Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырар ауданы
Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебі
математика пәні мұғалімі: Ж. Табылдиева
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешу.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп жинақтау, жүйелеу.
- Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетіл-
діру белсенділіктерін арттыру, сабаққа қызығушылықты қалыптастыру,ұзақ
есте сақтауына көмектесу.
- Тәрбиелік: Оқуға, саналы сезімге,жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жүйелеу сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, формулалар, тест.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың оқу құралдарын реттеп, сабаққа назарын аудару.
с) үй есебін тексеру.
ІІ. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Сынып екі топқа бөлінеді.
Жалпы тарау бойынша қайталау сұрақтары.
1-топтың тапсырмалары:
1.Қандай теңдеулерді квадраттық теңдеулер деп атайды ?
2.Теңдеуді шешу дегеніміз не?
3.Квадрат теңдеулердің неше түбірі бар?
4.Квадрат теңдеулердегі а,в,с – сандары қалай аталады?
5.Келтірілген квадрат теңдеулер дегеніміз не?
- Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
- D˃0, D=0, D<0 болғанда, неше түрлері бар?
2- топтың тапсырмалары.
1.Квадрат теңдеулердің формуласын жаз.
2.Дискриминанттың қандай әріппен белгілейміз, формуласын жаз.
3.Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласы.
4.Келтірілген квадрат теңдеудің формуласын жаз.
5.Толымсыз квадрат теңдеудің формуласын жаз.
6.Квадрат теңдеудің коэффициентін ата: а,в,с
- х2+х-3=0 3. -2х2+3х-5=0
- 3х2= 2 4. -7х+х2=0
7.Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын жаз.
Тест есептері.
- Жалпы квадрат теңдеудің формуласы.
а) х2+рх+q=0 в) ах2+вх+с=0 c) ах2+с=0
- Квадрат теңдеудің коэффициенттерін атаңдар:
Х2 + 6х -7=0
а) а=0, в=0, с=-7 в) а=1, в=6, с=-7 с) а=1, в=0, с=1
- Теңдеуді ах2+вх+с =0 түрінде жазыңдар:
Х(2х-3)=5-4х
а) 2х2-7х-5=0 в) 2х2-2х+5=0 с) 2х2+х-5=0
- Теңдеуді шешіңдер: 7х2 — 21х=0
а) 0; 7 в) 0; 21 с) 0;3
- Теңдеулерді шешіп, сандық мақал-мәтелдер айту.
- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,….. (төртеу түгел болса,төбедегі жетеді)
х2-10х +24=0 D=0 x1=6 x2=4
- Ұлға отыз үйден,….. (қызға 40 үйден)
х2-70х+1200=0 D= 100 х1=30 х2 =40
3.Жеті рет өлшеп,… (бір рет кес)
х2-8х+7=0 х1=1, х2=7
4.Бір тал кессең,… (он тал ек)
х2-11х+10=0 х1=1, х2=10
V.«Математикалық лото»
Квадрат теңдеулер | Дұрыс шешімі | Түбірлер |
|
х1=1, х2=7
х1=-5, х2=3 х1=-1, х2=-3 х1=-5, х2= 7 х1=-11, х2=1 |
VІ.«Галереяға саяхат »
Оқушылар осы кесте арқылы сабаққа деген өз ойларын білдіріп,тақтаға іліп кетеді.
Білемін | Білдім | Білмеймін |
Қорытындылау.Бағалау
Үйге тапсырма: квадрат теңдеудің түбірін табуға есептер шығару.