Сергазина Б.К.,химия және биология пән мұғалімі,
Таврия орта мектебі,ШҚО,Ұлан ауданы, Таврия ауылы.
АС ҚОРЫТУ ЖУЙЕСІ. АСҚАЗАН- ІШЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Мақсаты:
Білімділік: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білімдерін қорытындылау.
Дамытушылық:Талдау,салыстыру,қорытындылау,ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Санитарлық гигиеналық әдепке тәрбиелеу. Саламатты өмір салтын қалыптастыру.
Типі: бекіту сабағы
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: кубизм,топтастыру,инсерт.
Пәнаралық байланысы: медицина.
Көрнекілігі: электрондық оқулық, слайдтар жинағы,кестелер, дидактикалық үлестірмелер, жетондар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, топқа бөлу сабақтың жоспарымен таныстыру.
ІІ. Сабақтың барысы:
1.Кубизм әдісі.
2.Топтастыру әдісі.
- Инсерт әдісі.
- 5 жолды өлең.
5.Танымдық сұрақтар
1Кубизм әдісі.
1.Зерттеңіз. | -асқорыту жүйесінің құрылысы.(I топ)
-ауыз қуысының құрылысы.(II топ) |
2.Салыстырыңыз | -аш ішектің маңызы (I топ)
-тоқ ішектің маңызы (II топ) |
3.Суреттеңіз | -асқазан (I топ)
-бауыр (II топ) |
I.Қызығушылықты ояту сатысы.
Тапсырма:
«Ас адамның арқауы»
2.Топтастыру әдісі
II Мағынаны ажырату сатысы.
3.Инсерт әдісі немесе түртіп алу әдісі.
«V» білемін | «+» жаңа мәлімет | «-» білмеймін | «?» сұрақ туды |
|
III.Ой толғаныс сатысы.
Cинквейн. 5 жолды өлең.
1.Зат есім-кім? не? 1 сөз.
2.Сын есім-қандай? 2 сөз.
3.Етістік неғылды?не істеді? 3 сөз.
4.Тақырыпты ашатын сөз тіркесі немесе сөйлем. 4 сөз.
5.Тақырыптың синонимі.(баламасы)
Жауабы:
1.Ас
2.Құрылыстық,энергиялық.
3.Жиналады,пайдаланады,ыдыратады.
- Ағза үшін энергия көзі.
5.Тағам.
Танымдық сұрақтар.
- Ас қорыту жолының ұзындығы
- Қоректі зат құрамына қандай органикалық зат кіреді?
- Аш ішектің ұзындығы қандай?
- Ұлтабарға қандай без өзектері ашылады?
- Ас қорытудағы ең үлкен без?
- Асқазанда ас неше сағат болады?
- Сілекей безі қызметін зерттеген ғалым?
- Бір тәулікте адамға қанша көмірсу қажет?
- Қауіпті асқазан-ішек ауруларына:
а) қантышқақ (дизентерия)
ә) іш сүзегі
б)тырысқақ
- Оларды таратушы жәндіктер:
шыбындар мен тарақандар.
4.Жасөспірімдер мен балалардың
тоқ ішегінде үшкірқұрт
(острица) және ішексорғыш
(аскарида) тіршілік етеді.
Ішек-қарын ауруларының жұғу жолдары:
-қайнамаған су
-кір қолдан
-жуылмаған жемістер,көкөністер
-лас ыдыс-аяқ
-шала піскен ет, не балық
-беті ашық қалған тағам,т.б
Темекі мен алкогольдің асқорыту
мүшелеріне тигізетін зияны:
1.Темекі тәбетті қайтарады
2.Асқорытуды қиындатады
3.Тісті сарғайтады,ауызды сасытады
4.Асқазанда жара пайда болады
5.Ерін,тіл және өңеш рагына жол ашады
6.Бауырды серозит ауруына шалдықтырады
Тест тапсырмалары.
1.Ересек адам тәуілігіне неше рет тамақтанады?
а) 1 ә) 3 б) 4
2.Тамақты дұрыс пайдалану ғылымы
а) биология ә) микология б) диетология
3.Ең үлкен асқорыту безі
а) сілекей ә)бауыр б)ұйқы безі
4.Бауырдың беріштенуі қалай аталады
а)сероз ә)туберкулез б)тұмау
5.Ішекқұрт ауруын тарататын жәндік
а) маса ә) шыбын б)көбелек
6.Балалардың тоқ ішегінде болатын құрт
а)сүлік ә)ақсұлама б)үшкірқұрт
7.Бір тәулікте қанша нәруыз керек?
а)150г ә)100г б)200г
8.Кешкі ас неше пайыз
а) 25 ә)20 б)40
9.Бір тәуліктегі көмірсу мөлшері
а)200-300г ә)400-500г б)100-200г
10.Ерін,тіл,өңеш рагына жол ашатын
а) сүт, айран ә)арақ, темекі б)май, қант
Асқазан-ішекқұрт аурулардан сақтану жолдары:
-жеке бас гигиенасын сақтау
-бөлме, үй айналасын таза ұстау
-ауру адаммен байланыс жасағанда сақ болу
-дұрыс тамақтану
-Басқа мүшелердегі аурулардан сақтану(тіс,көмей, ішек, өңеш,қарын,бауыр,т.б.)
-Темекі,алкогольден аулақ болу
Бағалау.
Үйге тапсырма: § 49. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу.
Әр кім өзінің тамақтану гигиенасын режимін жазып келу.