Басы » Кембридж бағдарламасы » Абай – Шәкәрім өлеңдеріндегі үндестік (Презентация)

Абай – Шәкәрім өлеңдеріндегі үндестік (Презентация)

Талдықорған қаласы

№14 орта мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Нұрсейітова А.Қ.

6-сынып Қазақ әдебиеті   

Тақырыбы: Абай – Шәкәрім  өлеңдеріндегі үндестік

Мақсаты:1.  Абай мен Шәкәрімнің өлеңдерінің тақырыбын ашу, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс.істеулеріне ықпал ету.2.Оқушылардың мәтінге талдау жасай білу дағдыларын дамыту.3.Оқушыларды адамның адамгершілік қасиеттерін тани білуге,адамды қадірлей білуге, азаматтық борышын сезіне білуге тәрбиелеу

Сабақтың нәтижесі:  Екі ақын өлеңдеріндегі негізгі ойды әңгімелейді.  Өлеңдерін тыңдау арқылы үйлесімдерін сәйкестендіреді.  Ақындар өлеңінднгі ортақ  ойларын айқындайды.  Тіл айшықтарына , тәсіліне талдау жасап салыстырады. Адам қасиеттері туралы білімдерін жинақтайды. Ақындар өлеңдеріне баға береді.

Сабақтың түрі:  Іздендіру, проблемалық  оқыту.

Сабақтың тегі:  бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, интерактивті тақтамен жұмыс, Блум жүйесі, СТО.

Жұмыс түрі: Топтық, жұптық, ұжымдық.

1 Сабақтың мазмұны Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру

кезеңі

Психологиялық ахуалды реттеу

Топқа бөлу

Сұрақ қояды.1.Ақыл деген не? 2.Ыстық қайрат дегенді қалай түсінесің?Жылы жүректі адам деп кімді айтасың? Сұраққа жауап беріп,қалаған топқа отырады. оқушы
Жаңа сабақ І.Қызығушылықты ояту кезеңі Абай мен Шәкәрім әндерін тыңдату
ІІ. Мағынаны тану, ажырату кезеңі -Екі ақын өлеңіндегі негізгі ой қандай? — Осы ойды айтуға ақындарға не түрткі болды? Ортақ ойды беретін сөз тіркесімдерінен мысал келтірейік
Білу, түсіну. Абай «Әсемпаз болма әрнеге»,

Шәкәрім «Адамдық борышың»

Өлеңдерді тыңдатады.Ой-

лары қалай үйлеседі?

Ұқсас ойларды табады. Диктофон

таныстырылым

Қолдану -Адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы Абай не айтады?Шәкәрім осы ойды қалай өрбітеді? Кесте беріп, салыстыру жұмысын жүргізуді ұсынады. Әр топ  кестені бірлесіп толтырады.Постер қорғайды. Венн диаграммасы
 

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

 
Талдау Тіл көркемдігіне талдау жасайды(фразелогизм, дидактика:өнеге, өсиет,жырау) Инверсия,шалыс ,егіз ұйқас (терцет) Мәтіннен нақылға айналған жолдарды ажыратып алып  талдайды. Өлең мәтіні. Таныстырылым.
Жинақтау Адамға тән қасиеттер-топпен кеңесіп, шешімдерін ортаға салады Топтың жұмысын қадағалайды. Салыстырады, қайта анықтайды, тұжырымдайды. Қазақ әдебиеті оқулығы

Таныстырылым

Бағалау «Адам боп қалсам деп едім…»

Эссе жазу

Ашық сұрақтар және анықтаушы сұрақтар  қояды Баға береді.

Жауап береді.

Оқушы
IV.Бағалау Табыс критерийлері  
— ой жүйелілігі;

-тіл көркемдігі;

-ойын нақты жеткізе алуы;

-топ мүшелерінің белсенділігі;

-өзіндік ой қорытындысы

Критерийлер ұсынады Әр топты келесі топ критерий негізінде бағалайды таныстырылым
Үйге тапсырма «Адам-ардақты ат» эссе Шығармашылық тапсырма Шығарма, өлең, сурет
рефлекксия  «Екі жұлдыз, бір тілек» Стикер таратады.

Рефлексия

Сабаққа оқушылар белсенді қатысты. Сабақ тақырыбы ашылды.Сабақ кезеңдері сақталды, жоспарға сәйкес жүргізілді. Психологиялық ахуалды реттеуде топқа бөлу әдісі тиімді жүргізілді. (Ақыл, қайрат, жүрек сөздерінің мәнін ашу арқылы). Сабақта Абайдың әнінің сазын тыңдау негізінде оқушылардың қызығушылығы оянды. Мағынаны танып, ажыратуда сабақ тақырыбына кіретін, ойға түрткі болатын ашық сұрақтар қойылды. Оқушылар жауабы ұтымды болды. Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге», Шәкірімнің «Адамдық борышың» өлеңдері тыңдалды, ұқсас ойлар, өлең жолдары сәйкестендірілді. Мұнан соң дайын жауабы таныстырылым арқылы көрсетілді. Топ мүшелері таба алды, кейбір оқушылар белсенділік танытпағанмен, тапсырманы орындады. Мұнда топтық жұмыстант гөрі жекелеме,жұптық жұмыстар негізінен жүзеге асты. Қолдану кезеңінде Венн диаграммасы негізінде кесте толтырып, екі ақын өлеңдеріндегі ортақ ойлар мен өзгешеліктерін кестеге топта бірлесе отырып кестеге түсірді, постер қорғады. Топ мүшелері өз ойларын жатық әдеби тілмен жеткізе білді. Талдау кезеңінде өлеңдердің құрылысындағы, тіліндегі, тәсіліндегі ерекшеліктерді ашу үшін топтар өзара сұрақтар қойды. Мұғалім кейбір оқушыларға түсініксіз «үштік» ұйқас, шалыс ұйқастың қазақ поэзиясына келуі туралы қосымша түсінік берді. Жинақтау кезеңінде «Адам» сөзінен таратып онда қандай қасиеттер болуы керектігін ақындар өлеңдеріндегі оймен үндестіре отырып тұжырымдады. Бағалау кезеңінде ой-толғау жазуда да ойларын жеткізе білді. Табыс критерийлері құрылып,топтық бағалау жүзеге асты. Оқушылар өзіндік ой қорытындысын жасай білді. Тақырып  бойынша авторлар позициясын аша алды. Сабақ Блум таксономиясымен құрылып, сын тұрғысынан ойлау тәсілі қолданылды. Сабақта ашық,анықтауыш, жетек сұрақтар қойылды. Диалогтік оқытудың кумулятивтік, зерттеушілік әңгіме түрлері жүзеге асты. Оқушылар ізденді, сұрақ қоя білді, ой қорытындысын жасады. Сабақты 20 минутқа жоспарланғанмен, материалдың көптігін ескермегендіктен 45 минутқа созылды. Қайталанған ойлар болды. Алдағы уақытта уақыт үнемділігі,тапсырмалардың бір тектес болмауы, топтарға берілетін тапсырмалардың әр түрлі болуы ескерілуі тиіс.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *