Қостанай облысы
Амангелді ауданы, Байғабыл ауылы
«А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
География пәні мұғалімі: Кусайнова Карлыгаш Талгатовна
Тақырыбы: Қалалары, ауылдық елді мекендері және экономикалық-экологиялық проблемалары.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға Батыс Қазақстанның қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық-экологиялық проблемалары туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жаңа тақырыпты меңгеру және картамен жұмыс жасату арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасату арқылы ұйымшылдық, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру және еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары (қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғау), картамен жұмыс, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: экология, экономика
Сабақтың көрнекілігі: Қ Р-ның әкімшілік картасы
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, топқа бөлу, зейінін сабаққа аудару, яғни сабақтың мақсатымен таныстыру, бағалау парағын тарату.
ІІ. Қығызушылықты ояту.
Топтау. (үй тапсырмасын тексеру)
І топ: Батыс Қазақстанда өнекәсіптің қандай салалары дамыған?
ІІ топ: Батыс Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамыған салалары.
ІІІ топ: Көлік кешені
ІҮ топ: Кәсіпорындары
Ү топ: Батыс Қазақстанның халқы
ІІІ. «Мағынаны тану»
Тапсырма: әр топ оқулықтағы мәліметті пайдалана отырып, өзіне берілген қалалардың маманданған шаруашылығына, экономикасының дамуына сипаттама беру.
Экологтар Батыс Қазақстан аймағындағы экономикалық-экологиялық проблемалары туралы мәлімет жасайды. (ауызша)
І топ: Ақтөбе
ІІ топ: Атырау
ІІІ топ: Ақтау
ІҮ топ: Орал
Ү топ: Экологтар
ІҮ. Ой толғау.
Жаңа тақырып бойынша әр оқушы түйін сөз айту.
Ү. Қорытынды.
Аймақ келешекте отын өнеркәсібі, атом энергетикасы, мұнай-химия, газ-химия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, құбыр желісі мен теңіз көлігінің дамуымен, табиғат қорғау мәселелерін шешумен байланысты өркендейді.
ҮІ. Бағалау. Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні: | |||
Сабақтың тақырыбы: Қалалары, ауылдық елді мекендері | |||
Қызығушылықты ояту (үй тапсырмасы) | Мағынаны тану (жаңа сабақ) | Ой толғау. (жаңа сабақты бекіту) | |
Ұпайы | Бағасы |
0 – 1
2 – 4 5 – 7 8 – 9 |
2
3 4 5 |
ҮІІ. Үйге тапсырма. Батыс Қазақстан экономикалық ауданы тақырыбына 20-30 сұрақтық тест құрастыру.