Қос сөздер

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Аққайтым ауылы

Жаңақоныс орта мектебі

Бастауыш класс мұғалімі

Шомбалова Нұржамал Жұмамұратқызы

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:  Қос  сөздер  туралы  түсінік  беру,  сөйлем

                                 ішінен  қос  сөздерді  табуға  үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың  байқампаз  іскерлігін,  ауызша, жазбаша  сөйлеу  тілдерін, сөздік  қорын, байланыстырып  сөйлеу қабілетін  дамыту.

б) Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,  ізденімпаздыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,  әңгімелеу,  ойын  түрлерін пайдалану,  талдау,  жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, үлестірмелі карточкалар, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

—      Сабағымызды  бастамас  бұрын  мынадай сұраққа жауап беріңдер.

—      Желтоқсан  айында қандай  үлкен  мереке  келе  жатыр?

—      16  желтоқсан  тәуелсіздік  күні.

—      Тәуелсіздік  оңайлықпен  келген  жоқ. Енді  осы  мерекеге орай  өз үлесімізді,  оқудағы  табысымызбен,  тәрбиемізбен  қосуға  тиіспіз.

Психологиялық  дайындық

Қазақ  тілі   сабағын

Зер  салып  біз  тыңдаймыз

Жаттығуларды  орындап,

Сабақты  біз  бастаймыз.

ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру.

48-жаттығу. Ребусты  шешіп, шешуі  болатын  жануар  туралы  жазып  келу.

ІІІ. Актуальдау.

Ертегі айту.

— Балалар, бізге Ертекші  атай  мынадай  ертегі  айтады.

Ертекші атай: Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Қазақ тілі әлемінде күрделі атай өмір сүріпті. Күрделі атайдың үш баласы болады. Үлкен баласы – біріккен сөз, ортаңғы баласы – қысқарған сөз, кенже баласы – қос сөз деп аталады. Олар ғарыш әлеміне сапар шегіпті. Елін сағынып, хат жолдапты. Атайдың үлкен баласы ғарышта көрген жаңалығын өлең арқылы жазыпты:

Бірнеше айдың жүзі емес пе?

Күрделі атай сәлеметсіз бе?

Хат жолдап ғарыштан,

Сәлем айтам әрқашан,

Ешкім, ешбір жан көрмеген,

Қызықты нәрсе көп екен,

Темірқазық, Жетіқарақшы жұлдызын

Тамашалаумен келемін.

Ал ортаңғы баласы қысқарған сөз өз сағынышын былай деп жазыпты:

Мен ғарыш әлемінде жүрмін. Ғарышта сапар шеккен өте тамаша. Ил-18 ұшағымен ұшып келемін.

Қанша айтқанмен қысқарған сөз ғой, хатты да қысқа да нұсқа етіп жазыпты.

Ал кенже баласы былай деп жазыпты:

Саламатсыз ба, Күрделі атай. Ғарыш әлемі тамша болғанымен, жердегі сылдыр-сылдыр суды, сеңгір-сеңгір тауды, ойдым-ойдым жерлерді, жоғары-төмен ұшқан құстарды  сағындым деп хатын аяқтайды.

Тапсырма: біріккен сөз өз хатында қанша біріккен сөздерді қолданды?

— Темірқазық, Жетіқарақшы.

— Қалай жасалып тұр?

— Екі түбірдің бірігуінен.

— ендеше біріккен сөз дегеніміз не еді?

— Ал қос сөз өз хатында қандай қос сөздерді пайдаланып тұр?

— Сылдыр-сылдыр, сеңгір-сеңгір, ойдым-ойдым, жоғары төмен.

— Бұл сөздердің қос сөздер екенін қайдан білдік?

— Өйткені дефис арқылы жазылған.

— Ендеше, біздің  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы  қос  сөздер.

      Күрделі сөздер

ІҮ. Жаңа сабақ.

 

 

Біріккен сөз
    Қос сөз
Қысқарған сөз
Қайталану арқылы
Қосарлану арқылы
Күшейткіш буын арқылы

 

 

 

 

 

 

 

Сөздің алдынан күшейткіш буын қосу арқылы жасалады.

Мысалы: тап-тар, үп-үлкен

Екі түбірдің екі рет қайталануынан жасалады.

Мысалы: әлсін-әлсін, түрлі-түрлі, айғыз-айғыз

 

 

Екі түрлі түбірден қосарланып жасалған қос сөздер.

Мысалы: ата-ана, қысы-жазы

 

 

 

 

 

Оқулықпен  жұмыс.

49-жаттығу. Өлеңді  оқып, күрделі  сөздерді  табу.

Ереже: Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер деп атайды. Жазуда қос сөздің арасына (-) қойылады: мая-мая, әке-шеше, көре-көре, құрал-сайман.

50-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазу. Қос сөздердің астын сызу

Шығармашылық жұмыс.

Берілген сөйлемге қос сөздер қосу.

Аспан ашық. Гауһардың екі беті қызыл, жағасы қырау. Мараттың өзі кішкентай болғанмен, портфелі ауыр.

Үлгі: Аспан ап-ашық. Гауһардың екі беті қып-қызыл, жағасы қырау-қырау. Мараттың өзі кіп-кішкентай болғанмен, портфелі ап-ауыр.

51-жаттығу. Қос сөздерді көшіріп жазу. Қалаған қос сөздерді пайдаланып, бірнеше сөйлем құрау.

 

 

Сергіту сәті.

Шаршасаңдар, тұрыңдар,

Қолды қолға ұрыңдар.

Басты төмен бұғыңдар,

Жұдырықты жұмыңдар.

Алақанды ашыңдар,

Құстай ұшып шығыңдар.

«Сыңарын тап» ойыны

Малдарды қалай шақырамыз?

                                                                                            Шөре-шөре

Пұшайт-пұшайт

Құрау-құрау

Көс-көс

Әукім-әукім

 

— Балалар түйені «көс-көс» деп шақырады екен, ал қазір түйе туралы мәтінмен жұмыс жасаймыз.

Ү. Қорытынды бөлім.

Өзіңді тексер.

(Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.)

Мәтінді оқы және қос сөздерді тауып, арасына тыныс белгісін қойыңдар.

Сен «көс көс» деп айқайласаң, түйе қасыңа жетіп келеді. Ал егер мінгің келсе, «шөк шөк» деп шөгересің. Жайылымға шығарғың келсе, «арай арай» десең болғаны, «маң маң» басып жайылымға келеді.

— Қос сөздер дегеніміз не?

— Қос сөздердің неше түрі бар?

ҮІ. Үйге тапсырма.

52 , 53-жаттығулар. Ереже

ҮІІ. Бағалау.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *