Басы » Биология » Ішкі секреция бездері тарауын қорытындылау

Ішкі секреция бездері тарауын қорытындылау

beisБейсенова Минаим Бимахановна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

жоғары санатты биология пәнінің  

оқытушысы М.Б. Бейсенова, І деңгей.

Сабақтың тақырыбы: Ішкі секреция бездері тарауын қорытындылау

Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыпты  қайталай отырып,білім деңгейін анықтау, тиянақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Топпен жұмыс жасауға үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Денсаулығын қорғауға,

сақтауға, бірін — бірі құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сайыс сабағы
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, тест, клоуз-тест, сөзжұмбақ, басқатырғыш т.б.
Сабақтың типі: білімді тексеру, сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс:биология, медицина, математика, химия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:1.Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу, сабақтың

мазмұнымен таныстыру.

2.Әділ қазылар алқасын сайлау.
Сайыстың өтілу кезеңдері:

  1. «Кел, танысайық»
  2. «Білекті бірді жығады, біліміңді мыңды жығады»
  3. «Сөзжұмбақ» сайысы
    4. Анатомиялық клоуз-тест.
  4. «Сандар сыры»

6.«Адасқан әріптер» басқатырғыш.

  1. Бәйге. «Ұшқыр ой – ұтымды жауап».

8.Қорытынды. Бағалау. Рефлексия (кері байланыс).

І кезең.«Кел, танысайық» (топтың атымен, ұранымен, мүшелерімен танысу).

Әр топқа 3 минуттан беріледі, әр топ өздерін, төс белігілерін таныстырады.

(Студенттердің сөз байлығы мен ұшқырлығы байқалады).

Топтар:1. «Алғырлар» тобы

  1. «Тапқырлар» тобы
  2. «Білімділер» тобы
  3. «Ойшылдар» тобы
    Психологиялық  дайындық.

Ғылымның сырын ұғына

Шығайық  білім шыңына!

Ұшқыр ой мен зеректік

Жеткізсін біздей өренді

Анатомия  сырына.

Әр кезеңнің тапсырмалары  интербелсенді тақта арқылы беріледі, студенттер топпен ақылдасып немесе топ басшысы қолдарындағы белгілерін көтере отырып шапшаң жауап береді. Жауап интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.Әр жауапқа бір фишкадан беріліп отырады.Әр кезеңнің  соңында әділқазылар берген ұпайларын хабарлап  отырады.

ІІ кезең. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

(топқа тест тапсырмалары).

1.Бездер атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді?

А.4    В.2   С.3    Д.5

2.Сыртқы секреция бездерін атаңдар:

А.гипофиз В.қалқанша безі С.айыршық безі Д.тер бездері

3.Ішкі секреция бездерін атаңдар:

А.гипофиз В.сілекей бездері         С.сүт бездері      Д.тер бездері

4.Ішкі секреция бездерінің бөліп шығаратын секреті:

А.фермент В.витаминдер     С.гармондар               Д.сілекей

5.Жамбас пен жамбас мүшелеріне қандай бездер орналасқан?

А. қалқанша безі          В.жыныс бездері                  С. айыршық безі          Д. тер бездері

6.Өсу гармоны қандай безде түзіледі?

А.ұйқы безінде   В.қалқанша безінде               С.гипофизде                Д.бүйрек үсті безінде

7.Бүйрек үсті бездерінің қыртысты бөлімі қандай гармонды бөліп шығарады?

А.инсулин           В.адреналин               С.самотропин              Д.тироксин

8.Мойын тұсында орналасқан ішкі секреция бездерін белгіле:

А. қалқанша безі        В.жыныс бездері                   С. айыршық безі          Д.ұйқы безі

9.Аралас безді атаңдар:

А. қалқанша безі          В.жыныс бездері                  С. айыршық безі          Д. Гипофиз

10.Қалқанша безінің гармоны жеткіліксіз болуы қандай ауруға шалдықтырады?

А.нанизм   В.Базедов ауруына               С.микседемаға  Д.қант диабетіне

 

ІІІ кезең. «Сөзжұмбақ» сайысы (топта жұптарға тапсырма).

 

Б Ү Й Р Е К Ү С Т І  
  Қ А Л Қ А Н Ш А  
    М И К С Е Д Е М А  
К Ә Р І Л І К  
  Ж Е М С А У  
  Э С Т О Г Е Н Д Е Р  
  К Ө К І Р Е К
  А Н Д Р О Г Е Н Д Е Р
А Д Р Е Н А Л И Н  
Г И П О Ф У Н К Ц И Я  
  К Р Е Т И Н И З М
А Н А Т О М И Я

 

  1. Құрсақ қуысында, бүйректің жоғары жағында орналасқан без.
  2. Шеміршектен төмен, көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан без.
  3. Кілегейлі ісіктің медициналық атауы.
  4. Қай жаста айыршық бездің салмағы 6 г. кемиді?
  5. Бұғақ ауруының екінші аты.
  6. Аналық жыныс гармондары.
  7. Айыршық без ненің қуысының жоғары бөлігінде орналасқан?
  8. Аталық жыныс гармондары.
  9. Жүректің жиырылуын қай гармон тездетеді?
  10. Ағзада алуан түрлі ауытқушылықар туғызатын не?
  11. Жарымес ауруының медициналық атауы.
  12. Адам ағзасының құрылысы мен пішінін зерттейтін ғылым.
  13. Шығару өзектері болмайтын бездер.

 

IV кезең. Анатомиялық клоуз-тест (топта жұптарға тапсырма).

  1. _____ _____  – ішкі секрецияның маңызды мүшесі ( Қалқанша безі).
  2. Аналық безде жыныс гармондары — ______ түзіледі (эстогендер).
  3. Адам ағзасында көптеген түрлі ______ бар (бездер).
  4. Адреналин норадареналиннен __ есе артық түзіледі (10).
  5. Кретинизм ағзада ____ жетіспеушілігінен туады (йод).
  6. ________ атқаратын қызметіне қарай ___ топқа бөлінеді (Бездер, 3).
  7. Гипофиздің алдыңғы бөлігі өсуге әсер ететін, _____ және _____ бездерінің қызметін реттейді (қалқанша, жыныс).
  8. _________ ауруыөте сирек кездеседі (Алып).
  9. Бүйрек үсті безі ______ қуысында бүйректің жоғары ұшында болады (құрсақ).
  10. Адреналин бауыр мен бұлшық етте _______ ыдырауына әсер етеді (глюкогеннің).
  11. Глюкокортикостероидтар- көміртегі, ______ және ____ алмасуына қатысады

(ақуыз, май).

  1. Жыныс бездері _______ бездерге жатады (аралас).
  2. __________ жыныс гармондары- андрогендер (Аталық).

V кезең.  «Сандар сыры»(Қай топқа сұрақ қойылса сол топ жауап беру керек,жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге мүмкінді алады).

  1. 0,5-0,6 г. (гипофиздің салмағы).
  2. 5-10 г. (төменгі сынып оқушыларында қалқанша безінің салмағы).
  3. 22-ден астам ( гипофизден бөлінетін гармон саны).
  4. 25-35 г. (ересек адамда қалқанша безінің салмағы).
  5. 10-13 г. (нәрестеде айыршық безінің салмағы).
  6. 10-16 г. (бүйрек үсті безінің салмағы).
  7. 8 г., 20 г.(аталық безінің салмағы 15-16 жаста, 19 жаста).
  8. 6-8 г. ( аналық безінің салмағы).

 

VІ кезең. «Адасқан әріптер» басқатырғышты шешу(жеке жұмыс).

 

М И К Ң С К А Э Т Қ Г С
А Т С Ө Т Р Н П Л А О Ө
Й С Е К Р Е Ц И Я Л Р Н
Ы Қ Д Г И Т О Т Н Қ М О
Р Ғ Е Ж П И М Е Л А Н Ш
Ш С М Л О Н К Л И Й М А
Ы Қ А М Ф И З М І З Е Б

Жауабы:секреция, эпителий, микседема, кретинизм, гипофиз,қалқанша, айыршық, гармон.

 

VІІ кезең. Бәйге. «Ұшқыр ой – ұтымды жауап»  топ басшылар сайысы.

1.Бездердің эпителий жасушаларының негізгі қызметі қандай?(Секрет тузу және бөліп шығару).

2.Сыртқа шығару өзегі бар бездер қалай аталады? (Сыртқы секреция бездері).

3.Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады? (Қалқанша без, гипофиз, бүйрек бездері, айыршық т.б.).

4.Гипофиздің бөліктерін ата. (Алдыңғы, аралық, артқы).

5.Гипофиз нешеден астам гормон бөледі? (22-ден).

6.Балалардың бойы гипофиздің қай бөлігінің қызметі артқанда жедел өсе бастайды? (Алдыңғы бөлігі).

7.Қалқанша безінің пішіні неге ұқсайды? (Көбелекке).

8.Қалқанша безі арқылы 1 сағатта неше литр қан ағып өтеді? ( 5-6 л.).

9.Балалық шақ немесе өсу безі деп қай безді айтады? (Айыршық без).

10.Минералокортикостероидтер нені реттейді? (Тұз бен су алмасуын).

11.Бәсең көңіл-күй жағдайында қандай гормон бөлінеді? (Адреналин).

12.Күшті көңіл-күй жағдайында қандай гормон бөлінеді? (Норадреналин).

13.Қандай бездерді аралас бездер деп атайды? (Ұйқы, жыныс бездері).

VІІІ кезең.Қорытынды. Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек». Студенттер өз пікірлерін, ұсыныстарын жапырақтарға (стикерлерге)«Тілек ағашына» іледі.

 

Бағалау парағы

 

Топтың аты Таныс-тыру Тест Сөз-жұмбақ Клоуз-тест Сандар сыры Адасқан әріптер Бәйге Жалпы ұпай Алған орны
«Алғырлар»
«Тапқырлар»                  
«Білімділер»                  
«Ойшылдар»                  

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *