Бозтаева Шынар Айдарханқызы
Дөненбай ауылындағы «А.Көшкімбаева
атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене
шынықтыру мұғалімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Мақсаты: 1.Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған, қызмет
еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын
сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту, құрметтеуге баулу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, ойталқы.
Көрнекілігі:Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреті, слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет елбасымыз жазған еңбектер, Республикамыздың мемлекетік нышандары,
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
1-жүргізуші
Қазақтың маңдайында жанып тұрған, Жұлдызы өзің ең ғой алып тұлғаң.
Халқыңды өрге сүйреп , шыңға бастап, Елдігін барша әлемге таныстырған.
2-жүргізуші
Үндінің ғаламға мәшһүр мемлекет қайраткері Джавахаралл Неруқызы Индира Гандиге түрмеде отырып жазған «Взляд на всемирную историю» деген атпен дүние жүзіне тарап кеткен хаттарының бірінде: «Алған бетіңнің дұрыстығына өзіңді сендіру үшін айлар керек .Белгілі бір топқа таңдаған бағытыңның теріс екенін түсіндіру үшін жылдар қажет.Халықты түзу жолға бастау үшін, сеніміне күмәнсіз ие болу үшін ғасырлар да аздық етеді» дейді.
1-жүргізуші
Қазақстан қайраткеріне мұндай қастерлі де киелі сенімге қол жеткізу үшін ширек ғасырдан кем уақыт қажет болды.Ұлт сенімін ұлан-ғайыр жетістіктерімен көркейтті.
Бүгінгі «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тақырыптағы ашық сабағымыз Қазақстанды дүниежүзіне мойындатқан Елбасының құрметіне Қазақстанда бірінші рет «Тұңғыш Президент күнінің » мерекеленгеніне орай өткізілмекші.
2-жүргізуші
Биыл 1 желтоқсанда Қазақстанда бірінші рет Тұңғыш президент күні аталып өтті.Бұл біздің еліміз үшін жаңа мереке болып саналғанымен, әлемдік қауымдастық арасында бұрыннан бар. Айталық, АҚШ-та Президент күні 1880 жылдан бері тойланып келеді.
АҚШ тәуелсіздігі жолындағы күрестің қаһарманы және бірінші Президенті Джордж Вашингтонның туған күнін ресми түрде тойлау дәстүрі 1880 жылғы 22 ақпаннан бастау алады. 1972 жылдан АҚШ Конгресі әрбір жылғы ақпанның үшінші дүйсенбісін АҚШ-тың барлық Президенттерінің мейрамы етіп бекітіп беріп, ол келесі жылдан күн тәртібіне енген екен.
1-жүргізуші
Сондықтан болар, Нұрсұлтан есімі бүгінгі таңда адамзаттың озық мемлекет қайраткері Махатма Ганди, Шарль де Голль, Дэн Сяопин, Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куан Ю, Махаткир Мохаммад, Петр І есімдерімен қатар аталып жүр.Олардың бәрі де дүйім жұртты аузына қаратқан, жаңа мемлекет құрушы немесе «Ұлтты азат етуші» деген абыройлы атқа ие болғандар.Олардың басшылығындағы мемлекеттер стратегиялық өрлеу жолына түсіп, әлемдік көшбасшылық рөлге ие болды.Қазақстанда мұндай тұлға қиын-қыстау кезеңде мемлекет құрудың жауапкершілік жүгін мойымай
арқалаған Біздің Тұңғы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені даусыз.
2-жүргізуші
Кештің жоспарымен таныстырып өтейін
І. Балалық шақтың аспаны
/Өнегемен өрілген өмірбаян/
ІІ.Тәуелсіздік шежіресі
/1991-2012 жылдар/
ІІІ. Түркі әлемінің көшбасшысы
«Айтуға оңай» ток шоуі
ІV. Жоталы жеңістер
/ Дүниежүзін мойындатқан ерліктер/
V. Ер мерейі -ел мерейі
/Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлері,
өнер қайраткерлері Президент Н.Ә. Назарбаев туралы/
VІ.Әлем назарындағы Қазақстан
VІІ.Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!
/Қорытынды сөз
1-жүргізуші
Енді тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі, қызметі, еңбектері жайлы білімімізді ортаға салайық.
І. Балалық шақтың аспаны
/Өнегемен өрілген өмірбаян/
1-оқушы .
Әлжан ана перзент көрмей, құрсақ көтермей, аяғы жеткен жердегі әулиелерді аралап, ақыры райымбек батырдың басына кеп түнеген түні түс көреді. Түсінде ен далада жүгіріп келеді екен.
Жүріп келеді, жүріп келеді, ақыры көз ұшында сағымданып көрінген бір теңізге келіп тіреледі.
Теңіздің түбіне түседі, жүре береді. Бір кезде теңіздің түбінде жатқан ұзын мылтықты көреді.Мылтықты көтеріп алып, иығына салып, сол күйі теңізді кешіп отырып, арғы бетіне шығпды.Осы көрген түсін абысындарына айтып береді.Олар Әлжан ананың түсін жақсылыққа жориды.Құрсақты болады екенсің, өмірі күреспен өтеді екен дейді.Алла анамыздың тілегін беріп,тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, дүниеге болашақ Президентті әкеледі.
2-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелең), Шамалған ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұғышы. Мектеп табалдырығын аттағаннан соң барып Сұлтан (бала кезінде президентті ел осылай атаған) әке-шешесінің қамқоршысы болды. Басқа балалардай ол да асық ойнап доп тепті.Мектепте озат оқыған Нұрсұлтан сыныптағы оқушылардың ақылшысы әрі ұйытқысы еді.Әкесінің қамқоры Нұрсұлтан ісіне тындырымды , асықпайтын орнықты , әрі сабырлы, жаңалыққа жаны құмар болатын. Бауырлары �
�атыбалды ,Әнипа ,Болатқа үнемі жанашырлық жасап ,көмектесіп жүреді екен.
3-оқушы:
Әдетте оны мектепке баруға әтештің шақыруы оятатын. Ұйқылы көзбен қалың қарды омбылап, алты-жеті шақырым жол жүріп, мектепке жететін. Жеткен кезде кейде сағат 5 не 6 болып шығатын. «Үйге берілетін тапсырманы орындайтын уақыт тек түн мезгілі ғана. Атқаратын шаруа шаш-етек: малға шөп салу, асытн тазалау, су әкелу, отын жару, бақшаны күту, су суғару…Мұның есесіне Сұлтан алтындай қымбат уақытты бағалай білуді үйреніп өсті.
1-жүргізуші
Елбасымыз бала күнінде жақсы бір түс көрген екен.
2-жүргізуші
Көрініс «Сұлтанның түсі!
4-оқушы:
Жасынан пысық , ойлы ,талапты жаралған Нұрсұлтан алдағы алар межесін, асатын асуын ерте іздеді.Ол алғашқыда ұшқыш , бірде геолог,енді бірде химик болғысы да келді.Кейінде бұл шешімінен бас тартып,1958жылы (Украина)Днепродзержинск техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атқпен оралады.1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.
5-оқушы
Еңбек жолын Теміртау қаласындағы«Қазметаллургқұрылыс « тресінің жұмысшысы болып бастаған. Кейін Қарағанды металлургия заводында Қарметкомбинат шойын құюшы,домна пешінің көрікшісі , диспетчер , аға газ маманы болды.
Көрініс «Жас Металлург»
1969-1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. «Коммунистік еңбек екпіндісі» деген атаққа да ие болды.Қазақстан комсомолының 10 сьезінде, БЛҚЖО-ның 14 сьезінде қатысты.Дүние жүзі жастарының Хельсинки қаласында өткен фестивалына барды.1973-77 ж. Қарағанды металлургия комбинатының партком жетекшісі ,1977-79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, 1979 жылдан 1984 жылға дейін Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің хатшысы болды.
7-оқушы
1984-89 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.Ол Қазақстан үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.
1989 жылғы маусым айында Н.Ә.Назарбаев –Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің І хатшысы, 1990 жылғы сәуір айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті етіп сайлады.
8-оқушы
1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды, желтоқсанның 10-ы күні Республика сарайында Президентті ұлықтау рәсімі болды.Қазақстан Президентінің зайыбы Сара Алпысқызының мамандығы-инженер-экономист, Республикалық «бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Үш қыздары бар, немерелері өсіп келеді.
9-оқушы
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
Кеңес Одағының күйреуімен қатарласа Қазақстан үшін Тәуелсіздіктің таңы атты.Тәуелсіздік Қазақстан халқы үшін және оның негізін құраушы қазақ ұлты үшін баға жетпес бақыт еді.
. 1-жүргізуші
Елбасының ерен еңбегі еленіп, бағаланған
1993 жылдан эконокмика ғылымдарының докторы.Халықаралық инженерлер академиясының академигі.
1995 жылдан Қазақстан Республикасының ұлттық Ғылым академиясының,Белоруссия ғылым академиясының, Қазақстан мемлекеттік университетінің академигі, Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының құрметті докторы. «Құрмет белгісі« (1972), «Еңбек Қызыл Ту«(1980),«Алтын Қыран«`(1996),1-ші дәрежелі Мәскеу кінәзі әулие Данил (Орыс православ шіркеуі, 1996) ,Үлкен крес кавалері (Италия,1988,)«Ярослав Мудрый «(Украина ,1997), «Румыния Жұлдызы «орденімен(1999),«Исмоим Самони« орденімен (Тәжік�
�тан ,2000),«Әулие Михаил мен Әулие Геаргий Үлкен Крес «ордені( Ұлыбритания,2000,)
. 2-жүргізуші
1 класты Литва Ұлы князі Витаус( 2000), «Тың жерлерді игергені үшін «медалімен(1984),Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының екі Құрмет Грамоталарымен (1962,1971 ),Америка еріктілері Мемлекеттік емес органының«Еркіндік факелі«(1998),Көрнекті саяси қайраткерге ТМД елдері ішіндегі ең басты республиканың жаңа саяси,экономикалық,әлеуметтік құрылысын дамытуға қосқан орасан зор үлесі үшін деген тұжырыммен« Капри сыйлығы« берілді ( 1992). )ГерманияныңНюрнберг қаласының экономикалық даму және маркетинг Гильдиясының Алтын Медалі тапсырылды.Халық
аралық Кранс-Монтана форумының сыйлығының иегері(1996). 1993 жылы Халықаралық «Руханият «рухани дамуды қайта жаңартуды қолдау ассосациасының «Жыл Адамы« атағы берілді.Астана қаласының құрметті азаматы (1998), «Жүз жылдықтың саяси қайраткері« номинациясының «Жыл Адамы«( Алтын Адам) (2000),Халықаралық инженерлік академиясының «20 ғасырдың көрнекті инженері»
ІІ.Тәуелсіздік шежіресі
/1991-2012 жылдар/
2-жүргізуші
Негізі 2,5 мыңнан астам халықтар мен ұлыстардың барлығы бостан, тәуелсіз болғысы келеді.Бірақ, өкінішке орай, өз мемлекетін құрып, шын мәніндегі тәуелсіз ел болып отырғандары олардың 200-ден астамы ғана.Өмір сүру барысында мәңгі бодан болып өткен халықтар қаншама.Көне тарихта көпшілігі өзінің ешбір ізін қалдырып кетуге шамалары жеткен жоқ.
Өзінің отауын, егемен елін құра алған халықтар сақталып қана қойған жоқ, әлемдік үдерістерге өз әсерін тигізді, мықтылары тарихтан өз орындарын ойып тұрып алды.
Ал тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанға күмәнмен қарағандар да аз емес.
1-жүргізуші
Иә, ендеше келесі кезең- «Тәуелсіздік шежіресі»
1-оқушы
Өткенге көз жүгіртіп, осыдан жиырма жыл бұрынғы Қазақстанды көз алдымызға елестетсек, ең алдымен аумалы-төкпелі экономика, саяси белгісіздік, сансыратқан тапшылық, жұмыссыздық, бағаның құнсыздануы, өндірістің құлдырауы, әлеуметтік қажеттілікке бөлінетін қаржының тапшылығы халықтың тұрмысының төмендеуіне әкеп соқтырды.Зейнетақы мен өтемақы төлеуге қаржы жетпеді, елдің жалақысы айлап кешіктірілді.Осындай экономикалық қиыншылықтар демографиялық жағдайға да әсер етті. Миграциялық үрдістер күшейді, Қазақстаннан қоныс аударушылар с
аны еселеп кетті.
2-оқушы
Осы бір жауапкершілігі зіл батпандай ауыр міндет елдің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мойнына жүктелді. Қазіргі таңдағы Қазақстандай мемлекетті құру барысында Елбасы мен оның командасының атқарған жұмыстарын көрсету том-том кітаптар көтеретін жүк.
Сол жылдары ең қиын әрі ауқымды реформалар жүзеге асырылды.жекешелендіру бірнеше кезеңдерге бөлінді. Нәтижесінде өнеркәсіп жандана бастады, қаржы және макроэкономикалық тұрақтылық орнады, бюджет және салық жүйелері құрылды, адам айтқысыз инфляция ауыздықталды, халықтың өмір сүруінің қанағаттанарлық деңгейі қамтамасыз етілді.
2-жүргізуші
Елбасының Президентік қызметінің алғашқы күнінен-ақ елдің назарын аудары, қолдауына ие болған мәселенің бірі-оқу-білім мәселесі.Экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға тиянақты түрде қолдау көрсетіп кедеді. Президенттік «Дарын» бағдарламасы
1-жүргізуші
одан кейінгі 1993 жылғы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, білім берудегі жаңа реформалар, халықаралық университеттер ашылуы, Елбасы атындағы «Назарбаев» университеттері, «12 жылдық мектеп моделі», «Тілдердің үштұғырлылығы».
Мектебіміздің маңдайында жазылған Елбасының сөзі кімнің есінде?
3-оқушы
Иә, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы батыл да білікті қадамдар жасай білді. Кешегі одақтың өзге субъектілерінің арасында көп ұлтты Қазақстан этносаралық шиеленіске бір табан жақын тұрғандай көрінетін, алайда ондай келеңсіздіктерге жол берілген жоқ. Н.Назарбаев жасампаздық саясатты таңдап алды, халық пен мемлекет билігі бірлігінің , Конституцияның , адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының беріктігінің символы және кепілі болды.
4-оқушы
Сондықтан біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге , ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.
6-оқушы
1995ж. 29 сәуірде өткізілген бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Н.Назарбаевтың Президенттік өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.Қазақстан Парламентінің шешімімен 1999 ж. 10 қаңтарда өткен сайлаудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды .2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан республикасының Президенті болып қайта сайланды.
7-оқушы
. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тар жол,тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп саяси,экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару жолына түсті. Еліміздегі ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық арқасында Қазақстан әлемдегідостық пен бейбітшілік мекеніне айналды. Республикамыздағы 40-тан астам дін мен конференция өкілдері береке бірлікте өмір сүруде. 2030 жылға дейінгі қарқынды дамуды қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарлама қабылданып, әлемнің ең серпілді дамыған елдерінің қатарына қосылдық.
1-жүргізуші
• Сұрақ –жауап
• Оқылған оқиғаның жылын атау керек
• Дұрыс жауаптарға сый-сыяпат беріледі
Тәуелсіздік шежіресі
-16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды-1991ж;
-Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. Қазан айында тұңғыш ғарышкерТ.Әубакіров ғарышқа самғады. Қазқстан БҰҰ-ға мүше болып қабылданды-1992ж;
-Тұңғыш Конституция қабылданды. 15 қарашада төл теңге айналымға енді Алматыда Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы өтті-1993ж;
-Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.-1994ж;
-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. ЮНЕСКО деңгейінде Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерекесі тойланды, 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды-1995ж.
-Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерекесі тойланды,-1996ж;
-Елорда Астанаға көшірілді. « Қазақстан-2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы-Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. ЮНЕСКО деңгейінде М.Әуезовтың 100 жылдық мерекесі тойланды.Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы-1997ж;
-Халық бірлігі менҰлттық тарих жылы- 1998ж;
-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы-1999ж;
-Мәдениетті қолдау жылы, ҰОС-на 55 жыл -2000ж;
— Ғалым, Абайтанушы Қайым Мұхамеджановқа 85 жыл,Қазақстандағы Ресей жылы, ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы-2001ж;
-Денсаулық жылы-2002ж.
-Ауыл жылдары- 2003-2005ж.
-Қай жыл Қазақстандағы-Пушкин,Ресейдегі-Абай жылы болды?2006
-Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа Әнұран қабылданды.-2006ж
-Қазақ тілін қолдау жылы-2007ж;
-Астанаға 10 жыл-2008ж;
-Қазақстанның Украинадағы жылы-2009ж.
-ЕҚЫҰ самммиті -2010ж;
-Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық-2011 жыл;
-Осы уақытқа дейінгі Жолдаудың жалпы саны, ең соңғы Жолдаудың тақырыбын атаңыз?14 жолдау,Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру-Қазақстан дамуының басты бағыты
2-жүргізуші
…..Саған бір сұрағым бар, қайткенде де біз түптің –түбінде Тұрар Рысқұловтың «Түркі тілдес түгел болсын» деген аманатының жүзеге асарына сенесің бе?
1-жүргізуші
Сенемін, бұл істі жеріне жеткізу Түркі әлемінің көшбасшысы деп даусыз мойындалған тұлға ретінде біздің Елбасыға тарих жүктеген жауапкершілік жүгінің тағы бірі.
2-жүргізуші
Иә, бұл жөнінде оқушыларымыз не дер екен?
ІІІ. Түркі әлемінің көшбасшысы
1-оқушы
2010 жылы жылдың мамыр айында Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл Қазақстанға ресми сапармен келді. Алдымен Түркістанға барды. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың атын иеленген халықаралық қазақ-түрік университетінде сөз сөйледі. Ақтарыла сөйледі. Түркі тілдестердің тілектестігін арттыру жолында атқарылып жатқан жұмыстарға разылығын білдіре келіп «Осындай туысқандық байланыстардың бастауында біздің қадірлі азаматымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр. Қазақстан бүгінде әлем таныған мемлекет болып дараланды.Мен Түркия елшілі
гінде өткен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі елдерін біріктірудегі қажырлы еңбегін бағалап, Түркі әлемінің көшбасшысы деген атаққа лайық екендігін айтқан едім. Алайда, қазақстан басшысы ұсынысымды қолдаған жоқ. Бірақ мен де өз ұстанымымнан қайтпай, айғағы ретінде асатаяқ ұстатып, иығына шапан жабамын» деді.
Түркі әлемінің көшбасшысы… Әлемге бізден ерте танылған, халқының саны 75 миллионнан асатын Түркиядай мемлекеттің басшысы айтып отыр. Бір рет айтып, кісілігіне кішілігі жарасқан Елбасымыздың қолдамағанына қарамастан қолына асатаяқ ұстатып, иығына шапан жапты. Бұл күндері Елбасы ескерткіші Анкарада асқақтап тұр.
2-оқушы
1993 жыл сол кездегі Түркия премьер-министрі қызметіндегі , кейіннен Президент Сүлеймен Демирельге «Сіз бен бізге бір университет аз» Бүкіл түрік әлемін зерттейтін ортақ академия құруымыз керек,- депті Елбасмыз.Демирель бұл ойды қостап, «сіздіңше, ортақ академия қай мемлекетте болуы керек?» деген сұрақты қойып үлгерсе керек. Сонда Елбасмыз жауапты бірден қайырып: «Халықтың салмағына қарасақ, сізде болуы керек, ал тарихтың салмағына қарасақ, бізде болуы керек.. Басқаны айтпағанның өзінде, бүкіл түріктің рухани атлары Қорқыт пен Ясауи �
�азары қазақ жерінде ғой» деді. Сүлеймен демирель Бұл уәжге: «Мұны түркітектес мемлекеттердің қайсысы болса да мойындайды.» деуден басқа амалы қалмады.
3-оқушы
Ең бастысы-Нұрсұлтан назарбаев өзінің алқалы жиындарындағы сөздерінде, сұхбаттарында, кітаптарында түркі әлемінің қара шаңырағы қазақ елі екенін ұдайы еске ала отырып, оның рухани орталығы да осында болғаны орынды екенін дәлелдеп,, соның арқасында Астанада Түркі академиясы ашылса, Түркістанда тұңғыш халықаралық қазақ-түрік университеті ашылды.
1-жүргізуші
Жақсы, рахмет эфирде «Айтуға оңай» ток шоуі
«Айтуға оңай» ток шоу
Армысыздар, ардақты жұрт, эфирде «Айтуға оңай» ток шоуі
1 желтоқсанда қазақстан халқы жаңа мемлекеттік мереке-Тұңғыш Президент Күнін атап өтті. Тұңғыш Президент күні- барлық қазақстандықтардың Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні
Бүгінгі біздің әңгімеміздің өзегі де Елбасы, дәуір тұлғасының балалық, жастық шағы, басқа да қырлары, қасиеттері туралы болмақ. Ендеше, әңгімеміздің әлқиссасы слаидқа назар аударыңыздар
Журналист
Баршаға аян, Нұрағаңмен бір әке-шешенің тәрбиесін көрген бауырлары-өзіне кейінгі інісі, бүгінде марқұм Сатыбалды, одан соң қарындасы Әнипа мен кенже інісі Болат. Елбасының анасынан кейінгі тілеулес, тілеуқор ең жақын адамдарының бірі Әнипа Әбішқызын ағасы жөнінде көпшілік біле бермейтін қызықты естеліктерімен бөлісуге ортаға шақыралық
Журналист
-Әнипа Әбішқызы, Нұраға он жасқа толғанда дүниеге келіп, ол кісі мектеп бітіріп кеткенде, жеті жаста екенсіз.Жеті жастағы баланың есінде де талай нәрсе қалса керек, балалық шағыңыздағы ағаңыздың бейнесін көз алдыңызға әкеліп көріңізші.
Әнипа Әбішқызы
Есімде қалғаны, шешеміздің ісмерлігі сонша, күртеше, костюмге дейін тігетін. Аға соларды киіп, аяғында хром етік, жейдесінің жалпақ жағасын сыртынан жіберіп қоятын. Ылғи орыстың қыздары келіп, ағадан сабақ сұрайтын. Аға ерінбей отырып, түсіндіріп жататын. Ал 5 класты бітіргенде Украинадан аяғыма тәпішке, ақ жағасы бар алжапқышымен форма әкеліп берді. Сондағы қуанышымды айтпаңыз.Өйткені, 1-ші рет дүкеннен сатып алған форма кидім.Бір қызығы, ағада жас балалардағыдай өзіне тән бір керемет иісі болатын.Сатыбалды марқұм: «Мың кісінің ішін�
�н ағаңды тап десе, бас киімін иіскеп табар едім» дейтін. Сол жұпар иісі менің де мұрнымды жаратын. Әке-шешеме жаны ашып тұратын, оқуға барар алдында Алматыдағы банктердің бірінде үш айдай күзетшілік жұмыс атқарды, жолға ақшасын өзі тауып, Киевтегі институтқа қабылданғанда, әкем мен шешем жібермей қойды.
Журналист
Үлкен кісілер баласының атқа мінгенін, қызығын көре алды ма?
Әнипа Әбішқызы
1971 жылы әкей қайтыс болғанда аға қалалық партия комитетінде, ал1977 жылы шешей қайтқанда қарағандыда партияда екінші хатшы еді. Дегенмен, анамыз баласының қызығының шет жағасын көрді.Аға жаңадан көтеріліп, съездерге делегат болып жүргенде газеттегі фамилиясының астын сыздыртып қоятын.Сосын көршілерін шақырып, «Сұлтаным газетке шығыпты» деп, шай беретін. Ал баласына бара қалса, артынып-тартынып, келеді. Сұлтанымның арқасы деп, ол кезде жұрттың бәрінің қолы жете бермейтін қытайдың жеңіл тонын жарқыратып киіп шығатын.
Журналист
Әнипа Әбішқызы, ағаңыздың бауырмалдығы қандай?
Әнипа Әбішқызы
Өте бауырмал, бір ғана мысал айтайын, Сатыбалды көлік апатынан қайтыс болғанда, баласы Қайрат қатты жылап күйзелгенде аға: «Жылама, Қайрат, мен саған әке боламын, деген еді. Аға сол сөзінде тұрып, әкелік парызын өтеді, жеңгеміз Света да, Қайрат та, Сатыбалдының аруағы да риза.
Журналист
Жақсы жеңге де шешенің орынын алмастырып жатады емес пе? Жеңгелеріңізбен қалайсыз?
Әнипа Әбішқызы
Құдайға тәубе, екі жеңгеміз бар. Әрқайсының өз орны бар. Адамның жаманы болмайды., өзің жақсы болып, тіл табыса алсаң, жақындаса білсең.Шешем: «Әй, қыз, тыныш кел де тыныш кет. Шыққан қыз шиден тысқары, бұ үйге келген келін-менің адамым» деп отыратын.бет жыртысқан жеріміз жоқ.Ер-азаматтың атқа мініп жүргені үйіндегі берекеге, тілеуін тілейтін зайыбына да көп байланысты. Сол үшін Сара тәтеге, Сатыбалдының артынан ерген қос ұлын жақсы тәрбиелеп, атын да, түтінін де өшірмей отырған Света жеңгеме де, қара шаңырақтағы Гүлжан жеңгеме де алғысым�
�з шексіз.
Журналист
Өзіңіздің мамандығыңыз қандай? Қазір не істейсіз? Қанша немереңіз бар?
Әнипа Әбішқызы
Есепшімін. Қазір кәсіпкермін. Эльмира мен Азаматым –заң қызметкерлері. Ол екеуінен үш немерем өсіп келеді.
Журналист
Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, ағаңызға қандай тілек айтқан болар едіңіз?
Әнипа Әбішқызы
Бірінші байлық-денсаулық, Алла тағала ғұмырын ұзақ қылсын. Елім, халқым деп жарғақ құлағы жастыққа тимей, жастар өссе, Қазақстаным гүлденсе, деген ниетін Алла тағала қабыл етсін.
Журналист Ал енді ортада, сол Елбасымызбен бірге оқып, группалас болғанРыспанбек Төлендиев ағамыз.Қош келдіңіз,аға! Сізге қояр сұрағым- таяуда Елбасының үйінде болып қайтыпсыз, әбден шер тарқатқан шығарсыздар
Рыспанбек Төлендиев
Иә, үйінде болғаным рас. Әрине, кездескеніміз үшін аздап іштікте.Содан соң өткен күндерді Мен олардың Днепродзержинскідегі сонау бір жылдарында топтарының алғашқы жетекшісі болатынмын.
-Сен,Нұрсұлтан, білесің бе, бір кезде мен сені өлердей жек көруші едім.Онда сені менің орныма топ жетекшісі етіп сайлаған болатынсың.Сені өлтіруге қанша рет оқталдым десеңші!
Демалысқа үйімізге қайтып келе жатқанда пойыздан лақтырып жібергім де келді.Бірақ сен қырсыққанда тамбурға шықпай қойдың.Заводта жүргенде металл құйылған шөмішке итеріп жібермек те болдым.
Шынымды айтайын ,Нұрсұлтан не болғанымды білмей қалды.Өйткені, өзін металл құйылған шөмішке қарай қалай ұшып бара жатқанын, енді бір сәтте өзінен буға айналған бұлт қана қалатынын елестетті ғой деймін.Еркектердің емін-еркін айтылған мұндай әңгімесін естіген әйелінің халі қандай болды десеңізші.
Журналист
Бұл өшпенділіктіңқандай да бір себебі бар ма?
Рыспанбек Төлендиев
— Әрине, бар.Қызғаныш деген қызыл ит қой! Енді, қартайғанда несін жасырайын!Мәселе былай болған еді .Днепродзержинскіге барған балалардың арасында бұған дейін қамауда отырып , мерзімін өтеп қайтқан, негізінен ұрлық пен бұзақылығы үшін сотталған балалар да бар еді.Солардың бірі мен едім , бұрынғы ұры болатынмын. Дүлей күштің иесі едім,айнала төңірегімділердің зәресін ұшыратынмын. Жетім өскен жігіт , араларындағы дұрыс киінетін де менмін…Жігіттер менің аяқ-киімімді тазалайтын , шалбарымды үтіктеп қоятын , тіпті асханадан тарелкамен т
амақ та таситын.
Сөйтіп жүргенде менен Нұрсұлтанның күші кем емес екенін бірте-бірте байқадым.Оның үстіне орыс тілінде мейлінше еркін сөйлейтін және тек беске оқитын.. Сондықтан да балалар барған сайын оның төңірегіне топтаса бастады. Мұның ақыры , жоғарыда айтылғандай , топ жетекшісінің ресми ауыстырылуымен тынды. Енді , міне, арада көп жылдар өткенде айтып бердім.
Журналист
Елбасы сізді «Әділеттің ақ жолы» атты кітабында былай еске алады.
« Ол орыс тілін өте нашар білетін оның оқулықтардың тұтас беттерін, ондағы ережелер мен формулаларды ұғып алуға шамасы жетпесе түгелдей жаттап алатындығы еді.Кейіннен Теміртауға Днепропетровск технологиялық институтын бітіргеннен кейін келіп, ауысым бастығы болып істеді. Технологияның тілін білетін теңдесі жоқ маман болып шықты.Ал еңбексүйгіштігі жағынан өзінің әріптестері мен қол астындағыларды қатты састыратын».
Журналист
Қарсы алңыздар, Елбасының бірге оқыған группаласы Сауытбек Еркінбеков
Сауытбек аға сізге мынадай бір сұрақ. Днепродзержинскде сабақты қалай оқыдыңыз?
Сауытбек Еркінбеков
Бастапқыда өз ойымды орысша жеткізе алмайтынмын, мен ғана емес, көпшілігі солай. Тек Нұрсұлтан ғана орысша еркін сөйлейтін. Бізді тақтаға шығарса болды, «пәнді білемін, бірақ жақсылап айтуға тілім жетпейді» дейміз. Содан Нұрсұлтанға «Аудар» дейді.Ол бізге: «Тоқтамай сөйлей бер, нені айтсаң соны айт, тек тоқтама, ара-арасында домнаның, пештің сөздерін араластырып қой, қалғанын өзім қатырамын» дейді.Ауылдағы көрген-білгенімізді, ата-анамызды қалай сағынғанымызды, қойшы әйтеуір ойымызға не келсе соны айтамыз, балалар күлкілерін әрең тежеп
отырғаны.Мұғалім: «Дұрыс, біледі екенсің, жақсы біледі екенсің, бірақ орысшаны үйрен, үйренбесең болмайды, қашанғы жаныңда аудармашың жүреді» деген сияқты сөздерін айтып, жоғары бағасын қояды. Сөйтіп жүргенде, бір күні әшкереленіп қалдық.
Не айтсаң да өзің біл дегенге, біздің жігіттердің біреуі: «Ой, кеше әбден қыдырдық қой. Кешке паркке де бардық, киноға да кірдік» демесі бар емес пе. Нұрсұлтан болса «чугун мартеновский», «Форсунка высокого давления», «нормализационный отжиг» деген сияқты сөздермен аударып жатқан. Бір кезде мұғалім: «Подожди, подожди-ка» деді. «Слушай, что за парк, что за кино?» дейді анаған.Осындай қызықтар да болған.
Журналист
Жақсы, рахмет.
Көрерменге сұрақ
Елбасы Украинада емес, Қазақстанда қазақша оқыса, металлург болмаса, Президент дәрежесіне көтерілеме?
Журналист Қарсы алңыздар, Елбасының бірге оқыған группаласы –кезінде бас прокурор болған, Мақсұт Нәрікбаев.Біздің бағдарламамызға қош келдіңіз!
Мақсұт аға, өрімдей жас жігіттер арасында өзара келіспеушіліктер болушыма еді?
Мақсұт Нәрікбаев
Өзара емес, бірақ 1959 жылғы 31 желтоқсанда болған еді. Қазақ жігіттері Жаңа жылды мейрамханада қарсы алып, орталарынан біреуі джаз оркестрінің жетекшісімен төбелесіп қалады.Оған қалғанымыз көмектестік. Жаппай жұдырықтасу белең алып, қазақтар аз болғандықтан қаша бастадық. Бізді украин милициясы ұстап, қамап, ертеңіне бәрінің де елдеріне қайтарылатыны туралы хабарлады.Милициядағы билік өкілдеріне Нұрсұлтанның алғашқы саяси сөз сөйлеуі шығар, ол қолын көтеріп: Бес саусақ бірдей емес» деп бастады. Жаға жыртысуды бастағандардың бәрі д�
� кінәлі екендігін, әлгі жетекшіге де бұл оқиғаны дабырайта бермеуге көндірді. Ақыр аяғында бізді елге қайтармайтын болды.Бұл Назарбаевтың нағыз ерлігі еді, бәріміз де оған алғыс айттық.
Журналист
Солай, барлығыңызды алып қалған екен ғой! Жалпы қанша қазақ жігіті оқыған едіңіздер?
бас прокурор- Мақсұт Нәрікбаев
71 қазақ балсы оқыған едік.
Журналист
Ендеше,қарсы алңыздар, Елбасының досы – Микола Литошка
Сізге қояр сұрағым Микола Литошка , Нұрсұлтан екеуіңіз қалай таныстыңыздар?
Микола Литошка
Ол кезде еркін күрес кең тараған кезі еді.Бір күні секцияда күресіп жатқанбыз.Қазақтар біздің үстімізге келіп қалды.Мен Нұрсұлтанды ортаға шақырдым, ойланбастан атып шықты.Оның пошымы спортшыға тіпті ұқсамайтын еді.Үстінде-кәдімгі майка, бұтында- балағы ұзын дамбал.Бүкіл спорт залы күлкіге көмді. Ол ештеңеге де мән берген жоқ. Бір кезде тобықтан қағу әдісі арқылы ә дегеннен алып ұрды. Күлкі сап тыйылды.Алғашқы мүлт кеткеніме ызаланып, қызбалыққа салдым. Ол мені қапсыра құшақтап алды да, жамбасынан ала лақтырып жіберді. Екі жаурыным бірде
й кілемнің үстіне сарт ете қалды. Орнымнан тұрып, «Жарайсың, Қазақстан» дедім. Кейіннен қатты дос болып кеттік.
Мені таң қалдырғаны жап-жас Назарбаевтың бойындағы қуат пен топ жаруға ұмтылып тұратын мінезі айрықша еді.Ол кез келген істі қолға алып, дөңгелетіп жіберетін. Ол күресте де, спорттың басқа басқа түрінде де жеңілу дегенді білмейтін. Бір күні қайық есуге барғанбыз.Өзенде бірінші болуы екен, ескек есе алмады., ескекпен алысумен болды. Бірақ берілмеді де, алысуын да қоймады. Жағаға шыққанда қолының қанап, ойылып, қалғанын байқадым. Нұрсұлтан, осындай намысшыл еді.
Журналист
Көрерменге : Сіз қазақ халқын намысшыл халық деп айта алсыз ба?
Журналист
Қарсы алңыздар, Елбасының бірге оқыған группаласы – Парламент депутаты болған- Сатыбалды Ибрагимов.Жайғасыңыз аға!
Сатыбалды аға, сіз не айтасы осы Елбасымыз жайлы?
Парламент депутаты- Сатыбалды Ибрагимов,
Менің есіме де бір оқиға түсіп отыр.Металлургиядағы алғашқы ұстазымыз Погорелов Дмитрий Изотовичтің сабағы еді. Бір күні класта өскенде кім кім болады деген әңгіме қозғалып кетті. Шәкірттер шеберге жан-жақтан қаумалап, «Дмитрий Изотович, айтыңызшы, біз өскенде кім боламыз?» деп сұрақ қойып жатты.
Былай қарағанда, ойнап сұраған сияқтымыз, әйтсе де ұстазымздан байсалды жауап күттік. Ұстаз оқушыларға қадала қарап тұрды да, саусағын кезеп сөйлеп кетті…
-Сен инженер боласың, сен цех бастығы боласың, ал сен (Нұрсұлтан Назарбаевқа қарады) премьер-министр боласың» деді.
Журналист
Ол кезде Кеңес Одағының қол астында болғанымызды ескерсек, дәл болжаған екен ғой!
Журналист
Көрерменге : Елбасының бала күнінен еңбекқор болғанын білесіз, енді сіз ұстазсыз ғой,
Сондықтан мынадай сұрағым бар, қазіргі балалардың еңбек тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
Ал енді соңғы қонағымыз Бекболат Тілеухан, әнші-сазгер, Мәжіліс депутаттын ортаға шақыралық.Төрлетіңіз!
— Біз сізді Елбасының сөзіне жазылған «Елім менің» әнінің авторы ретінде білеміз.Бұл әннің мәтіні сіздің қолыңызға қалай, қандай жағдайда түсті?
Бекболат Тілеухан
-1995 жылдың соңы, 1996 жылдың қарсаңында композитор Ерғали Рахмадиев бүкіл елге керемет ән тарту етті. Кейін бірнеше ай өткеннен кейін, шағын ортада отырғанда, жаңа әнді Елбасымыздың өз аузынан естідім.Ол кісі: Татарстанда болдым, татарлар бұл әнді бүкіл ел болып, жұрт болып, толқып айтқан кезде кереметтей әсер алдым. Бірақ олар біз сияқты тәуелсіз ел емес қой. Сөйте тұра ел елдік туралы әнді сондай бір шабытпен айтады. Біз болсақ тәуелсіз елміз, осы ел болып, жұрт болып, айтаттын бір жақсы ән шықса керемет болатын еді деп о�
�ладым деді. Бұл Президенттің халық музыкасы оркестр-ансамбліне жетекші болып келіп жатқан кезім еді. Осындай сөз шықты. Енді осыған жақсы бір ән болса.Сен ән шығаруға қалайсың, Бекболат? –деп бір кезде маған қарады. Ол кезде менің ән шығаратынымды ешкім білмейтін. «Осы бала ән шығарады –ау дегені» үлкен кісінің сұңғылалығы ғой»
-Сіз не деп жауап бердіңіз?
-Әрине, мен «көрейін» деп жауап қаттым. Содан кейін іле-шала ізденіске кірісіп кеттік.
-Әннің ең бірінші естушісі кім болды?
— Ең бірінші әйелім Раушанға тыңдаттым. Раушан-музыка зерттеушісі. Одан кейінгі естіген Президенттік «Ұлан» гвардиясының қолбасшысы- Сәт Тоқбақбаев.Ол кісі кәсіби музыкант емес, бірақ «мына ән құлаққа жағымды екен» деп пікір білдірді. Одан кейін-үшінші тыіңдаған адам-Президент. Ол кезде диск, дискет деген әлі жоқ.Кассетадан ойнатты. Бір тыңдады, екі тыңдады, бір кезде мен жаққа қарады.Азғантай сәтке көзім тұманданып кеткендей болды.Бір қарасам, Елбасы жүзін бұрып алып кетіпті. Көзінің жасын сүртіп жатқанын байқадым. Келесі сәт көзінен �
�ас тағы бұрқ ете қалды.
-Әзілдеп болса да айтайық, әніңізге қандай мөлшерде қаламақы немесе сыйақы алдыңыз?-
-Әніме алмаған қаламақы, көрмеген құрметім жоқ. Осы әнім үшін шақырмаған концерттерімнің барлығында сыйақы алдым. Кім санапты? Жалпы, Алла Тағала осы әнді себеп қылып, маған өте үлкен абырой берді.
Журналист
Кім нығайтса Тәуелсіздік тірегін,
Соған ған дауыс берер жүрегім.
Сіз тоқталмай, тоқтамайды Нұраға
Ере берер артыңыздан Ұлы елің!
Ендеше,еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болып, Елбасымызбен бірге жасай берейік, Эфирде болған «Айтуға оңай» Ток шоуы,мен -Бейсен Құранбек , келесі жүздескенше ,ағайын қош,сау болыңыздар!.
«Менің елім» теледидардан көрсету
1-жүргізуші
Қазақстан Елбасының халқына сіңірген нақты да басты еңбегі неде?
2-жүргізуші
Бүкіл әлем мойындаған жоталы жеңістері қандай?
Сөз кезегі өздеріңде
ІV. Жоталы жеңістер
/ Дүниежүзін мойындатқан ерліктер/
Біріншіден, Н.Назарбаев өзінің жарлығымен жер жүзінде алғаш рет Семейдегі Ядролық тажал полигонын жапты, жаһандық ядролық қарусыздану үдерісінің басталуына белгі берді. КСРО-ның ядролық мұрасынан бас тартып, Қазақстанды ядролық қарусыз ел деп жариялады. Ядролық қаруды таратпау және сынауға тыйым салу туралы келісімге қол қою жөнінде шешім қабылдады.Ядролық клубтың тұрақты мүшелері –АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Францияда өз еліне қауіпсіздік кепілдігін алуға қол жеткізе алды. /Слайд көрсету/
1-жүргізуші
Иә, солай
Бұл жай еліміз бен Елбасының халықаралық аренадағы абыройын асқақтатқан және өзге мемлекеттердің ядролық сынақ полигондарының бірінен соң бірінің жабылуына тікелей ықпал еткен, күллі адамзат мүддесінен шығып, әлем қауымдастығынан жаппай қолдау тапқан бүкіл әлемнің санасын селт еткізіп, кілт өзгерткен айбынды ерлік болатын.
Сонымен қатар, бейбіт атом обьектілері мен олардан шығатын мыңдаған тонна ядролық улы қалдықтардың өздері лаңкестердің қолына түссе, әлем қауіпсіздігіне төніп тұрған айбалта екені дау тудырмайтын шындық. Жалмауызға да жан керек демекші, ядролық алпауыттарың да терең сезініп, кейінгі кезде жиі-жиі бас қосуда.
2010 жылы кейінгі 65 жылдың ішінде Ядролық қауіпсіздікке бағышталған ең ірі жаһандық саммит Вашингтонда өткізілген еді. Оған 47 мемлекет басшылары қатысты. Бұл саммитке Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обаманың арнайы шақыруымен келіп, саммит мінберіне бірінші болып көтеріліп, өз ой-пікірін ортаға салған болатын.
2-жүргізуші
2011 жылы Сеулде өткен антиядролық самитке қызығушылық танытқан мемлекеттердің саны 53-ке жетіп, оған Елбасы Нұрсұлатн Назарбаев тағы да АҚШ Президенті Барак Обаманың және Оңтүстік Корея Президенті Ли Мен Бактың арнайы шақыруымен барып қайтты.Қазақстан Лидеріне деген құрмет Вашингтон саммитінде де соншалықты биік болса, Сеул саммитінде де соншалықты биік болды.Бұл жиында АҚШ пен Қытай сынды екі алып ядролық мемлекет басшыларының ортасынан Қазақстан Президентіне орын берілді.Әлемдік саясат сахнасына ешнәрсе жайдан-жай болмайтыны�
� ескерсек, бүкіл әлем назарына іліккен Қазақстанға көрсетілген бұл құрмет Қазақстан Президентіне берілген әлем қауымдастығының әділ бағасы деп қабылдаған лазым.Биылғы 29 тамызда Астанада «Ядролық сынақтарға тыйым салудан-ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференция өтті.Мұнда қазақстан «Атом « жобасын ұсынылып, атом аждаһасының қандай қасірет әкелетіндігі кезекті рет көлденең тартылды.Бұл жиында Қазастан Президентіне Нобельдің Бейбітшілік сыйлығын беру жөнінде әңгіме көтерілді.Елбасы бұл атақты алып жатса, еңбегінің оң
бағаланғаны.
Екіншіден, Қазақстан Президенті БҰҰ мінбесінен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру идеясын жария етіп, оны іске асырды. Он жылдан кейін Алматыда АӨСШК саммиті болып, осы үдерістерді институттандыру туралы маңызды құжаттар қабылданды.
Үшіншіден, Президенттің шешімімен1997 жылы еліміз жаңа ғасырға қадам басар тұста астананыАлатау баурайынан Сарыарқа өңірінде көшірілуі теңдессіз тарихи оқиға болды.1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың тұсаукесері болды. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға «Бейбітшілік қаласы» деген мәртебе берілді.
«Жаман кітапты оқымай қоюға болады, нашар музыканы тыңдамай шығып кетесің, халтура сурет қоймада өледі. Атүсті сызылған сәулет көзге күйік болып ғасырлар бойы қалқиып тұрады. / Слайдтан оқу/
Жалпы Астананы құру кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы әйгілі суретшілердің алдына үш бірдей талап қойды. Бірінші: өткен тарихымызды басқыш етіп, келешек заманның таңғажайып құбылысының пердесін ашар жаңашылдық егіз өрлеуге тиіс. Екінші: ұлы даланың ерекшелігі арман көкжиегіне ұласардай ұрымтал тұстардан көрініс тапса дедеі. Үшінші: әрбір кешенді ғимарат дүниенің келбетін ашатын пәлсапалық көзқараспен салынуға тиіс. Күн санап іске аса бастаған айшықты меже осы еді!
Астанамыз- Болашағым- Ақиқатын айтар болсақ нақтылы
Қасиетті төріміз, Астанамда басталған, Қазағымның пейіліндей пәктігі
Айбынымыз, Түнек түн де Астананы-
Айбат тұтар өріміз. Астанамнан жасқанған. Бас қаланы туғызған
Жер-жаһанның оған ауған назары. Сұлу қала Президент Назарбаев
Мақтан тұтып, Ертегілер елінен Авторы!
Мадақтаймыз оны біз. Жаңа түсе қалғандайын
Аспаннан.
Қазақта «Екі тойың-қабат, екі дүниең абат болсын» деген қанатты сөз бар. Елбасы қазақтың бағына туған елдің ұлы болса, Астана-Елбасының төл перзенті. Екеуінің туған күні-6 шілде.
Төртіншіден, қазақстандық басшының бұрынғы кеңестік кеңістіктегі интеграциялық идеялары да ақиқатқа айналды. 2000 жылы Астанада Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық құрылды, он жылдан кейін-Кеден одағы дүниеге келді.
Н. Назарбаев қазақтардың ұлт ретінде қалыптасқаннан бергі тарихында алғаш рет Қазақстанның көрші елдермен мемлекеттік шекарасын ресми түрде делимитациялады.
Бесіншіден, Президент Ресеймен Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге, Мәңгілік достық туралы декларацияға, Қытаймен Тату көршілестік, Орталық Азия елдерімен Мәңгілік достық туралы келісімге қол қойды. Сөйтіп, біздің еліміздің бүкіл шекарасы бойында қауіпсіздік аймағы құрылды.
Алтыншыдан, Қазақстан Президенті басшылығымен тәуелсіздік жылдарында ТМД-дағы ең жоғары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді.Сөйтіп, халықаралық ортада өз орнын елеулі істерімен бекемдеді.
Жетіншіден, өткен ғасырдағы қуғын-сүргін жылдарында туған жерден амалсыздан қол үзген біздің көптеген қандастарымыз қазақстанға оралды.
Сегізіншіден, 2010 жыл қазақстандық сыртқы саясат үшін жұлдызды жыл болды. Біз ТМД және Балтық өңірі елдерінің арасында бірінші болып дүниежүзіндегі аса мәртебелі ұйым ЕҚЫҰ-ға төраға болдық. Астанада 11 жылғы үзілістен кейін осы ұйымға қатысушы 56 мемлекет басшыларының Саммиті өтті. Мұнан кейін Қазақстан Ислам Конференциясы ұйымы секілді беделді ұйымға төрағалық етті.
Тоғызыншыдан, Н.Назарбаевтың конфессияаралық келісім мен бейбітшілік туралы идеясы да өз жемісін берді. Сөйтіп Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төрт форумы өтті.
1-жүргізуші
«Енді адамзаттық адамгершілік, әлемдік имандылықтар туралы толғанатын кез туды. Сондықтан да «Ізгілік, рақым, имандылық секілді ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамды, адам арқылы адамзатты тазарту қажет»
Елбасы адамды құтқарғың келсе, адамзатты құтқар деп отыр.
Оныншыдан, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан халықаралық олимпиадалық қауымдастыққа белсенді атсалысты. Елімізде 80-нен астам Спорт түрлерінен федерациялар құрылып, әлемдік беделге ие болды. Атланта, Сидней, Афина, Бейжің, Лондон олимпиадасының жетістіктері жетерлік. 27 мемлекет қатысқан YІІ Қысқы Азия ойындары, әзірлігі мен шеберлігі астасқан спортшыларымыз байрақты бәсекеде намысты қолдан бермей, Жапон, Корей, Қытай сынды азулы елдердің өзін жер мен көктей басымдылықпен жеңіп, еліміздің мерейі арта түсті. Қазақ�
�тан өзінің спорттық держава екенін дәлелдеді.
Он біріншіден, Астана әлем төріне айналды. Төрткүл дүние осы жерде, қазақтың қарашаңырағында Елбасының төңірегінде табысатын болды
Елбасының тағы бір ерен жеңісі, Қазақстанның кезекті биік белесі-ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу бақытына ие болды.Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру үшін Қазақстан «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсынды. 161 мемлекеттің жасырын дауыс беруі нәтижесінде Астананы 103 ел қолдап шықты. Ал Қазақстан елордасына бәсекелес болған Бельгияның Льеж қаласы 44 дауыс алды.
1-жүргізуші
кезеңге өтпес бұрын біз Жас Отан жастар қанатының 2 сьезінде Елбасның сөйлеген сөзінен үзінді келтіре кетейік.
Тәуелсіздік алған 21 жыл ішінде Қазақстанға 160 миллиард доллар шамасында тікелей инвестиция салған біздің барлық шетелдік инвесторларға ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Бұлар –Ресейдегі, АҚШ-тағы, Қытайдағы, Еуропа Одағындағы,ТМД елдеріндегі, Оңтүстік- Шығыс Азиядағы, Қиыр және Таяу Шығыстағы сенімді әріптестеріміз.
2-жүргізуші
Ал, бұл дегеніміз Қазақстанның жасампаздық әлеуетіне сеніп сеніп отырғандығы. Ұлттық банк пен Ұлттық қордың жиынтық қаржы капиталы бүгінде 85 миллиардтан астам долларды құрап отыр. Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің 140 мемлекетімен қарым-қатынас орнатып, дамуда.
1-жүргізуші
Қазір қазақстанда әлеуметтік жаңғыртудың ауқымды үдерістері жүргізіліп жатыр. Оның басты мақсаты-қазақстандықтардың өмірлері үшін біздің ежелгі жерімізде ешқашан болмаған сапалы жағдай туғызу болып табылады.
2-жүргізуші
Ендеше елімізді осы дәрежеге жеткізген Елбасы жөнінде әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлері, өнер қайраткерлері не дейді екен?
V. Ер мерейі -ел мерейі
/Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлері,
өнер қайраткерлері Президент Н.Ә. Назарбаев туралы/
Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлері, өнер қайраткерлері
Президент Н.Ә. Назарбаев туралы
«Атқарылған істің бәрі көзге көрінбейді, жеңіл жасалғандай болуы мүмкін. Алайда басынан бастап, Қазақстанды бүгінгідей даму деңгейіне жеткізудің орасан зор міндетін орындау оңай жұмыс еместігі анық. Ал Назарбаев болса, бұл міндетті тамаша атқаруда»
Ресей Президенті Владимир Путин
«Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді.Мен сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті алға жылжыту жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын»
АҚШ Президенті Барак Обама
«Тәуелсіздік алған сәттен беріде сіздің көреген саясатыңыз еліңізді бостандыққа апаратын сара жолға түсірді.Уайымшылдар, сірә, Сіздің еліңіздің этностық және діни саналуандығы алауыздық пен араздық туғызып,Қазақстанды әлсіретеді деп ойлаған болуы да мүмкін.Бәрі де керісінше болып шықты.Қайта саналуандылығының арқасында Қазақстан көркейе түсті, қайта түрлі дәстүрлері мен діни нанымдарының байлығы арқасында қуаттана түсті.Нұрсұлтан Назарбаев қалыпқа сыймайтын тұлға, ол Қазақстанды бүгінгі шыққан биігіне жеткізу үшін батылдық п�
�н сақтықтың үйлесімін пайдаланды. Сіздер басқаға үлгі болып отырсыздар.»
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер
«Қазақстан Орталық Азиядағы белді мемлекет болып табылады, ал Нұрсұлтан Назарбаевты мен әлемдік деңгейдегі көшбасшы деп білемін. Оның басшылығымен Қазақстан дамудың қайран қаларлық биігіне көтерілді.»
Корея Республикасының Президенті Ли Мен БАК
«Мен ешқашан Сіздің деңгейіңіздегі адамды жолықтырған емеспін»
Ресей халық әртісі Владимир Винокур
«Сіздің тамаша адами және кәсіби қасиеттеріңізге, өмірге құштарлығыңызға,
шынай көшбасшы және тәжірибелі басшы ретіндегі талантыңызға жан-жүрегіммен тәнтімін»
КСРО халық әртісі И.Д. Кобзон
«Назарбаев- Қазақтың Джордж Вашингтоны»
АҚШ экс-президенті ДЖ. Буш
«…Саясаткерлердің екі категориясы бар. Біреулері- «қиратушылар», екіншілері- «жинаушылар». Екінші категория бағалырақ, сондықтан сирегірек.Назарбаев-жинаушы.Ол- тарихи аса қысқа мерзімде өңірлік астам держава жасаушы…»
Франциядағы атақты және титулды әйелдердің бірі , Француз академиясының тұрақты хатшысы Элен Каррер д,Анкосс
«Астана Саммитінің өткізілуі-Нұрсұлтан Назарбаев бағындырған ең биік белес болып табылады.Мен ЕҚЫҰ-ның саммитеріне осымен үшінші рет қатысқан саясаткермін. Мұндай жоғары өткен жиынды әлі көргенім жоқ.Біз Қазақстаннан үйренуіміз керек»
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко
«Тұңғыш рет ЕҚЫҰ Саммитінің Орталық Азиядағы елде өтіп отырғандығы Ұйымның және Хельсинки қағидаттарының бір ғана топта немесе жекелеген елдерде ғана емес, бүкіл әлемде дерлік қолданылатындығын көрсетеді.Бұл Саммитті өткізген Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдар ішінде толайым табыстарға, оның ішінде экономикалық жетістіктерге қол жеткізді..Осы арқылы ол өзінің алдына мақсат қойып, соны орындай алатын ел екенін көрсетті.»
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон
«Қазақстан ЕҚЫҰ жұмысына тың серпін берді.Мен Қазақстан Президентіне алғыс айтамын.Ол бір мезгілде ұлан-ғайыр аймақта қауіпсіздік мәселесін тек бейбіт жолмен қамтамасыз етудің басты қағидат екенін барлығына мақұлдатқызды».
Австралия Сыртқы істер министрі Кэвин Радд
«ЕҚЫҰ құрылған 70-ші жылдары оны бір кездері Қазақстан басқарады дегенді біреудің ойлауымүмкін бе еді№ Мұнда бәрі де нөлден басталған-тын. Қойнауында барлық Менделеев кестесіжатқан осынау қуатты елде дана, күш-жігері толысқан Нұрсұлтан Назарбаев бар.
Нұрсұлтан Назарбаев –Еуропаға бағыт ұстаған Еуразиялық»
Франциядағы атақты және титулды әйелдердің бірі , Француз академиясының тұрақты хатшысы Элен Каррер д,Анкосс
1-жүргізуші
Өзінің даму қарқыны, экономикалық қуаты, адами әлеуеті бойынша Қазақстан Орталық Азия мен ТМД-да көшбасшы позицияға ие болып отыр. Әлемнің көптеген елдерінде біздің тәжрибеміз ықыласпен зерттелуде.
2-жүргізуші ендеше келесі кезең- әлем назарындағы Қазақстан
VІ.Әлем назарындағы Қазақстан
1-оқушы
Кеңес одағының ыдырауы нәтижесінде қазақстанның өз алдына отау тігуі әлем жұртшылығын елең еткізді.
Қытайда Қазақстанды кешенді түрде зерттеумен шанхай әлеуметтік ғылымдар академиясының тарих институты, Шыңжаң университеті, Қытай әлеуметтік академиясының Ұлттар институты шұғылданады.
2-оқушы
Шығыс Еуропа және Ресей институтында да Орталық Азияны зерттеу басты ғылыми бағыттардың бірін құрайды.Жапонияның қазақстан тарихы және мәдениетімен таныстығы Кацуо Эноки, Набуаки Снокава және басқада ғалымдардың еңбектерінен айқын көрінеді.
3-оқушы
Өткен ғасырдың 90- жылдарынан бастап Германияда да ортаазиялық өңірді зерттеуге байланысты ауқымды шаралар қолға алынған, Гете атындағы Франкфурт универ-де Шығыс филологиясын зерттеу институтында қазақ тілі мен әдебиетін зерттеу жолға қойылған.
4-оқушы
Австралияда Мельбурн универ-де Қазақстанға соңғы кезде ғана көңіл бөліне бастаса,АҚШ жедел қимылдап, өздерінің зерттеу орталықтарына Қазақстандағы және онымен көршілес бұрынғы Кеңес Одағы Республикаларындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді зерттеу міндеті жүктелді.
5-оқушы
Соңғы 10-15 жыл шамасында шетелдік ғалымдар қатары қазақстанды арнайы зерртеп, ғылыми дәрежелер алған жас кадрлармен толығуда.Қазақстан әлемдік баспасөз беттерінен де түспей келеді.Халық аралық сарапшылар Ролан Данройтер мен Грэхем Фуллер баспасөз беттерінде Қазақстан Президентінің стратегиялық болжампаздығын, көшбасшылығын атап көрсеткен.
«Н.Назарбаев кезінде ядролық қарудан бас тартуы арқылы өз елінің тұрақты дамуына берік негіз қалап, әлем жұртшылығының сенімі мен құрметіне бөленді, жаңа қазақ ұлтының әлеуетті де жарқын болашағы бар» деп түйіндейді батыс ғалымдары мен сарапшылары.
VІІ.Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!
/Қорытынды сөз/
1-жүргізуші
Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің алғашқы жиырма жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.
Біз тәуелсіздіктің жиырма бірінші жылына аяқ бастық. аз ғана жылда абыройы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық.. Мұның барлығы бір ғана есіммен байланыстырып жеткен жетістік екенін барлығыңыз білесіздер. Ол қазақтың бағына туған -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Әлемге танылу жолы-шырғалаңға толы, бірде тайғақ, бірде тұманды да ызғарлы, тосқауылдары, сынақтары мен қиындықтары мол азапты жол. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ ұлтын баршаға, күллі әлемге танытқан Елбасы.Елімізді алпауыт мемлекеттер қатарына қосқан біртуар тұлға, мемлекет қайраткері мен саясаткер ретінде Тарихқа енді.
Елбасының қанатты сөзі бар: «Бабаларымыз тірі болу үшін бір болды, біз ірі болу үшін бір болуымыз керек»
Алты Алаш ардақтаған Абылай да, Абылайдан бұрынғы Әз Тәуке де, данагөй Бұқар мен киелі үш би де-бәрі бірлікті аңсады. Төрінде төбедей болып, төрге жарасар төредей болып, төрт құбыласы теңелсе деп еді. Тек әлемнің төрі туралы толғанған жоқ-ты.Әлемнің төрі туралы әлем таныған қайраткер ойлады.
Қазіргі Қазақстан кешегі Кеңестер Одағы атанған, бүгінде ТМД, ТМД аумағындағы ҰҚШҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, ЕҚЫҰ делінетін жарты әлемнің танымалы да, саңлағы да. Танымал болуы-бірлігінен, саңлақ болуы-көшбасшысының көрегендігінен.
Бағдарлап оң мен солын бала кезден, Қуаныш кеудемізді керней берсін
Елінің болашағын ерте сезген. Құлашын болашаққа сермей берсін.
Халқының қалаулысы Нұрсұлтанды- Тек алға, жаса, жаса Қазақстан!
Сақтай гөр Тәңіріміз тіл мен көзден! Тұғыры Тәуелсіздік өрлей берсін!