Қызылқоға ауданы
Ш.Т.Еркінов орта мектебі
Алтайқызы Рита
Тарих және құқық пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойын ұлығылау.
Дамытушылық: Оқушыларды тарихи оқиғаларды оқып – үйренуге, тарихшылар зерттеулеріне талдау, қорытынды жасай алу арқылы ойлау қабілетін дамыту, салыстыра білуге, өз бетімен шығармашылық жұмысқа өз ойын жаза білуге үйрету.
Тәрбиелік: Бүгінгі ұрпаққа тәуелсіздік сыйлаған ұлы тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастыру, жас ұрпақтың бойында отаншылдық, патриоттық сезімдерді қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, идеялар себеті әдісі, зерттеу әдісі, репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс.
Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың әдістері, проблемалық оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тарихи сызбалар, кесте, қазақ хандығының картасы.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ хандарының ғұмырнамасы Алматы 2005ж.
2.Қазақ хандығы. ІІ бөлім: Қазақстан балалар энциклопедиясы Аруна 2009ж.
3.Тарихи тұлғалар Алматы 2005ж.
4.Ғасырлар тоғысында Алматы 2003ж.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру.
1.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2.Оқушыларға әріптер таратылып, құрастырылады. Жәнібек және Керей хандар тобына бөлініп, топ басшылары сайланды.
- Оқушыларды бағалау парағын топ басшыларына тапсыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тақырыбы: «Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары»
(Эвристикалық әдіс арқылы)
Ұлттық мемлекет құрылуы қарсаңындағы Қазақстанның жағдайы | 10 | 20 | 30 |
Этникалық жағдайы | 10 | 20 | 30 |
Экономикалық жағдайы | 10 | 20 | 30 |
1) Ұлттық мемлекет құрылуы қарсаңындағы Қазақстанның жағдайы
- ХҮ ғасырдың ортасындағы Ноғай Ордасы, Моғол хандығы, Әбілқайыр хандығының өмір сүрген аймағы?
- Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы арасындағы талас–тартыс неден туды?
- Қазақ хандығы құрылуының қандай тарихи қажеттілігі болды?
2) Этникалық жағдайы
- Біртұтас ұлттық мемлекет құрылуының басты белгісі қандай болуы тиіс?
- Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамын ата?
- ХҮ ғасырда өмір сүрген Фазлаллах Ибн Рузбихан қазақтарды қалай сипаттаған?
3) Экономикалық жағдайы
- Қазақстанда өмір сүрген ру-тайпалар қандай шаруашылықпен айналысқан?
- Экономикалық және мәдени жағынан дамуына зор ықпал еткен жағдай?
30.Қазақ хандығының құрылуына экономиканың дамуы қалай әсер етті?
ІІІ. Үй тапсырмасын тарихи сызба арқылы қорытындылау.
Қазақ хандығының қалыптасу алғышарттары |
Әбілқайыр хандығындағы ру-тайпалардың саяси жағдайы |
Хан ұрпақтарының билік үшін таласы |
Ойрат тайпаларымен соғыста жеңіліске ұшырауы |
1465-1466 ж Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығы құрылды. Керей мен Жәнібек сұлтандар |
ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.
Тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылуы»
Жоспары:
1.Қазақ хандығының құрылуы
- Қазақ хандығының аумағы
- Халқының этникалық құрамы
- Көрші елдермен қарым–қатынасы
«Идеялар себеті» әдісі.
(Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білетін барлық мәліметтері тақтада ілініп тұрған «Идеялар себетіне» жазылады, тіпті олар қате болса да. Барлық қателер жаңа ақпаратты игеруіне қарай түзетіледі немесе түсінік беріледі)
Жәнібек пен Керей |
Қозыбасы |
1465-1466жж қазақ хандығы құрылды |
1458 ж көктемде қазақ хандығы |
Қазақ хандығының құрылуы
|
1457 ж Амудария мен Сырдарияның арасындағы Әбілқайыр хандығынан бөлінді
|
Батыс Жетісу жеріндегі Монгол хандығының жері Шу өзені бойындағы Қозыбасыда Керей мен Жәнібек сұлтандар |
1465-1466 ж Мұхаммед Хайдар Дулати |
1458ж көктемде құрылған.
Соңғы ғылыми-зерттеулер |
Қазақ хандығының аумағы |
Хандық алғашқы құрылған кезде Қозыбасы мен
Шу аумағы |
ХҮғ.а. Оңтүстікте Сырдария алабын, солтүстігінде Сарысу өзеніне дейінгі аймақ
|
ХІҮ-ХҮғ қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға, Сырдария Тянь – Шаньннан Қаратауға дейінгі жерлерді қоныстанған |
«Құтты қоныс» Суретші Д.Қастеев
Халқының этникалық құрамы
Үйсін
Қаңлы
Қоңырат
Қазақ даласының Қыпшақ
негізгі тұрғындары Найман
Керей
Маңғыт
Көрші елдермен қарым–қатынасы
Моғол хандығы Қырғыз халқы
Қазақ хандығының ерекшелігі:
«Қазақ деген тайпаның емес, Қазақ халқының мемлекеті болды. Яғни, Қазақ хандығының құрамына енген тайпалардың барлығының мемлекеті.
«Қазақ хандығы бүкіл Орталық Азиядағы ең алғашқы құрылған ұлттық сипаттағы мемлекет».
Н.Ә.Назарбаев
«Ғасырлар тоғысы» еңбегі
Қазақ хандығының үш жарым ғасырлық тарихы бар:
Керей мен Жәнібек хандар негізін қалады. Ал оның түпкілікті жойылған уақыты:
Орта Жүзде – 1822ж
Кіші Жүзде – 1824 ж
Бөкей Ордасында -1845ж жойылды.
Уәли хан – Орта жүздің, Шерғазы хан, Бөкей хандар – Кіші жүздің соңғы хандары. Кейін Қазақ хандығын қалпына келтіруге Кенесары хан күш салып, 1841 ж хан сайланды, бірақ 1847ж қаза тапты. Қазақ хандығы үш бөлікке бөлініп кетті.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:
“Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді.”
Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет белгісі.
Ү. Жаңа білімді пысықтау.
- «Жуан және жіңішке мәселелер»
Ой қорыту | |
«Жуан» сұрақтар | «Жіңішке» сұрақтар |
(салыстыру, талдау, синтез, баға) | (жай жауапты талап ететін жай, бір күрделісі) |
1.Түсіндіріңіз, неге Әбілқайыр ханның қол астындағы қазақ рулары Керей мен Жәнібек сұлтандарды жақтады?
2.Сіз неліктен Керей мен Жәнібек сұлтандар Жетісу жеріне қоныс аударды деп ойлайсыз? 3.Болжаңыз, неге Керей мен Жәнібек сұлтандардың келуіне Моғолстан ханы Есен-бұға қарсы болмаған? |
1.Қазақ хандығы қашан, қалай құрылды?
2.ХІҮ-ХҮғ. қазақ тайпаларын ата.
3.Жәнібек пен Керей хандардың қырғыз халқымен өзара тату қарым-қатынас орнатуы туралы тарихи аңызда не айтылған? |
- Картамен жұмыс жасау.
(Картадан көрсету сауаттылығы бағаланады)
1) Алғашқы қазақ хандығының алып жатқан аумағын картадан көрсетіңдер.
(Қазақстанның батыс Жетісу жеріндегі Моғолстан хандығының жері Шу өзені бойындағы Қозыбасы)
2)ХІҮ-ХҮғғ. қазақ тайпалары қандай географиялық аймақтарда көшіп-қонып жүрді? Картадан көрсет.
(Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға, Сырдария Тянь-Шаньннан Қаратауға дейінгі)
- «Фишбоун» (Балық сүйегі) диаграммасы.
Құжаттармен жұмыс. (Ұсынылған құжаттар арқылы басты проблема «Қазақ хандығы» туралы деректерді жазып, таныстырылым жасау)
1.Қазақ хандарының ғұмырнамасы Алматы 2005ж.
2.Қазақ хандығы. ІІ бөлім: Қазақстан балалар энциклопедиясы Аруна 2009ж.
3.Тарихи тұлғалар Алматы 2005ж.
4.Ғасырлар тоғысында Алматы 2003ж.
Қазақ хандығының шаңырақ көтеруі
Соңғы ғылыми зерттеулер Қазақ хандығы
Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи кызметіне баға бер
ҮІ. Бекіту кезеңі
Тест жұмысы
1.Қазақ хандығы құрылуы алғышарттарының бірі сол кездегі екі мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды. Ол қай мемлекеттер?
а) Ақ Орда мен Ноғай Ордасы ә) Әбілқайыр мен Моғолстан хандықтары
б) Әбілқайыр хандығы мен Мауереннахр в) Мауереннахр мен Моғолстан хандығы
2.Қазақтар, олар дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған кім?
а) Фазлаллах Ибн Рузбихан ә) М.Х.Дулати
б) М.Қашғари в) Ж.Баласағұн
3.Қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ең алғаш орда тіккен жері:
а) Қарақұм ә) Қозыбасы
б) Түркістан в) Сығанақ
4.Сұлтандардың алдарына қойған басты мақсаты:
а) Жеке ұлттық мемлекет құру ә) Экономиканы дамыту
б) Рулар мен тайпалар арасындағы өзара талас-тартысты жою в) Жетісуға көшу
5.Жәнібек пен Керей сұлтандарға жер беруші хан кім?
а) Есен-бұға ә) Қалдан Серен
б) Шайбани в) Әмір Темір
6.»Тарихи Рашиди» атты шығарманың авторы:
а) Ж.Баласағұн ә) М.Қашғари
б) М.Х.Дулати в) Әл-Фараби
7.Қазақ хандығының құрылуы?
а) 1465ж ә) 1468ж
б) 1470ж в) 1458ж
8.Моғолстан ханы кім еді?
а) Мұхаммед Шайбани ә) Әмір Темір
б) Есен-бұға в) Әбілқайыр
9.ХҮғ.басында Әбілқайыр хан кімдерден жеңіліске ұшырады?
а) Орыс әскерінен ә) Моғол хандығынан
б) Ойраттардан в) Жоңғарлардан
10.Жәнібек пен Керей хандар қай елмен тату қарым-қатынас орнатты?
а) Қытай ә) Қырғыз
б) Ойрат в) Орыс елі
ҮІІ. Қорытындылау
1.Бағалау (Топ басшылары бағалайды)
Көп ұпай жинап жеңіске жеткен топ мадақталып, Қазақстан Республикасының Туы сувенирі сыйға тартылады.
Оқушыларды бағалау парағы
Р/с | Оқушылардың аты-жөні | Үй тапсырмасын орындауы
|
Тапсырмалардан алған ұпайлары
(5 ұпай) |
Тест жұмысы | Қорытынды ұпай | Баға
|
||
1 | 2 | 3 | ||||||
1 | Егінбай Данагүл | 30 | 5 | 5 | 5 | 10 | 55 | 5 |
2 | Жолдығали А | 10 | 5 | 5 | 5 | 10 | 35 | 4 |
Бағалау шегі:
«5» | 50-55 ұпай |
«4» | 31-49 ұпай |
«3» | 11-30 ұпай |
«2» | 0-10 ұпай |
- Үйге тапсырма:
1.Тақырыпты оқу.
- Алғашқы қазақ хандығының аумағын контур картаға түсіріп келу.
- «Ұлт тарихындағы ұлы тұлғалар» эссе жазу.
(Шығармашылық тапсырма)