қазақ қыздар гимназиясының
геогерафия пәні мұғалімі
Жангурова Айнұр
Тақырыбы: Күн жүйесінің планеталары. Алып планеталар.
Мақсаты: Алып планеталар жөнінде жалпы мағлұмат бере отырып, түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерлігін дамыту.
Тәрбиелік: Елін, қоршаған ортасын аялауға тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: Планеталардың беткі температурасы, серік планеталардың Күнді айнала қозғалу кезеңі және өз білігінен айналу кезеңі, орбита.
Сабақтың түрі: аралас. Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Әдіс — тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен, сәйкестендіру, геогафиялық диктант, кесте.
Көрсетілетін материалдар: алып планеталардың фото – суреттері.
Оқушылардың өзіндік іс — әрекеті. Дәптерлеріне алып планеталардың негізгі сипаттамасын көшіріп жазу. Қосымша ғылыми — әдебиеттерден материал жинақтау, талдау.
Сабақтың дүниетанымдық аспекті. Оқушыларды Жерге мүлдем ұқсамайтын планеталардың барлығын ұғынуға әкелу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
ІҮ. Жаңа материалды меңгерту
Ү. Жаңа материалды бекіту.
ҮІ. Жаңа материалды қорытындылау.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, кластың сабаққа дайындығын тексеру, топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Кім күшті?» 5 ұпай
- Күн жүйесіндегі планеталар неше топқа бөлінеді? (жер тобы планеталары, алып планеталар)
- Күнге өте жақын орналасқан планета (Меркурий)
- Меркурийдің беткі жоғарғы температурасы? (4000С)
- Жерге ұқсас планета. (Шолпан)
- Шолпанның жоғарғы температурасы? (5000С)
- Алғаш рет Шолпанға ғарыштық станса қай жылы қондырылған? (1970ж. «Венера — 7»)
- Тіршілігі бар планета (Жер)
- Күн жүйесінде Марс нешінді орында? (4)
- Күнге жақынырақ орналасқан планеталарды ата. (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс)
- Алып планеталарды ата. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)
Кезең 3 мин. алады.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау. Әр топтан бір оқушы қорытындылау 5 ұпай, қалғандарына – 1 ұпай (бонус)
ІҮ. Жаңа материалды меңгеру. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Кезең 3 мин.
а) Мәтінмен жұмыс. Жаңа материалды меңгеруге бағыт беру. 5 ұпай
Кезең 5 мин.
б) Топтық жұмыс. «Кім алғыр» Карташа тандау. Оқушылар карташадағы тапсырмалармен танысады. Жинақтаған қосымша мәліметтерін пайдалана отырып, мәселені ортаға салып, талқылайды. 5 ұпай
Кезең 10 мин. алады.
ІІІ. «Ойлан, тап» Адасқан объектіні сәйкестендір. 10 ұпай
1. Ең ыстық Шолпан 4620 С
2. Ең суық Плутон шамамен 2350С
3. Ең жылдам Меркурий 172 000 км/ сағ
4. Ең алыс Плутон телескотан ғана көрінеді
5. Ең тығыз Жер судан 5 есе тығыз
6. Ең алып Юпитер
Кезең 1 мин.
Ү. Жаңа материалды бекіту. Географиялық диктант
1. Күн жүйесінде ………………….. планета бар. (9)
2. Сатурн Жердің массасынан…………….. есе үлкен. (95)
3. Сатурн…………, ………… және …………. тұрады. (тастан, мұздан және тозаң)
4. ……………… үлкен ғаламшар. (Юпитер)
5. Уран ………………. ғасырда ашылған. (ХҮІІІ)
6. Нептунның сақиналары …………… ғарыштық аппарат фотоға түсірген. («Вояджер — 2»)
7. Плутонның жалғыз серігі …………… . (Харон)
8. Юпитерді ………………… деп атайды. (Қызыл таңдақ)
9. …………….. 2006 жылға дейін Күн жүйесінің ең алыстағы және ең кішкентай планетасы болып есептелді. (Плутон)
10. Күн жүйесінде планеталар ……………… бөлінеді. (2)
ҮІ. Қорытынды. «Білгенге маржан».
«Марсты неге қызыл планета деп атайды?»
«Сыртқы планеталар туралы фактілер»
«Қай планеталар онша әйгілі емес?»
ҮІІ. Үйге тапсырма.Бағалау.
§13 оқу. Марс пен Юпитерді салыстыру. (Венн диаграммасы)
жарайсын, ариптес!!!
Сағанда рахмет, осылай Қазақ интернетінің дамуына азда болса үлес қосқангыңа.