Басы » Биология » Болашақ мұғалімдерге жаңа форматтағы ұстаз қажет

Болашақ мұғалімдерге жаңа форматтағы ұстаз қажет

 beisБейсенова Минаим Бимахановна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

 Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

жоғары санатты биология пәнінің  

 оқытушысы М.Б. Бейсенова, І деңгей

 Болашақ мұғалімдерге жаңа форматтағы ұстаз қажет

«Оқыту жүйесіне заманауи әдістемелер

мен технологияларды ендіру керек»

Н.Ә. Назарбаев.

 

Бүгінгі Әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесін күн сайынғы экономикалық,әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамы» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді[А.Әлімов,2013].

Қазіргі кездегі білім беру саясаты әлемдік дамудың жалпы үрдісін ескере отыра, жалпыхалықтық мүддені білдіреді және оларды әлемдік қауымдастыққа ұсынады. Көптеген елдердегі жаңа «білім беру дүмпуіне» әкелген жаңа өркениетті талаптар Білім жүйесінің реформалануына әкелді.

Мен де осы білім беру жүйесінің жаңа «білім беру дүмпуіне» қалыспай ілесіп отыру мақсатында  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанынан ашылған Педагогикалық шеберлік орталықтарының Ақтау қаласындағы филиалындареспубликада І деңгей бағдарламасы бойынша оқыған алғашқы қарлығаштардың бірі болып курстан өттім.

Үшінші (базалық) деңгей Бағдарламасы бойынша тәлім алған мұғалімдер сыныпта, ІІ (орта) деңгей – мұғалімдер құрған топта, ал бірінші (ілгері) деңгей – мектепте оқытуды басқару мен желілік қоғамдастық орнатуда көшбасшылық етеді.

Бірінші деңгей бағдарламасының түйінді идеясы мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан – жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдылар беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болумен қатар көп еңбек етуді талап етеді.[МАН, 4 бет].

Негізгі функцияларының бірі — мұғалімнің  құзыреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг, тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру үдерістеріне көңіл бөлу.

Мен Маңғыстау облысы білім басқармасының Маңғыстау гумани-тарлық колледжінде жұмыс істеймін. Колледжге дейін Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында биология пәнінен сабақ бердім.Колледж 1983 жылдың 12 сәуірінен бері жұмыс жасап келеді және отыз жылдан астам уақыт ішінде жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге жеті мыңнан астам мамандардайындады.

Заманауи талапқа сай жалпы орта мектептер үшін ең бастысы «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды қалай дайындау керек?» деген сұрақтардың шешімін табу болса, сол сұрақтар жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге мамандар дайындап отырған оқу орындарын да толғандырып отыр.Өйткені қазіргі қоғамда әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру үшін болашақ мұғалім студент кезінен оқушы білімін жақсартуда жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттігін білуі қажет.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстанның  дамуының басты бағыты» атты Халыққа Жолдауында педагогтардың сапасы мен біліктілігін көтеру мәселе-сінің маңызды екенін атап көрсеткен.

«Бірінші деңгей бағдарламасы», «коучинг»деген сөздер колледждерге әлі де  келе қоймағанымен әріптестерім директордың оқу –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н.Ж.Кайболдиеваның қолдауымен коучингтерге қатысу арқылы түсініктерін қалыптасуда.

Педагогтар әуел бастан жаңалыққа жаны құмар жандар ғой, алғашында кішкене ойлана, сынай қарағанымен уақыт өте келе жаңалықты жатырқамай қабылдай бастады. Бұған себепші болған колледж директоры М.Н. Утебаев, жас та болса ұжымда басшы болып отырған директордың оқу –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н.Ж.Кайболдиева және осы ұжымның әдіскері А.П.Козыбакова.

Қыркүйек айынан бері екі колледжішілік және облыстық семинарда бір коучинг өткізілді: «Оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы  оқушының білім сапасын арттыру», «Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық».

Менің өзім білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып таныстым. 3 айлық педагогтардың біліктілігін  арттыру курсында білім берудегі жаңа әдістерді жетілдіру мақсатында бағдарлама жеті

модульді  қамтыған.Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді элементтерін практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.

 

 

 

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

  1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
  2. Оқытуды бағалау және оқуды бағалау.
  3. Білім беруде АКТ-ны пайдалану.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  1. Оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
  2. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету оқытуды бағалау және оқуды бағалау және білім беруде АКТ-ны пайдалану модульдерін қолданамын.Топтық жұмыс арқылы студенттер сыни тұрғыдан ойлау кезінде не істеу керек, қандай тәсілмен істеу керек екендігін өздері анықтайды. Жұмыс дұрыс ұйымдастырылған жағдайда студенттердің ойы шыңдалып, белгілі бір жетістікке жете алады. Ал осындай жетістікке жету үшін оқытушы «итермелеп», түрткі болып және қайта бағыттап отыруы қажет. Студенттің сыни тұрғысынан ойлауын, өз көзқарасын дамытып, жеке тұлғаны қалыптастыратын құзіретті оқытушы. Сабақ түсіндіруде оқытушы студентке бағыт беруші және нұсқаушы болуы керек.

Осы әдіс-тәсілдерді қолданғанда студентттер жеке де, жұптасып та және топпен де жұмыс жасайды. Сабақты осылай өткізудегі мақсатым, студенттердің сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, студент пен студент, оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өз ойын еркін айта білетін, жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *