Павлодар облысы.Баянауыл ауданы
Ш.Айманов атындағы жалпы орта
білім беретін қазақ гимназия мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тусупбекова Шынаргуль Корашовна
Тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Сынып:1 «Б» сынып
Пәні: әліппе
Мақсаты:
- Б дыбысы және оның әріп таңбасымен танысу. Б дыбысын қатыстырып сөздер ойлатып талдауға үйрету.
2.Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3.Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу Жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Ресурстар:әліппе, сурет,кеспе әріптер,әріп таңбасы, текшелер.Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап
Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау , топтастыру, СТО
Іс-әрекет кезендері |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
Мотивациялық-қозғаушы | 3 мин | а\ Сәлемдесу
Балалардың назарын сабаққа аудару -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Күзде ауа райы қандай болады? \Осы кезде балапан үстелге қонады. -Мынау не, балалар? \балапанның суреті\ -Балапан бізге неге қоанаққа келді? -Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болайын деп тұр. Себебі күн суытқанда құстар қайда кетеді? -Балапан сөзін буынға бөліп жіберіңдерші. Осы сөздегі алғашқы дыбыс қандай дыбыс?
|
Балалар сәлемдесу мәтініне сәйкес қимылдарды жасайды.
-Күз мезгілі
Суық, жаңбыр. -Балапан Ол анасынан жету үшін көмек сұрап тұр.
Жылы жаққа ұшып кетеді. Қанаттарын жайып көрсетеді.
|
||
Ізденушілік-ұйымдастырушы
Талдау
|
8 мин
6мин
5 мин
3 мин
|
Бүгін біз сендермен осы балапанның көмегі арқылы қандай дыбыспен танысамыз деп ойлайсыңдар?
-Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейік.Б дыбысы қандай дыбыс екен? Оны қалай білдіңдер?
Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді.? Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады және оны қандай текшемен белгілейміз? Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөліп айту. -Б дыбысы сөздін қай жерлерінде кездеседі екен? 4.Дәптермен жұмыс. а\бөрік,барабан, клуб сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
а\ Жазу жұмысы Үлгі бойынша б дыбысынан бас және кіші әрпін жазады. б\кеспе әріптен б –ның басжәне кіші әрпін көрсету. 5.Сергіту сәтін өткізу.
6.Балаларға б дыбысынан келетін сөздерді ойлату. Сыныпта б дыбысы кездесетін оқушылардың аты бар ма?
|
— б дыбысымен
Балық, балта, балға, бор, бөрік бүркіт. Басында Ортасында
-б дауыссыз дыбыс Б дыбысын айтқан кезде еріндер бір-біріне тиіп айтылады. Кедергіге ұшырап шығады. -Көк текшемен белгіленеді. -қызыл текшемен белгіленеді.
Ба-ла, шал-бар, клуб
Басында, ортасында,соңында.
Балалар өздері б дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында келетін сөздер айтады.
Қаламдарын алып алдымен ауада, сосын дәптерге б әрпін жазады.
Балалар әнге қосылып қимылдар жасайды.
Бота,бала, арба, бор |
||
Рефлексивті-коррекциялаушы
\түзетуші\ |
3мин
|
Қорытынды:
Бүгін қандай дыбыспен таныстық? Б дыбысы қандай дыбыс? |
Б дыбысымен
Б- дауыссыз дыбыс |
||
Күтілетін нәтиже: | 3мин | Білуі: балалар б дыбысы мен әрпімен толық танысты, бдыбысы дауыссыз дыбыс екенін, сөздін басында, ортасында, соңында кездесетін біледі.
|
|||
Меңгеруі: | 2 мин | б дыбысымен басталатын сөздерді тауып, ажыратып, топтастырады.Кеспе әріптермен сөздер құрауды меңгерді. |