Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырар ауданы
Қ. Мұңайтпасов мектебі
Орынбек Айгүл Базарбайқызы
Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
Сабақтың мақсаты: 1986 жылғы орын алған оқиғасына тоқталу, «Желтоқсан» оқиғасының басты мақсатын түсіну
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, ОүБ және ОБ
Стратегиялық іс әрекет: «Семантикалық карта», «Кубизм» әдісі Топтық жұмыс.
Уақыт өлшемі | Мұғалім іс әрекеті | Оқушылардың іс әрекеті | ресурстар |
2 мин | Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу.Оқушыларға «Бейбітшілік» тақырыбында тренингі ұйымдастыру. | Орындарынан тұрып сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.Бір – біріне жүректен шыққан жақсы тілектерін ұсына отырып, жақсы тілектер білдіреді.
— Бейбітшілік әрқашан еліміздің арқауы болсын. -Бейбіт елдің жалынды ұландары болайық.. -Тәуелсіз, демократиялы, құқықты, зайырлы елімізге тән жақсы теңеулерімізге лайық болайық. |
«Бейбітшілік» тақырыбындағы плакат |
4 мин | Сынып оқушыларын тақырыпқа байланысты шағын 4топқа бөлуІ топ: «Себеп»
ІІ топ: « Сипат» ІІІтоп: « Барыс» ІҮ-топ: «Бастау» |
Тақырыпқа байланысты, шағын 4топқа бөлінеді. | Карта, кеспе қағаздар. |
5 мин | Әр топқа үйге берілген тапсырмаға сай жасалған сұрақтармен қамтамасыз етілген кубикті қолданамын. «Семантикалық карта» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы пысықтау | « Семантикалық карта» әдісі арқылы берілген сұрақты жеке-жеке жауап беріп бағаланады. | постер, оқулық. |
18 мин | Мұғалім жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында, тақтада берілген плакаттар көрнекі құралдарды арқылы « 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары » тақырыбын үйрету, оқулықта берілген мәтіндерді орындау үшін оқушыларды шағын топтарға топтастыру | 1 топ-Бетбұрыс жағдайындағы қалыптасқан жағдайлар2 топ- Желтоқсан оқиғаларының сипаты
3-топ- Жаппай жазалау 4-топ – Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы бөлімдері арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу
|
Әр топқа берілетін тапсырмалар жазылған А4 қағазы, оқулық, флипчарт, маркерлер |
10мин | Жаңа сабақты бекіту үшін «Кубизм» әдісін пайдалана отырып, пысықтау жұмысын жүргізу. Әр топқа бөліп берілген бөлімдер арқылы талдау жасату. Талдау, дайындалған сұрақтарға жауап беруден тұрады. | Оқушылардың тапқан жауаптары бойынша, өздеріне берілген тапсырмаларды өз топтарымен ақылдасып, талқылап, талдау жасайды ;«Кубизм» әдісі арқылы бекітіледі. | Оқулық, кубик, дәптер |
4 мин | Оқушыларға жасыл, қызғылт түсті стикерлер таратады, тақтаға жүректің суреті бар плакат ілінеді, ол жерде мынандай сұрақтар беріледі;- Не ұнады?
— Не ұнамады? — Не білгің келеді? |
Оқушылар стикерлерге бүгінгі өткен сабақ бойынша- Ненің ұнағанын
— Ненің ұнамағанын — Не білгісі келеді? деген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады. |
Түрлі-түсті стикерлер. |