«Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы
орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
физика пәнінің мұғалімі
Ахмадиева Жазира Берденқызы
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш әлемінің білгірі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың пәнге қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, тірек білімдерін бекіту,өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау;
2.Оқушылардың алған білімдерін қолдана отырып, жұмыс жасай білу дағдыларын, шығармашылық шеберліктерін дамыту.
3.Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өз ойларын жеткізу білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс сабақ
Өтілу әдісі: Ойын-байқау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, ғарыш туралы суреттер.
Пәнаралық байланыс: Астрономия, қазақ тілі, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
«Жасында байқары жоқтың, жасы жеткенде айтары жоқ» Нақыл сөз
Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Анықтама
Сабақта екі топқа бөлініп, ғарыш туралы қызықты деректермен ғарышкер болу үшін не істеу керек екенін бір-біріне түсіндіреді, есептер шығару арқылы жарысады.
ІІІ.Мұғалім сөзі
Бүгінгі сабағымыз өз білімімізді қолдана отырып, пайдалы іске жұмсайық Адамзат ғарышқа самғап аспан әлемінің сан алуан сырларына үңілуге талпынған заманда, бізде кішкене болса да өз үлесімізді қосайық.
Мен сабағымызды К. Э. Циолковскийдің мына сөзімен жалғағым келеді « Мен адамға өзіңе сен деймін ! Сенің қолыңнан бәрі келеді! Сен тылсым дүниенің бар сырын танып, табиғат байлығының қожасы бола аласың. Сен қырансың, ұша аласың. Самғай бер! Ұша біл! Сен бақытты, қуатты әрі еркін боласың…»
Сонымен, ғарышкер болғыларың келеме?
Ғарыш әлемінің сырын ашуға қызығасыңдарма?
ІV. « Білгенге маржан » бөлімі
Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.
- Айтыңдаршы, ғарышкер болу үшін химияны білу міндет пе ?
Жауабы:
Қызықты нәрсе сұрадың,
Жауапсыз қалмас сұрағың.
Химиялық жолмен табасың,
Сен ашқан заттың құрамын.
- Ал, сендер айтыңдаршы физика пәні керек пе ?
Жауабы:
Ұшу үшінде мен көкке,
Физика дейсің керек пе ?
Игеруде ғарыш кемесін,
Физика келер көмекке.
- Ал, жарайды түсінікті, математика пәні ше ?
Жауабы:
Сөзімді менің сен ұғын,
Математика зор ғылым.
Есептеп барып құрайсың,
Бағдарыңның барлығын.
- Жақсы бізде түсіндік, ал осы дене шынықтыру пәні керек пе ?
Жауабы:
Құрыштай етіп қатырып,
Сау ұстау керек денені.
Жерде, мейлі ғарышта,
Денсаулық болар керегі
Жақсы, балалар біз сонымен ұққанымыз барлық пәнді жақсы оқу керек екенін түсіндік. Сонда ғана ғарыштың сырын аша аламыз.
- « Қызықты деректер » бөлімі
Бұл бөлімде ертерек берілген тапсырма бойынша деректер жинау керек және бір-біріне әңгімелейді.
- Күн жүйесінде ең кішкентай планета – Плутон, ең үлкені – Юпитер. Күн жүйесіндегі барлық планеталар Юпитердің ішіне сиып кетеді.
- Космостық корабль 10 минут ішінде 1 млн. кв. жер бетін суретке түсіре алады екен, осы аумақты ұшақпен 4 жылда түсіруге болады, ал, географтарға 80 жыл қажет екен.
- Автомобильмен орташа жылдамдық 60 км/сағ. жүрген болсақ, күннен кейінгі ең жақын жұлдыз Центаврге 48 миллион жыл кетеді екен.
- Күннің 19 % энергиясы атмосферада жұтылады, 47 % жерге түседі, ал, 34 % Ғарышқа қайтады екен.
- Толық күн тұтылу 7,5 мин аспау керек екен,ал толықтай ай тұтылу 104 мин болады екен
- Ай бетінің жоғарғы температурасы 117 0 С, ал ең төменгі температурасы
-1640 С құрайды.
- Айдағы ең биік таудың биіктігі 11500 м. Ал Марста 20-25 километрді құрайды.
- Ең ыстық планета – Шолпан күндіз + 3000 барады.
- Тәулік сайын жерге 200 мың метеориттер құлайды екен.
- Жер шамамен 600 триллион тонна салмақ тартады.
- Ай жерден 80 есе жеңіл.
- Күніне 27 тонна космостан шаң жерге қонады екен, сонда жылына 10000 тоннадан артық шаң жиналады.
- Күн бетінің почта маркасындай ғана ауданынан 1 500 000 май шам жанғандай энергия бөлінеді екен.
- Жер ғаламшарында салмағы 70 келі болатын адам Меркурийде небәрі 19 келі ғана салмақ тартады, ал, Шолпанда – 63 келі, Марста – 20,5 келі, Юпитердің
( полюсінде ) – 202, Сатурн ( полюсінде ) – 92, Нептун мен Уранда – 64, Айда — 11,4 келі болады екен.
- «Кім жылдам» бөлімі
Мұнда есептер шығарып жарысады.
Мысалы: Күннің сәулесі қанша уақытта жер бетіне түседі?
VІ. « Бес жолды өлең» ( синквейн )
Ғарышкерге байланысты бір шумақ өлең құрастыру.
Зат есім: Ғарышкер
Сын есім: батырсың, төзімдісің, білімдісің
Етістік: ұшасың, зерттейсің,сүйесің
Сөз тіркесі: Ғарышқа мәңгі жол ашқан
Синоним: Адам
VІІ. «Жұлдыздар сыры» бөлімі
Бұл бөлімде «Жетіқарақшы», «Үркер», «Темірқазық», «Таразы» «Ақбозат, Көкбозат» жұлдыздар туралы ертедегі аңыздардан үзінді айтылады.
Мысалы, «Ақбозат, Көкбозат» күзетшісі бар және «Темірқазыққа» байланған арқандаулы жылқылар «Жетіқарақшы» оларды түні бойы аңдып, соңдарынын қалмай жүрген ұрылыр,. Бірақ Күн — «күзетші» шыға келеді де оларды қуып тастайды алайда ұрылар түн жамыла қайта «іске» кіріседі.
VІІІ. Қорытынды бөлімі
Жеңген топты анықтау, жеңгендер қол ұстасып тұрып, бір-біріне жақсы сөздер айтады. Мысалы, сен қандай білімдісің, сұлусың, ғарышқа ұшуға дайынсың ба?