№201 орта мектеп-лицей мұғалімі
Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
Сабақтың тақырыбы: Қашаумен өрнек ою.
Білімділік мақсаты: а) оқушыларды тақтай бетіне өрнек салу және ою технологиясы туралы түсінік беру.
ә) өрнек бейнелеріне, ою тәсілдеріне қолды жаттықтыруды таныстыру.
б) технологиялық еңбектің көмекші құралдарын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ақыл-ойын, қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту,өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.Оқушылардың икемділігін дамыта түсу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұлттық өнерді сүюге, қазақ халқының ұлттық әсем ою-өрнектерінің сырын түсінуге, оны құрметтей отырып үйретуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ағашты көркемдеп өрнектеу құрал-саймандары, слайдтар
Әдісі: Ағашты ойып, өрнектеу технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, математика.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың жұмыс шеберханасына уақытымен келуі, оқушылардың сабаққа қатысуын және сарамандық жұмысты орындауға қажетті құралдардың бар болуын тексеру.
- II. Үй тапсырмасын сұрау
Ағаш өңдейтін үстел (верстак-УСВ)
- Жұмыс үстелі қандай бөліктерден тұрады?
- Шебер үстелінің жанындағы бұрандама, қышқыштардың (алдыңғы-артқы ) міндеттері қандай?
- Үстел бетіндегі ойықша және тіреуіш сынаның қызметі қандай?
III. Жаңа сабақ
Ассоциация әдісі бойынша қашау, өрнек ою сөзіне топтастыру
Құрал тік жүзді сәндеу жан-жануар
Өсімдік тектес
Аспан әлеміне
геометриялық
|
|
Қашау имек жүзді жиһазды өрнектеп
әшекейлеу
Ойық жүзді оюлардың бірнеше топтамасы
Әшекейдің
бөлшегі балташының ыңғырма өлшегі
Ағаш материалдарында оюға қажетті басты құралдардың бірі
қашау мен үшкір пышақ
Қашау суреті
Өрнек ою тәсілдері 1. Қадамдап шабу
- Тізбектей шабу
- Айқастыра шабу.
- Арнаулы пышақ
Өрнек оюды жеңіл, қарапайым түрінен бастау керек.
- Қашаумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- Қашауды ағашқа терең қадама.
- Жұмысты сабы мықты бекітілген, шытынап жарылмаған өткір қашаумен істе.
- Ойықтағы артық жаңқаны уақытылы алып тастап отыр.
- Қашаудың жүзін өзіңе қарай бағыттап тартпа.
- Пышақ жүзін бос қолыңа жақын жүргізбе.
Пышақты ағашқа терең батырма.
- Қашаудың жүзін саусағыңмен сипама.
- Екінші кісіге қашауды сабы жағымен ұсын.
- Екінші кісіге қарай қашауды сілтеме.
- Қашаудың жүзін жоғары көтерме.
- Қашаудың жүзін жоғары қаратып қойма.
- Мақалды жалғастыр.
- Еңбек етсең ерінбей……….. (ТОЯДЫ ҚАРНЫҢ ТІЛЕНБЕЙ )
- Жеті рет өлшеп, …………. ( БІР РЕТ КЕС)
- Бүгінгі істі …………….. ( ЕРТЕҢГЕ ҚАЛДЫРМА)
- Көз қорқақ,…………… ( ҚОЛ БАТЫР)
- Ою ойғанның ………….. ( ОЙЫ ҰШҚЫР)
- Сарамандық жұмыс.
Жұмысты орындау реті:
- Ағаш материалын таңдау
- Тақтай бетіне белгі салу.
- Қашаумен жұмыс жүргізу.
VII. Сабақты қорытындылау:
Жаңа сабаққа байланысты сұрақтар беру арқылы сызбаны толтыру
|
|
VIII. Үйге тапсырма:
Ағаш бөлшектеріне ою тәсілдерін салып үйрену, 39-40 суреттер.