Басы » Tәрбие сағаттары » Ана – бала тірегі

Ана – бала тірегі

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Аққайтым ауылы

Жаңақоныс мектебі  бастаыш сынып мұғалімі

Оразбаева Эльмира Отепбергеновна

Сабақтың тақырыбы: Ана – бала тірегі

Сабақтың мақсаты: анаға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, ананы сыйлап

құрметтеп білуге үйрету; ізгілік, инабаттылық,  сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы.

1-жүргізуші: Құрметі қонақтар, асыл аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін бізде үлкен мереке. Ол аналарға арналған «Ана – бала тірегі» деп аталған ашық тәрбие сағаты. Бұл сабақ 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр. Құрметті аналар, мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші:Сіздердің отбасыларыңа амандық, тыныштық, ал өздеріңізге мықты денсаулық, еңбектеріңіз жемісті болсын деп тілейміз.

3-жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлау менен істелік әр қадамды.

1-оқушы: Еліммен бірге тілегім,

Өзің деп соғар жүрегім.

Жатқа айта білемін

Елімнің Әнұранын.

(Әнұран орындалады.)

2-оқушы: 1910 жылы 8-наурызда Данияның астанасы Копенгагенде болған социалистердің халықаралық ІІ конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша халықаралық әйелдер күні белгіленді. Ол алғаш рет Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленді.

3-оқушы: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,

«Ана» деп бас иеді күллі халық.

4-оқушы: Біз ғана емес қадір тұтқан балалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген – тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

5-оқушы: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

6-оқушы: Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кеудеңе мен гүл болып тағыламын.

Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын.

Алыс кетсең аңсаймын, сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім!

7-оқушы: Өмірде қымбат екен ана деген,

Өмірі гүл жаратын баламенен.

Біздерді ақ гүліндей аялаған,

Мен оның жалғасы боп қала берем.

8-оқушы: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз!

Туған жердің тілі деп

Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз!

Ән: «Ай дидарлы анашым»

1-жүргізуші: Аналар-ау, менің шалқар көлдерім,

Көлдерім мен асқар-асқар белдерім.

Мына өмірде қуанышты жүргенім –

Сенің арқаң мына өмірге келгенім.

Келесі кезекте аналарымызды сынайтын боламыз. «Кім жылдам?» ойыны. Бұл ойын арқылы аналарымыз халық ауыз әдебиетін қаншалықты жақсы білетінін, олардың тапқырлығын, ой ұшқырлығын сынап көрмекшіміз.

Ойын шарты мынадай: ақ парақтар жерге жайылады. Әр парақтың үстіне бір анадан тұрады. Аналарға сұрақтар оқылады. Кім бірінші болып жауап берсе, сол алға қарай жылжиды. Осылайша мәреге жеткенше жалғаса береді.

Сұрақтар:

  1. Тастың жеңілі бола ма?

(Керек тастың ауырлығы жоқ)

  1. Жігітті шал деген жөн бе?

(Жаман жігіт жасында шал болар)

  1. Қой мен қасқыр ойлана ма?

(Қойдың ойлағаны – амандық, қасқырдың ойлағаны – арамдық)

  1. Ең тәтті не?

(Ананың сүті, баланың тілі тәтті.)

  1. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?

(Шашу оңай, жинау қиын.)

  1. Тауық түс көре ме?

(Тауықтың түсіне тары кіреді.)

  1. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

(Көз қорқақ, қол батыр.)

  1. Қарғыстың ең жаманы не?

(Өзің білме, білгеннің тілін алма.)

  1. Алтын қолды адам бола ма?

(Өнерлінің қолы алтын.)

Ән: «Ана – өмір шырағы»

2-жүргізуші: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Келесі кезекті «Сөз тапқанға…» ойынына береміз. Ойын шарты мынадай:

аналарға ж, ш, т, қ, м, а, б, с әріптері үлестіріледі. Сосын қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын жауап қайтаруы тиіс болады.

(Бұл жерде жауаптың дұрыс не бұрыстығы емес, ал аналардың тапқырлығы есептеледі.)

  1. Егер балаңызды жазатайым өкпелетіп алсаңыз не істейсіз?
  2. Балаңыздың мінез-құлқы кімге ұқсайды?
  3. Балаңыздың қандай мамандық иесі болғанын қалайсыз?
  4. Балаңыздың сабағын қадағалайсыз ба?
  5. Балаңыздың мектепшілік шараларға үнемі қатысуын қадағалайсыз ба?
  6. Балаңызды қалай еркелетесіз?
  7. Балаңызға қалай ұрысасыз?
  8. Туған күніне қандай дәмді тағам пісіріп бересіз?
  9. Оқу жылы бойы балаңыздың неше сабағына қатыстыңыз?
  10. Ата-аналар жиналысына үнемі қатысып отырасыз ба?
  11. Балаңыздың бағалы киім кигенін қалайсыз ба?
  12. Балаңыздың оқу, кітап құралдарын ұстау деңгейін қалай бағалайсыз?

3-жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Тренинг: «Адамның асыл қасиеттері»

Аналар алдарындағы парақтарға адам бойындағы жаман қасиеттерді жазады. Болған соң қағазды бүктеп алып қояды. Содан кейін жақсы қасиеттерді жазады.

— Балалар, қазақта мынадай тілек бар екен: «Қыздар ибалы, инабатты болсын, қайырымды болсын!» деген. Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді.

(Енді жаман қасиеттерді жазған парақтарды отбасы балалары алып шығып, осы жаман қасиеттерден аулақ болу үшін жыртып тастайды.)

Ал енді жақсы қасиеттерді алып оқиық.

Қорытынды.

1-жүргізуші: Ана десем, сезім билер тым ыстық,

2-жүргізуші: Жарасымды адамдарға туыстық.

3-жүргізуші: Бар адамға берсе ананың мейірін,

Бірге: Орнар еді бар әлемде тыныштық, —

дей келе бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Отбасыларыңызға тыныштық, амандық, өздеріңе мықты денсаулық және бақыт тілейміз! Мына мерекелік тарту ретінде қабыл алыңыздар.

«Ата-ананы тыңдаймыз» әні.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *