Басы » Информатика » Программаларды іске қосу және құжаттарды ашу.

Программаларды іске қосу және құжаттарды ашу.

БҚО, Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылы
Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп — балабақшасы
Айнагүл Ысқақова
М. Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан МУ колледжінің студенті 

Сабақтың тақырыбы:  Программаларды іске қосу және құжаттарды ашу.

Сабақт ың мақсаты:

        Білімділік: оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игерту, бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен  таныстыру..

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциялық дамыту.

Тәрбиелік:  оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянықтылыққа  үйрету.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту, аралас.

Сабақтың әдісі: сөздік, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер.

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану бағытындағы пәндер.

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Информатика» 7-сынып. Н. Ермеков, Н.Стифутина

Сабақтың барысы:

  1. I.     Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу, сабаққа назарын аудару.

II. Өткенді пысықтау.

  1. Терезе дегеніміз не?
  2. Терезенің қандай түрлері бар?
  3. Терезе элементтерін және олардың атқаратын қызметі айтыңдар
  4. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы 3 белгінің қызметті қандай?

III. Жаңа сабақ.

    Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі нақты жағдайға байланысты, программаны іске қосу немесе құжаттарды ашу әр түрлі тәсілдермен, мысалы, Менің компьютерім қапшығының терезесі арқылы, Бағытттаушы программасымен немесе Іске қосу батырмасымен орындалуы мүмкін.

1) Іске қосу батырмасының көмегімен программаны іске қосу үшін мына әрекеттерді іске асыру қажет.

Іске қосу => Программалар => Стандартты => бағыныңқы менюде тышқан нұсқағышын қажетті қолданбаның белгішесіне орналастырып, оны шертсе, қолданба ашылады.

        Іске қосу батырмасының көмегімен құжатты ашу.

Іске қосу => Бас менюдегі Недавние Документы=> тышқан нұсқағышын құжаттың белгішесіне әкеліп, тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз. (Таңдалған құжаттың терезесі мен құжат жасалған қолданба ашылады).

2)       Менің компьютерім қапшығы арқылы программаны іске қосу: 

Менің компьютерім => С: => Program Files => WindowsNT  => Accessories => WordPad  

Сонда WordPad мәтіндік редакторы ашылады.

Менің компьютерім қапшығы арқылы құжатты ашу:

Менің компьютерім => С: => Менің құжаттарым қапшығын екі рет шертеміз.

3)      Бағыттаушы қолданбасы арқылы программаны іске қосу:

Бағыттаушы => Менің компьютерім  «+» => С: «+» => Program Files => WindowsNT «+» => Accessories «+» => Program Files => WordPad => WordPad мәтіндік редакторы қолданбасы ашылады.

Бағыттаушы қолданбасы арқылы құжатты ашу:

Бағыттаушы => Менің құжаттарым  «+» => терезенің оң жақ бөлігіндегі ашқыларың келетін құжаттың белгішесіне тышқан нұсқағышын қойып, оны екі рер шертеміз. Құжат өзі құрылған қолданба терезесінде ашылады.

IV. Бекіту.

  1. “Менің компьютерім”қапшығының терезесі арқылы бағдарламаларды

қалай іске қосамыз?

  1. Бағыттауыш бағдарламасы арқылы бағдарламаларыды қалай іске қосамыз?
  2. “Пуск”батырмасын пайдаланып бағдарламаларды қалай іске қосамыз
  3. Осы үш әрекет арқылы құжаттарды қалай ашуға болады?
  4. Осы үш әрекеттің ерекшіліктері қандай?

V.  Сабақты қорытындылау. 

VI. Үйге тапсырма.

§16.  Программаларды іске қосу және құжаттарды ашу тақырыбын оқу.

Бағдарламаны іске қосудың және құжатты ашудың үш тәсілін жаттау. «Бағыттауыш» бағдарламасы не үшін керек екенін жазып келу.

VII. Бағалау.

 

 

 

1 пікір

  1. сайт оте кызык маган унайды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *