Басы » География » ТАУЛАР.ТАУЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ,ҚАТПАРЛЫ ЖӘНЕ ҚАТПАРЛЫ-ЖАҚПАРЛЫ ТАУЛАР .

ТАУЛАР.ТАУЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ,ҚАТПАРЛЫ ЖӘНЕ ҚАТПАРЛЫ-ЖАҚПАРЛЫ ТАУЛАР .

№27 жалпы орта білім беретін мектеп ММ
География пәні мұғалімі
Тұяқбаева Нұрсұлу 
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға таулар, таулардың пайда болуы,биіктігіне қарай бөлінуі туралы мағлұмат беріп, айырмашылықтарын ажыратуды үйрету;

Дамытушылық: Тауларды картадан тауып географиялық орнын анықтауды,кескін картаға тауларды түсіруге дағдаландыру.

Тәрбиелік: Таулардың табиғатының әсемдігін танныта отырып ,табиғатты аялап қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,флипчарт,д.ж.физ.картасы, қаз.физ картасы,атлас,кескін карта

Сабақтың түрі: топпен жұмыс,сайыс,жартылай ізденіс.

Сабақтың әдісі:  жаңа сабақты түсіндіру,сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп,сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

 Географиялық диктант.Флипчарт 1

 1.Көмейінен ыстық газ,бу,бу,күл,тас, т.б. тау жыныстары атқылап тұратын   конус формалы тау——————(жанартау)

2. Көмейдің жоғарысындағы тостаған тәріздес ұңғы————(кратер)

3.Жанартаулар нешеге бөлінеді—————-(2)

4.Сөнген жанартаулар —————-(Эльбрус,Казбек)

5.Сөнбеген жанартаулар —————-(Ключи шоқысы)

6.Фудзияма жанартауы———————(Жапонияда)

7.Кейбір аудандарда жерасты суының температурасы жоғары болып,құрамында әртүрлі еріген тұздар мен газдар кездесетін сулар—

(Минералды сулар)

Флипчарт 2

Жанартаудың құрылысын түсіндір

а-(кратер)

ә-(көмей)

в-(магма ошағы)

б-(бүйірлік кратер)

ІІІ. Жаңа тақырып:

Жұмбақ жасыру Флипчарт 3

 Аспаннан астасқан ,

Күнмен барып достасқан,

Биік-биік асуды,

Не деп айтам,табыңдар?     ( Тау)

-Тау. Яғни біздің бүгінгі сабағымыз не жайлы болмақ?

-Дұрыс.Бүгінгі тақырыпты жазып алыңдар.

Таудың беткейі,шыңы,етегі болады

Флипчарт 4,5

Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан ,қатты тілімделген,беткейлері қия,биік бөліктерін  т а у л а р  деп атайды

Т а у  ж о т а с ы-жалғаса тізіліп жатқан таулар

Тау жоталары шоғырланып  т а у л ы  ө л к е н і  құрайды

Т а у  т о р а б ы  бірнеше тау жоталарынан келіп түйіскен жер.

   Гималай әлемдегі ең биік тау.ең биік шыңы-

Джамалунгма(8848 м)

Эверест деп те атайды.1953 ж29 мамырда тауды бірінші өлшеген Джордж Эвересттің құрметіне қойған.

Қазақстандағы биік тау-Тянь-Шань ең биік жері-Хантәңірі(6995м)     Қытайлар Тянь-Шаньді  «аспанмен тілдескен таулар» деп асқақтаған.Ал Шығыс Қазақстан облысымыздағы биік тау Алтай оның биік шыңы Белуха 4506 м

Жер бетіндегі таулар бойлық және ендік бағыты бойынша  орналасқан.

Бойлық:

Солтүстік Америкадағы Кордильер (Мак-Кинли 6193 м), Оңтүстік Америкадағы- Анды (Аканкагуа-6960м ең ұзын тау жүйісі),  Орал (Еуропа мен Азияны бөліп тұр)  Африкада-Килиманджара (5895 м)

Ендік :

Тянь-Шань,Гималай,Тибет,Атлас т.б.

 Флипчарт 6

Таулар биіктігіне қарай үшке бөлінеді:

     биік

2000 м-жоғары

  орташа

1000-2000м

 аласа

400-1000 м

Сарыарқа                 Қырым                         Гималай

Мұғалжар                Карпат                          Тянь-Шань

Маңғыстау                                                 Памир

                                                                                  Анды

Флипчарт7

Пайда болуына қарай екіге бөлінеді:

Таулар

 

Қатпарлы таусу түбінде жиналған тау жыныстарының қабаттары орасан зор бүйір қысымының әсерінен қатпарланып,  биікке көтерілген тау 

Қатпарлы-жақпарлы тау-тау жыныстары қатпарланудан кейін жарықтарда бойлап жоғары-төмен лықсуынан пайда болды

  Альпі,Кавказ,Кордильер т.б                       Алтай,Тянь-Шань т.б

ІҮ.Сабақты бекіту:

 Гималай тауының биік шыңына шығайық ол үшін келесі тапсырмаларды орындап көрейік

Флипчарт7

1.Итерактивті тақтадағы тапсырманы орындау тауларды кескін картаға орналастыру.(Оқушылар өз кескін карталарына түсіреді.)

 2.Сәйкестікті тап:Флипчарт 8

«Аспан таулары»мағынасын білдіретін тау

Әлемдегі ең биік тау

Азия мен Еуропаны бөліп тұратын таулар

Анды тауы

 

Гималай  тауы

 

Тянь-Шань тауы

 

Орал тауы

Ең ұзын тау жүйесі

  3.Топпен жұмыс Флипчарт 9

 Координаталармен тауларды табу.Топтың ішінде орындап  1 оқушы орталарынан шығып картадан тауды көрсетеді.

І-топ

66º с.е.,66º ш.б.-  Орал тауы

ІІ-топ

43º с.е.,2ºш.б-  Монблан шыңы

ІІІ-топ

43º с.е.,81º ш.б- Тянь-Шань

 

Еуразия

Солтүстік Америка

Оңтүстік Америка

Африка

Қазақстан

Шығыс Қазақстан

1

8848

 

2

6194

3 6960 4 5895 5

6995

6

4506

 Бұл сандар қандай таулардың биіктігін білдіреді?

6995

8848

6960

6194

5895

4506

Сабақты қорыту:

Бүгінгі мақсатымызға жеттік пе?

-Таулар биіктігіне қарай неше бөлінеді?

— Таулар пайда болуына қарай неше бөлінеді?

-Таулар қандай бағыт бойынша орналасады?

Бағалау:

Топ басшылары бағалау парақтарын тапсырады топты бір бағалап,жеке оқушыны бағалау

Үйге тапсырма:

§22-23 оқып мазмұндау

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *