Басы » Информатика » Файлдар мен қапшықтар.

Файлдар мен қапшықтар.

   БҚО, Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылы
Жамбыл орта жалпы білім беретін
мектеп — балабақшасы
Айнагүл Ысқақова
М. Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан МУ колледжінің студенті
 Сабақтың мақсаты :  «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Дербес компьютерде қапшық, файл құру, обьектілермен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    дәстүрлі емес.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: сөздік, практикалық, сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, тесттер, таратпа материалдар.

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану бағытындағы пәндер.

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Информатика» 7-сынып. Н. Ермеков, Н.Стифутина

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты  «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Ал, енді бұны бастамас бұрын үй тапсырмасын қайталайық.

II. Өткенді пысықтау.

  1. Ауызша сұрақтар:
  1. Терезе дегеніміз не? Неше түрі бар?
  2. Windows қандай ож?
  3. Жұмыс столы дегеніміз не?
  4. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыздар?
  5. Компьютердің енгізу құрылғылары?
  6. Компьютердің шығару құрылғылары?

 

  1. Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар.
1 Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы А Ақпарат
2 Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ В Жұмыс аймағы
3 Бұл – объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы С Терезе
4 Сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан Д Интерфейс
5 Адам мен компьютер арасындағы байланыс Е Сканер
Жауабы: 1 2 3 4 5  
  Е С В А Д

 

  1. Дұрыс жауапты тауып, жауабы өрісіне сәйкес жауапты тышқан нұсқағышы арқылы апарып қойыңыз.
  1. «… – компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдаоламалар жүйесі»

 

a)      ОЖ*

b)      Интерфейс

c)      Драйвер

d)     Терезе

e)      Объект

 

Жауабы: ОЖ

 

  1. «…европалықтар «Абак», қытайлықтар «Суанпан», жапондықтар «Серобян» деп атаған алғашқы құрылғы

a)      Аналитикалық машина

b)      Есепшот

c)      Паскаль машинасы

d)     Арифмометр

e)      Дербес компьютер

Жауабы: Есепшот

 

III. Жаңа сабақ

1. Сен Windows-тың қандай объектілерін білесің?

Windows объектілері

Негізгі

Арнайы

  1. Қапшықтар
  2. Бағдарламалар
  3. Құжаттар
  4. Таңбашалар
  1. Бас меню
  2. Басқару тақтасы
  3. Менің компьютерім
  4. Себет

 

 Cабақты көшіріңіз

1 пікір

  1. ЖАРАЙСЫН!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *