Ақмола облысы
Шортанды ауданы
Новокубанка орта мектебі
Майра Еженхан
Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір. Қаратпа , қыстырма , одағай және оңашаланған айқындауыштарға байланысты қойылатын үтір.
Сабақтың мақсаты: *Бірыңғай мүшелерге сондай-ақ оқшау сөздер ( қаратпа , қыстырма , одағай) мен оңашаланған айқындауыштарға байланысты қойылатын үтірдің қызметін ажырату – сауаттылыққа жетелейтін жол екендігін түсіндіру.
*Оқушыларға үтірдің қойылатын орны мен ерекшеліктерін түсіндіру арқылы есте сақтау, қойылу орнын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
*Ана тілінің қадір-қасиетін білуге, құрметтеуге және мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
*Үтірдің қойлатын орындарын ажырата алады;
*Грамматикалық талдау жасау дағдылары қалыптасады;
*Жеке және топпен жұмыс істеуге төселеді;
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеруту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ –жауап, «Галареяға саяхат»әдісі,оқыту-ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, бағалау парақтары, постер,стикерлер т.б
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында жақсы көңіл күймен сабақты бастау. Оқушыларға сәттілік тілеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Өз заманында А: Байтұрсынов былай деген екен: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау» Ал тілдің осы қызметіне көмекші болатын басты құрал – тыныс белгілері болмақ. Ендеше тыныс белгілерден өткенді пысықтап алайық.
Өткен сабақты пысықтау. Оқушыларға қосымша іздену үшін тыныс белгілер туралы өлеңдер жинақтап келу тапсырылған.
Қойылатын сұрақтар легі:
1.Пунктуация деп нені айтады?
2.Тыныс белгілері не үшін қажет?
3.Тыныс белгілерінің қандай түрлері бар?
- Тыныс белгілерін қоюдың қандай принциптері бар?
5.Тыныс белгілерінің стиль түрлеріне қатысы бар ма?
- Қандай тыныс белгілері сөйлемнің соңына қойылады?
7.Нүкте қандай орындарда керек?
8.Сұрау белгілері қандай жағдайларда қойылады?
9.Леп белгісі не үшін керек?
- Қабаттасып қойылатын тыныс белгілердің ерекшеліктері неде?
Топқа бөлу. Топқа бөлу арқылы сабақтың тақырыбын өздеріне анықтату.
Қызығушылығын ояту. Өлең шумақтарын оқушыларға нақышына келтіріп оқытып, өлеңнің әсерлі болып көңілге қонуына мағынасынан басқа не әсер етуде? деген сауал арқылы оқушылардың ойларын анықтап, жаңа тақырыпқа жетелеу.Оқушыларды еркін ойлауға бағыттау.
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағызым жасамай өтпеңдер!
Мына өлке,
Мына аймақ,
Бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағызым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашанда,
Осы бір Отанда тұрғанға! ( Мұқағали Мақатаев)
Жаңа білімді игерту. Слайдтағы кестемен түсіндіріп өту.
Бірыңғай мүшелер
жалғаулықсыз келгенде
|
Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде, жалғаулық шылаулары бірыңғай мүшеде қайталанып келгенде
|
Мен, және жалғаулық шылаулары қайталанбайды .
|
Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде, жалғаулық шылаулары бірыңғай баяндауыштар арасында қайталанбай келсе, шылаудан соң үтір қойылады .
|
Бұл жиында Ызғұтты,Жақып, Майбасар сияқты үлкендер бар.
|
Жеті атасынан бақ та, дәулет те арылмаған.
|
Ақан мен Орынбай, Алма мен Күміс Жеңістің отыз жылдығын өздерінше тойлады.
|
Ұябасар дүр сілкінді де ұша жөнелді. |
Қаратпа сөздерге байланысты қойылаты үтір
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады.
|
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір екі жағынан қойлады.
|
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады.
|
— Әже, Ырысбектікіне мен де барайын ба?
-Шырақтарым, жұмысты тоқтатпаңдар!
|
— Іше ғой,айналайын, тағы ішші.
-Асықпаңыз, ата балаларыңызды әлі — ақ көресіз.
|
Талаптарың жақсы екен,балалар.
|
Қыстырма сөздерге қойылатын үтір
Қыстырма сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады.
|
Қыстырма сөз сөйлем ортасында келсе, үтір екі жағынан да қойылады.
|
Қыстырма сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір алдынан қойылады.
|
Меніңше, —
Абырой болғанда,- Өкінішке орай,- Сірә,- Шынында, Ұлпанның таңданып келе жатқандары аз емес.
|
-,Әйтеуір,-
-,Қысқасы,- -,Әрине, Қайсардың Қазікені , сөзсіз, қазақ.
|
— ,Шамасы
— ,Бәлкім -,Әйтеуір Біреу көрсеткен-ау, шамасы. Аман- есен жүріп жатыр ма, әйтеуір |
Одағайға байланысты қойылатын үтір
Одағай мен қаратпа сөздің ортасына үтір қойылады.
-Е,тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді!
|
Одағай сөйлем ортасында келсе, үтір екі жағына қойылады .
Білем, е, білем!
|
Сөйлем соңына келсе, алдына үтір қойылады
Ол қандай үн болғаны, апыр-ау?
|
Биікте, көз ұшында шалқар көш болып, қиқулап бір топ тырна кетті.Тобықты ішінен ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің көк арбасы десе де болады.
Білімді нақтылау тапсырмалары:
1-тапсырма. Сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлем мүшелеріне талдау.
І топ. 1. Асқар көзінің астымен оған Асанға бір қарап қойды. 2. Сырмақ алаша таза төсеніштері де бар. 3. – Алдарыңнан жарылқасын ақиығым самғай бер асқардан-асқарға мына қырандай.
ІІ топ. 1. Алыс жайлауға Құнанбай ауылдары жеткен өріске бұл өлкенің елі жете алмай қалды.2.Ауыз үй болса кең таза. 3.- Ал бәйбіше бала-шағаң жан-жақтан бас қосып мәре-сәре боп қалатын болдық,- деп жымыңдап қойды қарт.
ІІІ топ. 1. Көптен көрмеген досы аса жақын көретін жас ақын досы ойда жоқта кіргенде әуелі Абай қуанып қалды. 2. Алтынсыз күміссіз сүйексіз сылдырмақсыз жасаған былғары ер-тоқым бала қолынан шыққан қос ноқта, биші қыздың киіміндей сұлу денелі жарау атқа соша жарасымды екен.3. Тарта бер Құрмаш Құрманғазы ! – деп дауыстап жіберді қария.
Тақтамен жұмыс. Бірнеше оқушыларды тақтаға шығарып, сөйлемдер талдату.
2-тапсырма. Биылғы айтулы жылдарға байланысты( Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл, ҰОС-на 70 жыл, Қазақстан халықтар ассамблеясына 20 жыл) , қаратпа , одағай сөздерді қатыстырып, слайдта көрсетілген ескерткіштер мен мемориалдар туралы білетіндерін айту.
3-тапсырма. «Қабырға газеті» және «Галареяға саяхат» әдісімен үш топ бүгінгі өткен тақырыптты сараптау, талдау, түсінгендерін жеткізу.
Дұрыс екендігін дәлелде,нақтыла
Сөйлемдер
|
Дұрыс | Бұрыс |
Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр.
Бұл өңірде ,әсіресе, өзеннің бұл жағында Абайды дос көрер жан жоқ.
Мынау қай ауыл қалқам? Шіркін ақын болсаң осындай бол!
Әрине, айта беріңіз. Мәкіш өз туысына інісіне тамашалай қарайды.
Меніңше, сол орынды сияқты. Аптаның соңғы күні сенбі күні саяхатқа шығамыз.
|
Сабақты түйіндеу. Тест арқылы жеке білімдерін сынау.
Бағалау. Оқушының өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының
аты-жөні |
Сұрақтарға жауап беруі | Тақырыпты меңгеруі | Тапсырмаларды орындауы | Топта белсенділігі | Қорытынды
бағасы
|
Кері байланыс. Одағай, қыстырма сөздерді қатыстыра отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айту.
Үй тапсырмасы беріледі.