Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу – Аюлы мекені
М. Горький атындағы мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Демесинова Рыскүл Уйсынбайқызы
АНА ТІЛІ 4-СЫНЫП
Тақырыбы: «Араша» Қ. Баянбаев
Мақсаты: 1. Өлеңнің мазмұнымен таныстыру, мәнерлеп оқуға, мазмұнын еркін әңгімелеуге үйрету.
- Сын тұрғысынан ойлау арқылы ой-өрісін, шығармашылық қабілетін шыңдау.
- Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, жолдастыққа тәрбиелеу.
Р/с | Атқарылатын жұмыстар | Әдіс-тәсілдер | Ресурстар | Бағалау | Оқушылардың іс-әрекеті | Мұғалімнің іс-әрекеті |
1 | Ұйымдастыру. Топқа бөлу. | Жануарлар атауларымен топқа бөлу | Қима қағаздар | Шыбын, торғай, мысық деген жазулар бойынша топқа бөлінеді. | Қима қағаздар үлестіремін. | |
2 | Үй тапсырмасын тексеру. | Мәнерлеп оқыту | оқулық | формативті | Тізбектей оқиды, мазмұнын баяндайды | тыңдаймын, бақылаймын. |
3 | Жаңа сабақ. | Қызығушылықты ояту
Ребус шешу |
Плакат маркерлер | Мадақтау | Ребус шешуін табады, араша деген сөзді қалай түсінетіндерін жазады | Оқушылар ойын тыңдаймын |
4 | Көрсетілім | Слайд | Тыңдайды, түсінеді. | Сызба бойынша әңгімелеймін | ||
5 | Оқулықпен жұмыс | Іштей оқу.
Дауыстап оқу. |
Оқулық | Тізбектей оқиды. | Тыңдаймын, бақылаймын | |
6 | Сөздік жұмыс | Сұрақ — жауап | Дәптер, қалам | Мадақтау | Сөздердің мағынасын түсінеді | Сөздердің мағынасын түсіндіремін |
7 | Пікірталас | Сыни ойлау | Дәптер, қалам | Кейіпкерлердің әрқайсысының қандай пайдалы және зиянды жағы бар екенін жазады. | Пікірлерін тыңдаймын | |
8 | Қорытынды | Топтық жұмыс | Дәптер, қалам | 1-топ құнанды, төбетті суреттеген жерді тауып оқиды.
2-топ мысық туралы эссе жазу 3-топ шыбынға үлгі бойынша өлең құрастыру |
тыңдаймын | |
9 | Үйге тапсырма | Күнделіктеріне жазады | 222-бет өлеңді рөлге бөліп оқу, қара сөзбен баяндау,сурет салу. | |||
10 | Бағалау | Оқушылардың білімдері бағаланады. | Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалаймын. | |||
11 | Рефлексия | Кері байланыс | Сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағына жазады. | Қорытынды жасаймын. |