Талдықорған қаласы
№14 орта мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Нұрсейітова А.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Әнші–ақындар шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
- Әнші-ақындар шығармашылығы, олардың басқа ақындардан өзгешелігі туралы мәлімет беру.
- Оқушының өзіндік ойлау, әдеби талдау қабілеттерін дамыту.
- Өнерді, өнер адамдарын құрметтеуге, әннен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: іздендіру, шығармашылық сабақ
Сабақтың тегі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: әнші-ақындар суреттері, слайдтар, интерактивті тақта
Әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, талдау-жинақтау, сатылай кешенді талдау, Блум жүйесі, сын тұрғысынан ойлау.
Пәнаралық байланыс: музыка, кино
Барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі (сабақ құрылымымен таныстыру)
І.Білу. Әнші-ақындар шығармашылығы туралы түсінік.
Мұғалім сөзі:
ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры деп текке атамаса керек. Бұл кезең — қазақтың төл әдебиетінің көш басшысы – жыраулар поэзиясының шырқау биікке көтерілген кезеңі. Бұл кезең – ақын, сал, сері, тал бойына өнер қонақтаған жандардың шығармашылығының өркендеген тұсы.
Халқымыздың асыл қазынасының бірі — әнші – ақындардан қалған поэзия, өлеңдер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып, халқымыздың өзімен бірге туғандай. ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында ақындық пен әншілік өнерді бойына тоғыстырған айрықша талант иелері пайда болды. Олар — әншілік пен ақындықтан басқа сазгершілік, актерлік, күйшілік, спорт өнерлерін де қоса меңгерген сегіз қырлы,бір сырлы жандар болған.
Жүрегін ән тербеген бабаларымыздан қалған өлмес өнер дәуірден- дәуір өткізіп бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалардың(слайдта көрсетіледі) Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Мұхит, Жаяу мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Әсет, Естайлардың сазгерлік, әншілік өнерлерінің алдында тұрғаны — өнер атаулының патшасы –сөз өнері, ақындық өнер. Сөз құдіреті арқылы олар ел мен жерге, сүйген жарға деген махаббаттарын, сырлы сезімдерін, үстемдік жасап, жер аударып, түрмеге қамаған әкім-төрелерге өкпе – назын, ашуын да өлеңмен жеткізеді. Ән мен әуеннің, әншінің бірлігінің артықшылығы — оның аумақтық та, әлеуметтік те шегарасының болмауы, самғаған құстай ұшып барып, қонған жерінде шырқала берді. Әнді іліп алып, ел боп жырлады. Атадан бала үйреніп, өнер керуені бүгінгі күнге жетті.
Бүгінгідей «Халық әншісі», «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» деген атақтары болмаса да, халқымыз оларды еркелетіп, «Сал-сері» деп атаған. Артистерше жарқ-жарқ әшекейлену, ерекше көз тартатын кескінмен жүріп-тұру, халқына еркелеу — әнші-ақындардың негізгі салты болған.
Сабақтың эпиграфы
Туғанда, дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай, елең-селең
Абай.
(Әнші-ақындар суреті)
Әнші-ақындар шығармашылығы туралы түсінік.
ІІ. Түсіну.
- «Ой-қозғау». Бейнеклиптерден үзінді. Ақан сері «Балқадиша» әні.
— Біржан сал «Ләйлім шырақ»
— Кімнің өлеңдері?
— Әннің шығу тарихын білесіңдерме?
- Өлеңнен үзінді оқу «Ақ көйлек» — лирика түрі, авторы.
ІІІ. Талдау.
- Ақан сері мен Біржан салдың махаббат лирикасы. «Балқадиша», «Жамал қыз», «Жайықтың ақ түлкісі»
- Біржан сал. Махаббат лирикасы. «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Алтын балдақ»
- Топтау.
- Бағалау.
- «Біржан сал» фильмі, «Ақан сері» фильмінен үзінді (сюжеттерін топтастыра салыстыру)
- «Ортада қаламсап»
- «Сәйкестендір» — екі ақынның махаббат лирикасын жинақтау.
— Сал-серілердің қоғамдағы орны қандай? Халыққа арқа сүйеу себебі неде?
— Халықтың оларға берген марапаты, құрметі қайдан көрінеді?
— Қазіргі өмірде сал-серілер деп кімдерді айтуға болады?
Өнер ешқашан өлмек емес, ол жалғасын табуда. Бүгінде айтыс ақындары халықтың мұңын тілегін жеткізушілер болып табылады.(айтыстан үзінді көрсету) Сал-серілердің кезінде қуғынға түсіп, қудаланғаны сияқты айтыстың да біраз жылдар жабылып, айтыс ақындарының үнсіз қалуы біздің қоғамда кездесіп отыр.
Сондықтан халықтың жоғын жоқтайтын, халыққа қызмет ететін өнер өлмесін, өз жалғасын тапсын! «Өнерліге өріс кең» дейді халық. Өнерлі өрге жүзсін!
- Үйге тапсырма
«Ой-толғаныс» сатысы. «Сал-серілер өмірі — маған үлгі» — ойтолғау жазу.
спасибо