Талдықорған қаласы
№14 орта мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Байзакова Айгуль Базарбековна
Тақырыбы: «Ана-бақыт, ана-гүл»
Мақсаты: Аналар мерекесі жайлы балалардың ұғымдарын кеңейту, сұлулыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгін бүгін оқушыларымыздың сіздердің құрметтеріңізге арналған шағын өлең-жырлары сіздерге арналады.
Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар.
Ән: Ақ мамам
Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біз бақытты балалар
Құрметтейік, о адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Қозы бағып жүргенде, жаңбыр жауды
Бір тамшысын әкелдім анам саған
Гүлдер жауып кетіпті қырды, тауды
Бір шоқ теріп әкелдім анам саған
Құтты болсын ардақты ана
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең
Ән: Ертегілер
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Ерлік, еңбек атқарған
Еңбегімен мақтанған
Ел сенімін ақтаған
Айналайын ақ мамам
Ән: Анашым қартаймашы жалынамын
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
Аналар ау менің шалқар көлдерім
Көлдерім мен асқар асқар белдерім
Мына өмірде қуанышты жүргенім
Сенің арқаң бұл өмірге келгенім
Әлпештеген баласын
Ана бақыт, ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын
Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа ана ертең ақ
Отың болып жанам ғой
Сенен өскен балалар
Сенен өскен даналар
Құттықтыаймыз мейраммен
Құрметті асыл аналар
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Менің әжем бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Ән: Әжемнің шайы
Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң
Айтқан тіліңді аламын
Жұмсағанда барамын
Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген, апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келемін
Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Мұрат, мүлде мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Хормен:
Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Ән: Біз бақытты баламыз
Ән: Қошақаным
Құрметті де аяулы аналар! Оқушыларымыздың сіздерге арналған шағын концерттік бағдарламасы аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ АТА-АНА.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі,мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан – жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бізде көптеген ата-аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата-ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу-үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата-ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді.Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата-ана болып қала береді.Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата-ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?
Сонымен әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында.
Ендене ата-ананың балаға ықпал ету әдістеріне тоқталар болсақ:
Әдістер Мазмұндық көрсеткіштер Нәтежелер
1 Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту
Нандыру, сендіру, иландыру, ақыл кеңес,іс-әрекетін қуаттау, нұсқау, қолдау, орынды көтермелеу, дәлелдеу, дұрыс бағалау, әділ ескерту, баламен санасу, пікірлес болу. Өзіне сенімі артады
2 Ықпал ету арқылы тежеу
Ата-ананың балаға дегенін күштеп істеуі, қақпайлау, үстемдік пиғылын көрсету,беделімен басыну, санаспау. Тартыншақ,
қорқақ, ырықсыз,өтірік,
жігерсіз,жалтақ
3 Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту
Орынды мақтау, мадақтау, көңілін көтеру, демалысын ұйымдастыру, керекті деңгейде қажетін өңдеу.
Көңілі өсіп марқаяды,батырлық, өзіне сенімі, өмірге құштарлығы, қабілеттері ашылады
4 Теріс әрекетке түрткі болатын әдістер
Баланың ырқына көну, еркелету,балаға мән бермеу,бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу, зекіп ұрсу,орынсыз кінәлау,алдау,мазақ ету, нашар үлгі көрсету Қырсық, өзімшіл, жалқау, рақымсыз, ұқыпсыз, ынтасыз, озбыр, бірбеткей, қатыгез.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндеті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық. Өзімшіл болып өспесін десеңіз, мына қателіктерге жол бермеңіз:
- Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін;
2. Не істесең, оны істе маған бәрібір;
3. Аса қаталдық, яғни «Мен нені айтсам соны орындауың керек, Өйткені мен үйдің басшысымын»
4.Балаларды тым еркелету,
5.Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ,
6.Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз етпе;
7. Баланың ісіне көңіл күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау.
Ата-ана балаларын адалдыққа үйретемін десе:
* Айтқан сөзінде тұру керек. Қандай да бір жағдайда уәдеңізді орындай алмасаңыз, балаңызға не себепті орындай алмағаныңызды айтып кешірім сұраңыз.
* Егер балаңызға өзіңіз өтірік айтып қойған болсаңыз, мойындап, не себепті өтірік айтқаныңызды айтып түсіндіріңіз.
*Бала шындығын айтқанда қолпаштап отырыңыз. Әсіресе айтуына қиын болған сәттерде.
* Балаға көп талап қоймаңыз және одан қабілетінен тыс көп нәрселерді күтпеңіз. Есіңізде сақтаңыз: Талап көп және қатаң болған сайын, бала жазаланудан қашу үшін өтірікті қорғану әдісі ретінде көп қолданады.
Ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болу керек. Кез келген уақытта сабаққа қатысу керек. Барлық сабақтан «5» болып, орыс тілі, әннен «4» болса сізді ойландыруы тиіс. Балаға сол сабақтарға қарауға бағыт беру керек. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз. Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.
Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» – деген керемет ұлағатты нақыл сөз бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет. Ата –ананың міндеті:
1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;
6. Мектептегі ұйымдастырылған ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Ата-аналар кодексінде: Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес. Баланы жақсы көргендінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз. Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар. Ата-аналарға арналған этикалық кодекс
1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.
- Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.
7. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз, оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
8. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз.
9. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
10. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз.
11. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: Сынып жетекшісі; Пән мұғалімі (қажет жағдайда); Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; Әлеуметтік педагог; Мектеп басшысы.
Өз тәжірибеме сүйенер болсам. Ата – анамен бірлесе жұмыс істесек көптеген жетістіктерге жетуге болады. Оның дәлелі қалалық ғылыми жобалар сайысында өзімнің оқушым Рымбеков Әділет республикалық ғылыми жобалар сайысында ІІ-орын алды. Ал қалалық ғылыми жобалар сайысында Каиров Нариман І орын иеленсе, Касенов Данияр ІІІ орын иеленді. Биылғы оқу жылындағы мектепішілік пән олимиадаларында математика пәнінен Киреева Азиза І-орын иегері болса, 3 оқушым жүлделі орын иегері болды, қазақ тілі пәні бойынша 7 оқушы жүлделі орынға иеленді, оның төртеуі І-орын иегері. Мектеп ішінде өтетін апталықтарда сыныбым бірінші орынды ешкімге бермей, өз қоржынымызға салады.
Қалалық облыстық тоғызқұмалақ, шахмат ойынының жеңімпаздары да осы сыныптан табылады. Сынып оқушыларының белсенділігінің жоғары екенінің бірден бір дәлелі 2010 – 2011 оқу жылының рейтингісі бойынша І-орын алып грамотамен марапатталдық. Сонымен қатар биылғы оқу жылы қала көлемінде болған «Патриот бол-түбіртекті талап ет» сайысында қанжығамызға ІІІ орынды байладық.
Сыныптың ата – аналары да белсенділік жағынан жоғары деңгейде. Оның дәлелі қалаға берілген ашық сынып сағаты «Шаңырақ шаттығы», «Аяулы менің мектебім», «Әй, осы балалар ай»т.б Қорыта келгенде,оқушылардың өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс – әрекетін сараптап, жан – жүрегімен сезіне алатын жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдемін.
Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай,
– балаларыңыз, үлкен азамат болып өссін!
Сондықтан үш одақ оқушы, ұстаз, ата – ана жұмысындағы сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.
Кітап білім бұлағы
Кітап білім бұлағы
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», — деп атап көрсеткен Шекспир.
Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.
Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша — мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.
Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады.
Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы.
Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу.