І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: У а қ ы т т ы ө л ш е у. С а ғ а т.
Сабақтың мақсаты: а) Уақыттың өлшем бірлігі- сағатпен таныстыру,
«Жыл мезгілі», «Тәулік» түсінігін нақтылау.
ә). Оқушылардың есептеу дағдыларын, сағат туралы
тірек білімдерін дамыту.
б)Уақытты үнемдеуге, өз бетінше жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Аралас: түсіндіру, сұрақ-жауап,есептеу,өздік жұмыстану.
Көрнекілігі: сағат моделі, телевизор,сағат түрлері туралы слайд, жалауша,
суреттер, демонстрациялық материалдар.
Күтілетін нәтиже: -Уақыттың өлшем бірлігі- сағатпен танысады, сағатпен
уақытты анықтауды үйренеді.
— «Жыл мезгілі», «Тәулік» түсінігін нақтылайды.
— Оқушылардың есептеу дағдылары мен тірек білімдері дамиды.
Сабақтың барысы: І.Қызығушылықты ояту
- «Шаттық шеңбері»
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен тілейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.
- «Орныңды тап!» ойыны
- Топқа бөлу
- Математикалық диктант.
5 пен 3 –тің қосындысы.
50 мен 30-дың қосындысы.
9 бен 7 –нің айырмасы.
90 мен 70-тің айырмасы.
Тексерілетін парақта тапсырманың құпия сөздері болады.
—2015 жыл – Ассамблея жылы! (Ассамблея туралы түсінік беру.)
«Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» жолдауында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі күнге дейінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» -деп ерекше атап өтті.
Себебі, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.
Осыдан тура 70 жыл бұрын, Ұлы Отан соғысының жеңісі тұсында, Берлиндегі рейхстагта еліміздің туын алғашқы болып таққан ағамыз Р.Қошқарбаев тәрізді, «Математикалық баспалдақ»ойынында кім жалаушаны бірінші тағар екен?
- Ойын: «Математикалық баспалдақ»
Мақсаты: Есептеу дағдыларын жетілдіру.
Бұйрық берілгеннен кейін қағаздарға жазылған мысалдарды екі қатардағы оқушылар кезек-кезек шығып, есептеп баспалдақ түрінде іледі де , кім баспалдақтың ең жоғарғы басқышындағы мысалға бірінші жалауын тіксе сол қатар жеңеді.
ІІ. Мағынаны тану.
- Жаңа материалмен танысуға кіріспе.
-Балалар, еліміздегі жаңағы аталған елеулі тарихи белестеріміздің уақыт аралығын қалай өлшедік? (жылдармен)
Оқушылардан жыл мезгілдері туралы сұрау.
-1 жылда неше жыл мезгілі бар?
-Әр маусымда неше айдан бар?
- Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырма. Сурет бойынша жыл мезгілі туралы әңгімелету. Өз бетерінше дәптерге орындау. Қыс айларын көк, көктем айларын жасыл, жаз айларын қызыл, күз айларын сары түспен бояу.
- «10 сауал» әдісі. (Сағат)
- Уақытты жиі сағатпен анықтайтынымыз туралы әңгіме.
- Сағат түрлері туралы слайд көрсету.
- Сағаттың үлгісімен (моделімен) таныстыру.
- 1 сағатқа дейінгі дәлдікпен уақытты дәл анықтауды үйрету.
1 сағ.=60мин.
1тәул. =24 сағ.
№2 тапсырма. Сағаттың үлгісімен, суретпен таңертеңгі, кешкі уақытты дәл анықтау. Сағат тілдерінің суреттерін аяқтау.
Сағат-4, Сағат-10, сағат-3.
№3 тапсырма. Есеппен жұмыс. Есепті талдау, қысқаша жазылуын тақтаға,
дәптерге орындау.
Сергіту сәті.
«Балақан, кел билейік» қимылды слайд.
ІІІ. Толғаныс
№4. Өрнектердің мәнін табу (Әр қатарға 1 жолдан.)
Өтілген материалмен жұмыс.
Қорытындылау.
- Ассоциация әдісі:
- Уақыт бойынша қосымша материал. (Нақыл сөздерді оқу, талдау)
Уақыт-қолымыздағы бардың ішіндегі әрі арзаны, әрі нағыз қымбаты, өйткені біз нені болса да уақыт арқылы аламыз. Б.Момышұлы
Уақыт — ақыл-парасатымызды жан-жақты жетілдіріп, кемелдендіруге, білімдар болуға берілген баға жетпес сыйлық.
Уақытты тиімді пайдалана білсең, оның бағасы да арта түседі. Ж.Ж.Руссо
Бағалау. Мадақтау
Үйге тапсырма: өз күн режимі кестесінің уақытын жазу. Сағатты қайталау.
Бекіту.