Басы » Технология » Мерекелік және фуршет дастарқаның жабдықтау.

Мерекелік және фуршет дастарқаның жабдықтау.

Қосқөл жалпы орта білім беретін мектебі

 Бейнелеу өнері және технология

пәнінің мұғалімі Алтыбаев Б.

Тақырыбы:Мерекелік және фуршет дастарқаның жабдықтау.

Мақсаты:Оқушыларға мерекелік дастарқан жасау жайлы түсінік беру.

Білімділік:Дастарқан жасауға байланысты атаулармен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың дастарқан жасауға шеберліктерің дамыту.

Тәрбиелік:Оқушылардың эстетикалық тағылымдарын арттыру.

Әдісі:Сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Көрнекіліктер:Жасалған дастарқан слайдтары.

« Ас-адамның арқауы »

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

4.Сабақты бекіту.

Оқушыларды түгендеп,сабаққа қатысын тексеремін.Үйге тапсырма. «Үгілмелі қамыр әзірлеу» және өз беттерімен өнімдер пісіріп әкелу.Дайындау рецептісін жазып келу.

Қайталау сұрақтары:

  1. Үгілмелі қамырдың қандай түрлері болады?
  2. Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар пісіреді?
  3. Қамыр әзірлеудің қандай тәсілдері бар?
  4. Тағам түрлеріне байланысты қамыр қалыңдығы қандай болады?
  5. Жалын пештің температурасын қалай анықтайды?

 

Сөзжұмбақ « Дастарқан »

 dast

  1. Орташа қою қамырдан пісірілетін өнім.( оладий )
  2. Өте күшті,жамғымды иісі бар тағамға қосатын ұнтақ зат.( ванилин )
  3. Қамырға қосылатын сұйықтық. ( сүт )
  4. Мал сүйегінен алынатын,мөлдір тағам желімі. ( желатин)
  5. Сүт өнімі.( айран )
  6. Ұннан пісіретін кондиртерлік өнім. ( пряник )
  7. Тез пісетін нәрсе,қамырға қосылады. ( жұмыртқа)
  8. Тағам пісіру үшін рецептімен әзірленген нәрсе. ( қамыр )
  9. Қамырдың негізгі шикі заты.( Ұн )

 

Жана сабақ

Әр отбасында дастарқан жасалады.Мерекелік дастарқан жасақтаудан негізгі талабы – адамға ыңғайлы жағдай жасау.Қонақтар өзін еркін сезіну үшін дастарқан арасында орындықтар кеңінен орналастырылады.

Үстелге алдымен жұмсақ мата,үстіне жарғақ немесе жақсы үтіктелген,крахмалданған дастархан төселеді.Дастарқанның ортаңғы сызығы үстелдің ортасымен өтуі керек.Дастарқан бұрыштары үстелдің аяғын 25 см шамасында жауып тұрады.

Үлкен жайпақ тәрелкелердің ара қашықтығын бірдей етіп,үстелдің шетіне 4-5см алысырақ қояды.Жайпақ тәрелкелердің үстіне сұйық дәмге арналған тәрелкелер,оң жағына пышақ, сол жағына шанышқы қояды.Балық тағамдары берілер болса,соған сәйкес аспаптар беріледі.Бакалдар мен фужерлер тәрелкенің алдына қойылады.Матадан әсемдеп оралған салфеткалар дәмдік тәрелкелердің үстіне салынады.Арнайы қондырғыдағы салынған салфеткалар үстелдің 2-3 жеріне қойылады.Үстелдің бір-біріне қарсы жақта ақ және қара нан тіліктері салынған ыдыстар орналасады.

Үстелдің ортасына гүл мен жеміс салынған сауыттар қойылады.Қалған бос орындарға салқын дәмдер салынған ыдыстар тұрады.Барлық дәмдерге ортақ аспаптар-қысқыштар,қасықтар,шанышқылар,сусындар шишалар қойылады.Дастарқанға бірінші ыстық тамақ берер алдында суық дәмге арналған тәрелкелер мен аспаптар әкелінеді.Әркім өзінің тәрелкесіне салып алатын ортақ тағам отырған кісінің сол жағынан беріледі.Екінші тамақ тек терең тәрелкелермен қасықтар жиналған соң ғана таратылады.

Дастарқанға десерт берілер алдында бокалдар мен фужерлерден басқа барлық тағамдар мен ыдыстар жиынап алынады да,десерттік майда ұсақ тәрелкелер қойылады.Шай немесе кофе ыдыстары десерттік тәрелкелердің оң жағынан,оның жоғарғы кемері қатарына қойылады.

 

Фуршет дастарқаның ыдыстары.

Фуршет дастарқаның жасақтау шыны немесе хрусталь ыдыстарды қоюдан басталады.Фужерлерді үстелдің 2-3 жеріне топтап,10-15 данадан қояды.Қасында шырын құйылған құты мен стакандар тұрады.Фужерлер арасына гүл сауыт пен жеміс сауыттарын да қоюға болады.Фуршет үстеліне топтап салқын дәмдік пен десерттік тәрелкелер дестесі қойылады.Салқын  дәмдік тәрелкелерді үстел шетінен 2см және одан әрі 0,8-1м жерге қояды.Келесі десте алдыңғысынан 1,5-2м қашықтықта орналасады.

Аспаптар да солай топталып жайғастырылады.Шанышқылар саны дестелердегі тәрелке санына сай.Ал пышақ саны екі есе кем болады.Салқын дәмдік тәрелкелрдің оң жағына пышақтар,ал олардың жанына тістерлі тәрелкеге қаратылып шанышқылар шалқасынан қойылады.Бүктелген мата салфеткалар 3-5 данадан олардың жанына қойылады.Содан соң бөтелкедегі немесе құтыдағы сусындар қойылады.Фуршет үстеліне гүл,жеміс,сусындар орналасқан соң салқын дәмдер,соустар және нан әкеледі.Алдымен тағам салынған үлкен тәрелкелер,содан кейін кішіректері қойылады.Құтыдағы салат сауыттардағы дәмдерді ортаға қарай,ал жайпақтау ыдыстардағы дәмдерді шетке таман қояды.Әр ыдыста тағам салатын аспап болуы керек.

 

Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

1.Арпа бидай ас екен,

( Алтын күміс тас екен.)

2.Айран ішкен құтылады,

( Шелек жалаған тұтылады.)

3.Ашта жеген құйқаны,

(Тоқта ұмытпа )

4.Еңбектің наны тәтті,

( Жалқаудың жаны тәтті.)

5.Еңбек қылсаң ерінбей,

( Тойады қарның тіленбей.)

 

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту.

  1. Мерекелік және фуршет дастарқандарының өзара айырмашылығы неде?
  2. Мерекелік дастарханға қандай кезекпен беріледі?
  3. Мерекелік және фуршет дастарқандарының артықшылығы мен кемшіліктері неде?

 

Үйге тапсырма

 

Мерекелік дастарқан әзірленген схема,жоба әзірлеу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *