрлі- түсті кесте, электр құралдары.
Сабақтың жоспары:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивация (қозғаушы күш) 3 минут.
Оқушыларға өтілген тақырыптар мен жаңа сабақтың неліктен маңызды екендігіне тоқталу. Ол үшін тұрмыста, практикада, техникада кездесетін жерлеріне мысалдар келтіру.
II Өтілген тақырыпты қайталау. 7 минут
- Электр тогын қандай жерлерде пайдаланамыз? ( завод, фабрика, үйде, т.б.)
- Электр тогы дегеніміз не?
- Электр тогы болу үшін өткізгіш ішіне не туғызу керек?
- Өткізгіште электр өрісін тудыратын және ұзақ уақыт болуын қамтамасыз ететін не?
- Қандай ток көздерін білеміз?
- Ток көздерінде неше плюс болады және олар қалай аталады?
- Ток көзінің схемалық белгісі қандай?
- Электр шамының схемалық белгісі қандай?
- Электр кедергісінің схемалық белгісі қандай?
- Реостаттың схемалық белгісі қандай?
- Электр қоңырауының схемалық белгісі қандай?
- Электр ажыратқыш немесе кілттің схемалық белгісі қандай?
- Электр тогының әсерлері қандай?
- Электр кернеуі дегеніміз не?
- Ток күші дегеніміз не?
- Өткізгіш кедергісі қандай шамаларға тәуелді?
- Асқын өткізгішті қай елдің ғалымы ашты?
- Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
- Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?
- Кедергінің шартты белгісі қандай?
III Білімдерін актуализациялау. 10 минут (Тәжірибелер жасау.)
IV Жаңа тақырыпқа көшу.
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау практикада қолданылады.
Балалар, сендер өздерің күнделікті тұрмыста өткізгіштердің тізбектей және параллель қосылуын байқадыңдар ма?
- Мысалы, шыршаға ілетін шамшырақ оны бәрің білесіңдер, егер оның бір бөлігінде ақау болса, қалған бөлігі қайтер еді?
- Жанбаған болар еді.
- Алдарымызда тұрған екі резисторды бір- біріне, яғни бір өткізгіштің басына екінші өткізгіштің ұшын қосып тізбектегі ток күшін өлшейміз.
A |
- Әр өткізгіштің бойынан бірдей ток өтеді, себебі ток тармақталмайды, яғни
А,В нүктелерінде ток күші бірдей;
— енді вольтметрді тікелей қосу арқылы
A жеке- жеке резистордағы кернеуді өлшеп,
оны ток күшінің жалпы кернеуімен салыстыра-
B мыз. Кернеу әр бөлігінде әр түрлі.
U неше вольт, U неше вольт, екеуін қоссақ, жалпы кернеу шығады. Ендеше U= .
- Ал R- өткізгіштің жеке қасиеттерін сипаттайды, тізбектеп жалғауда өткізгіштің ұзындығын арттырамыз, сонда тең.
- Параллель қосылудың ерекшелігі, өткізгіш ұштары мен шеттері бір нүктеге жинақталады.
ұзындығын келтіреміз.
- Күнделікті өмірде өткізгіштерді жалғаудың қай түрі тиімді?
- Неге олай дейміз?
V Алгоритм бойынша жаңа сабақты меңгеру.
Электр тогы
|
Ток күші |
Кернеу |
Кедергі |
I |
U |
R |
1A |
1B |
1 Ом |
параллель |
тізбектей |
- Өткізгіштік жалғаудың қандай түрлері бар?
- Тізбектей жалғауда қай шама тұрады?
- Тізбектеп жалғауда кернеу неге тең?
- Тізбектеп жалғауда кедергі неге тең?
- Параллель жалғауда қай шама тұрақты?
- Параллель жалғауда ток күші неге тең?
- Параллель жалғауда кедергі неге тең?
VI Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындау. 10 минут
Карточка №1
- Ток көзінің схемалық белгісі қандай?
- Электр шамының схемалық белгісі қандай?
- Электр кедергінің схемалық белгісі қандай?
- Реостаттың схемалық белгісі қандай?
- Электр қоңырауының схемалық белгісі қандай?
- Электр ажыратқыш немесе кілттің схемалық белгісі қандай?
- Электр тогының әсерлері қандай?
Карточка №2
- Электр кернеуі дегеніміз не?
- Ток күші дегеніміз не?
- Өткізгіш кедергісі қандай шамаларға тәуелді?
- Асқын өткізгішті қай елдің ғалымы ашты?
- Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
- Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?
- Кедергінің шартты белгісі.
VII Жұмыстың орындалуына байланысты әр оқушы мониторингісін сызу. 5 минут
VIII Қорытындылау. Үйге тапсырма 5 минут.
IX Рефлекция. 5 минут. Сабақ бойынша қорытынды жасау.