Басы » Математика » Ондық бөлшектерге амалдар қолдану (Презентация)

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану (Презентация)

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Ақмарал ауылы

 С.М.Дюзбаева

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Оқушылардың күнделікті сабақта алған білімдері мен іскерлік дағдыларын

тексерудің мәні зор.  Олардың бейімділігі мен қабілеттіліктеріне  қарай  алған білімдерін шыңдап толықтыра түсу үшін , оқушының алған бағасы

оның білім деңгейін көрсетсе, өз кезегінде ол мұғалім жетістіктерінің көрсеткіші жұмысының  сапасын көрсетеді.

Профессор Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын » жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде  өз тәжірибемде пайдаланып келемін. Бұл технологияның маңызы сол, ол оқушыны өз қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен орындай білетіндігінде. Жаңа технология элементтерін қолдана отырып ,төменде «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбына  арналған қайталау сабағымды ұсынып отырмын.

 Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, тексеру

2.Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жинақтап математикалық тілде  тұжырым жасай білу қабілеттерін дамыту,білім танымын дамыту,теориялық білімдерін практикамен байланыстыра білу.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды берілген тапсырмаларды тиянақты орындай білуге, тез есептеп ,тез ойлауға,ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау-жинақтау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, карточкалар, интерактивті тақта,слайд

Сабақтың ұстанымы: а) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сабақтағы ұстанымымыз;

« Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, білімің мен еңбегің екі жақтап  » ( Абай )

  Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. а) Сұрақ жауап ( ауызша сұрақтар беру арқылы «Қайталау –оқу анасы» сөзі шығады. )

1)  Бөлімі 10,100,1000 және т.с.с. жай бөлшектерді бөлімсіз қалай жазуға болады?  ( Қ )

2)  Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?  ( А )

3)  Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрлар ондық таңбалар деп

аталады ? ( Й )

4)  7,126 ондық бөлшегінің , бөлшек бөлігінің разрядтарын ата ? ( Т )

5)  Координаталық  сәуледе ондық бөлшектер қалай кескінделеді? Мысал     келтір.( А )

6)  1,75  немесе 0,48 ондық бөлшегін коорлинаталық сәуледе  кескінде. (Л )

7)  Ондық бөлшектерді салыстыру деген не ?  ( А )

8)  Ондық бөлшектер қалай қосылады?  ( У )

9)  Ондық бөлшектер қалай азайтылады ?  ( О )

10)  Натурал саннан  ондық бөлшекті азайту деген не ? ( Қ )

11)  Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтіледі ?  ( У )

12)  Ондық бөлшекті  натурал санға бөлу дегеніміз не? (А )

13)  Ондық бөлшекті  10,100,1000  разряд бірліктеріне бөлуді түсіндір. ( Н )

14)  Ондық бөлшекті ондық бөлшекке  бөлу ережесін тұжырымда.   ( А )

15)   Ондық бөлшекті  0,1; 0,01; 0,001  разряд бірліктеріне бөлуді түсіндір ( С )

16)  Мысалды есепте  16 — 9,23  ( Ы )

III.  Топтастыру стратегиясы

 

 

Ондық бөлшектер

 

 

 

Өз беттерінше тапсырмалар

  1. Сандарды ондық бөлшек түрінде жаз:

3/10;   17/100;

  1. Салыстыр :

а ) 0,047 және 0,24

б ) 2,7 және 1,567

  1. Амалды орында:

а ) 3,6 + 15,4; б )7-2,6; в ) 4,2 : 7 ; с ) 3,76*10; д ) 0,72*1,

  1. Графикалық диктант

иә                                    жоқ

  1. Ондық бөлшектің жазылуындағы бөлшек бөлігінің сандары ондық таңбалар деп аталады.

2.Ондық бөлшектердің соңына нөлдер тіркеп жазса,бөлшек өзгереді.

  1. 0,70=0,07 теңдігі дұрыс па ?

4.Ондық бөлшек  2 бөліктен тұрады

  1. 3,2 бөлшегі координаталық сәуледе 2мен 3сандарының арасында орналасқан

6.Кез-келген ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруға болады

7.13,12*0,01=0,1312 шығады

8.Ондық бөлшектерді салыстырудың 3 тәсілі бар.

  1. 0,100*10=10
  2. Ондық бөлшектерді көбейткеннен кейін үтірді көбейткіштердегі үтірдің астына қою керек.

 Графикалық диктанттың жауабы

 

0-1- қате    «5»

2-3 қате     «4»

4-5 қате       «3»

5 қатеден көп- «2»

 

VI . Сергіту сәті

VII.  Деңгейлік тапсырмалар  ( бағдаршам суреті көрсетіледі де, түстеріне қарай деңгейлік тапсырма орындалады )

А ) тобына :     2,8 : 0,7 – 0,63

В) тобына:      9,1 + 11,5 : 5 – 5,6

С) тобына :     9/20 : 0,09 + 3,61 : 1/5 – 18,63

VIII. Оқулықпен жұмыс         №1238

  1. Сабақты қорытындылап, білімдерін бағалау.
  2. X. Үйге  тапсырма беру
  3. XI. Рефлекция

Бүгінгі сабақ маған   ……………
Келесі сабақтан күтетінім ……….
Осы сабақтағы жетістігім ………..

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *