Алматы облысы Сарқан облыстық көмекші мектеп-интернатының
бастауыш сынып мұғалімі: Берчимбетова Еркен
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды ана тілі, қазақ тілі
сабағында мәнерлі сөйлеу тілін дамыту.
«Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!» — демекші біздің мектебімізде
мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ана тілі,қазақ тілі барынша қарапайым түрде жүргізіледі.Қазақ тілін ана тілін оқытудың негізгі мақсаты: оқушыларды
мәнерлі,мәдени тілде оқуға,жазуға және өмірге бейімдеп ,тіл арқылы
қараым-қатынас жасай білуге,сұрақ-жауап әңгімелеу арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.Оқушылардың ойлау мен сөйлеу кемістіктерін түзету арқылы балаларға ана тілі,қазақ тілін оқытудағы ерекше мақсат табылады.
Сонымен қатар көмекші мектепте оқытатын тіл сабағының маңызы өте зор.Бастауыш сыныптарды оқыту барысында көптеген дидиктикалық материалдар мен көрнекіліктер жиі қолданылады.Менің сыныбымда
- оқушы. Балаларды В.Варанова әдісімен 4 топқа бөліп оқытамын.
Сабақ оқу барысында әр түрлі тапсырмалар беріледі.Мысалы: қазақ тілі сабағында дауысты,дауыссыз дыбыстарды өтетін болсақ, ең бірінші тақырып
бойынша дыбыстарды дауыс ырғағы мен артеуляциялық жаттығуларды
қолдана отырып,дыбыстарды ажыратып ,екі топқа бөліп аламын- дауысты,дауыссыз дыбыстар.Көрнекілік қолдану арқылы дыбыстар арқылы ойын тез ,шапшаң жинақтау үшін 2 топқа бөліп, әртүрлі сөз және сөйлем құратып,тақтаға жаздырамын.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін ана тілі сабағында өлең,мәтін,мақал-мәтел,жұмбақ, қызықты ертегілер оқытып, мазмұныны айтқызып,әр сөйлеміне тоқталып,мағынасына қарай суреттер қолдана отырып түсіндіремін. Өлеңдерді рольге бөліп оқыту арқылы сабақты қызықты,әрі тартымды етіп өткізуге болады.Мен осы әдісті сабағымда жиі қолданамын.Оқушылардың тілдік қорын дамытудың тағы бір түрі сөздікпен жұмыс жасау. Міне, оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту үшін осы бірнеше әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолдану керек.