М.В. Ломоносов орта мектебі, Зайсан қаласы, Шығыс Қазақстан облысы
География пәнінің мұғалімі
Абдрахманова Ардақ Кенжебековна
Сабақтың тақырыбы: Сарыарқа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Сарыарқаның географиялық орны, жер бедері, климаты, пайдалы қазбалары мен өзендері, табиғат зоналары мен экологиясы туралы нақты білім беру.
Дамытушылық:
Осы тақырып арқылы пән бойынша бар білік – дағдыларын жетілдіру, іскерліктерін арттыру. Ынтымақты түрде ортамен, топпен жұмыс жүргізе білу, қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік:
Берілетін оқу материалдары негізінде әр жеке тұлғаның бойында туған жерге деген сүйіспеншіліктерімен азаматтық және патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі — тәсілі: Сөздік сұрақ – жауап, аудиовизуалды.
Жұмыс түрі: Топпен, жеке оқушымен, ұжымдық, өздік, оқулықпен.
Сабақта қолданылған технология: АКТ, СТО, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, компьютер, флипчарт, үлестірме парақтар, тірек – сызба, Атлас 8-сынып, оқулық.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Музыка, биология, тарих.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
1.1. Сәлемдесу, түгендеу.
1.2. «Ой қозғау»
Психологиялық дайындық (компьютерде географияға байланысты сүреттерді жинақтау).
Үй тапсырмасын тексеру.
2.1 «Жедел жауап»
- Қазақстан жазықтарын атаңдар (С.Қ, Тұран, Ш.Е)
- Қазақстан аумағы қанша физикалық — географиялық аймаққа бөлінген? (9)
- Қазақстан жеріндегі аласа таулы өлкелерді атаңдар. ( Мұғалжар, Сарыарқа, Маңғыстау)
- Бейне сұрақ.
- Солтүстік Қазақ жазығы қандай шөгінділерден тұрады?
- Бейне сұрақ
- Солтүстік Қазақ жазығының пайдалы қазбаларын атаңдар?
- Жазықтың климаты қандай?
- Жазықтың негізгі өзендерін атаңдар?
- Бейне сұрақ.
- Солтүстік Қазақ жазығында орналасқан қорық.
2.2.Өзара сәйкестігін тап. (Компьютерде орындалады)
- Жаңа білім беру.
3.1. «Сарыарқа» Ассоциация құру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық географиялық табиғи – тарихи аймағының бірі Сарыарқа – халықтың атау, оның топонимикасы сарғайып жатқан кең де үлкен жон жалпақ үстірт, адырлы қырқа» деген мағана береді. Сарыарқа қазақтың байлығының көзі. Өнер мен мәдениеттің тарихтық кеніші. Бұл өлкенің асыл тумалары Бұқар жырау , Қаз дауысты Қазыбек, С.Сейфуллин, Ұлы отан соғысының батыры Н.Әбдіров, заманымыздың Ұлы ойшылы Абай Шыңғыстауының бауырында дүниеге келген. Әрине бұл туралы айта берсек өте көп, сондықтан өзіміздің географиялық тұрғыдан баға берсек, Сарыарқа солтүстігінде – Солтүстік Қазақ жазығымен, Оңтүстігінде – Тұран ойпатымен, батысында- Торғай үстіртімен, шығысында Сауыр – Тарбағатай тау жүйесімен шектесетін орталық бөлікте орналасқан кең өлке. Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 1200 м, ені 400 – 900 км шамасында.
- Жаңа білімді бекіту
Топпен жұмыс. (Сыныпты 5 топқа бөліп, әр топтың тапсырмаларын беру).
(топтар жұмыс істеп жатқанда «Сарыарқа» күйі ойналады).
4.1 Топ тапсырмалары:
І топ тапсырмалары
Жер бедері және геологиялық құрылысы
- Сарыарқа өлкесі неден тұрады, нелер кездеседі, қалай жіктеледі, қандай аймақ?
- Сарыарқадағы тау жоталары, биік нүктелері.
- Жер бедеріндегі ірі ойыс. Көкшетау, Ұлытау тауларына сипаттама беру.
- Неліктен Қазақтың ұсақ шоқысы деп аталған?
ІІ топ тапсырмалары
Пайдалы қазбалар мен климат
- Пайдалы қазбаларды кен орындары мен қоса кесте түрінде көрсет?
- Климатиына талдау жаса.
- Ірі кен орындарын картадан көрсет.
- Әлемдік сұранысқа ие қандай пайдалы қазбаларға бай деп ойлайсыңдар?
ІІІ топ тапсырмалары
Өзендері мен көлдері
1.Сарыарқаның басты өзен жүйелері мен көлдері.
- Өзендердің қоректенуі.
- Өзендері мен көлдерін картадан көрсет.
- Су проблемасының туындауын немен түсіндіресіңдер, оны шешу жолдары қандай?
ІV топ тапсырмалары
Өсімдіктері мен жануарлары
- Табиғат зоналарын анықта. Әр зонаның топырағы мен өсімдік жамылғысын талда.
- Жануарлар дүниесі мен құстары.
- Қорықтары мен ұлттық саябақтары.
- Неліктен Қазақстан Швейцариясы атанған?
V топ тапсырмалары
Сарыарқаның экологиялық жағдайы
- Сарыарқа өлкесінің экологиялық жағдайы қандай?
- Аумақтағы экологиялық проблемалардың туындауына не себеп болды?
- Оны шешудің жолдары қандай?
Әр топ өз тапсырмаларын жеке алып оқып, топта талдайды. Түсінбеген жерлерін бірлесіп анықтайды.
Сергіту сәті.
Әр топ мүшелері өз тапсырмаларын қорғайды.
Қарсы топтар бір – біріне сұрақтар қойып, жауап қайтарады.
4.2 Географиялық диктант
- Сарыарқа батысында Торғай үстіртімен шектесіп, Сауыр — Тарбағатай дейін созылып жатыр.
2. Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс — Қарағанды каналы салынды.
3. Дала зонасының қара топырағында егін өседі.
4. Сарыарқаның жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесі басты роль атқарады.
5. Сарыарқаның түсті металдарын ашуда Қаныш Сәтбаевтың еңбегі зор.
6. Климатына Сібірдің антициклоны мен арктикалық ауа массасы әсер етеді.
7. Аймақтың өзендері негізінен қар суымен қоректеніп, көктемде тасиды.
1200 шақырым — жазықтың батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы.
1565 м — Сарыарқаның ең биік нүктесі Ақсораң.
1403 м — Қарқаралы тауының биіктігі.
1968 жыл — Қорғалжың қорығының ұйымдастырылған
жылы.
1134 м — Ұлытаудың биіктігі
950 м — Баянауыл тауының биіктігі
4.4 Кескін картамен жұмыс
- Қорытындылау.
- Бағалау.
- Үйге тапсырма.
- «Сарыарқа» тақырыбын оқу.
- Сарыарқаның тамаша табиғаты туралы эссе жазу.
- Сарыарқаның орографиялық сызбасын сызу.
І топ тапсырмалары
Жер бедері және геологиялық құрылысы
- Сарыарқа өлкесі неден тұрады, нелер кездеседі, қалай жіктеледі, қандай аймақ?
- Сарыарқадағы тау жоталары, биік нүктелері.
- Жер бедеріндегі ірі ойыс. Көкшетау, Ұлытау тауларына сипаттама беру.
- Неліктен Қазақтың ұсақ шоқысы деп аталған?
ІІ топ тапсырмалары
Пайдалы қазбалар мен климат
- Пайдалы қазбаларды кен орындары мен қоса кесте түрінде көрсет?
- Климатиына талдау жаса.
- Ірі кен орындарын картадан көрсет.
- Әлемдік сұранысқа ие қандай пайдалы қазбаларға бай деп ойлайсыңдар?
ІІІ топ тапсырмалары
Өзендері мен көлдері
1.Сарыарқаның басты өзен жүйелері мен көлдері.
- Өзендердің қоректенуі.
- Өзендері мен көлдерін картадан көрсет.
- Су проблемасының туындауын немен түсіндіресіңдер, оны шешу жолдары қандай?
ІV топ тапсырмалары
Өсімдіктері мен жануарлары
- Табиғат зоналарын анықта. Әр зонаның топырағы мен өсімдік жамылғысын талда.
- Жануарлар дүниесі мен құстары.
- Қорықтары мен ұлттық саябақтары.
- Неліктен Қазақстан Швейцариясы атанған?
V топ тапсырмалары
Сарыарқаның экологиялық жағдайы
- Сарыарқа өлкесінің экологиялық жағдайы қандай?
- Аумақтағы экологиялық проблемалардың туындауына не себеп болды?
- Оны шешудің жолдары қандай?