Басы » Технология » Тұздықтардың негізгі түрлері дайындау технологиясы

Тұздықтардың негізгі түрлері дайындау технологиясы

№2 Қаратау колледжі
ө/о шебері Тулендиева Мақбал Қамбарқызы
Сабақтың тақырыбы: Тұздықтардың негізгі түрлері дайындау технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімбілік: білімгерлерге тұздық түрлері туралы мағлұмат беру, дайындалу технологиясын үйрету;
Дамытушылық: білімгерлердің тұздық даярлауға деген қызығушылығы мен құштарлығын ояту;
Тәрбиелік: білімгерлерді жүйелі еңбекке баулу, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: нұсқау карта, суреттер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
А) білімгерлермен амандасу
Ә) сабаққа дайындықтарын тексеру;
Б) түгендеу, келмеген білімгерлердің себептерін анықтау.
Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап:
1. Еттен жасалатын тағамдардың классификациясы туралы қысқаша түсініктерін сұрау.
2. Ет тағамдарын кулинарлық және жылылап өңдеу тәсіліне қарай топтарға бөлінеді: (қайнатылған, бұқтырылған,қуырылған, көміп пісірілген, шабылған еттен).

Жаңа сабақ
Қысқаша тұздық дегеніміз не? Осыған тоқталып өтсек.Әлемнің қай бұрышында болса да,дәмді тағам тұздықсыз дайындалмайды.Кез келген кулинарлық анықтамалықтан француз гастраномдары 3000-ға жуық тұздықтың авторы екендігі туралы ақпарат ала аласындар.Жаңадан тапқан тұздықтарға сол елге немесе халыққа байланыстырып ат берген. Осылай француз асханасында «голландық», «португалдық», «итальяндық», «ағылшын», «баварлық», «польшалық» тіпті «татар», «орыс» тұздықтары пайда болды. Бірақ бұл тұздықтардың біреуі де сол елдердің ұлттық тағамдарына ұқсамайды. Тұздықпен тамақ дәмдірек болады, тәбетіңді ашады, қазан сөлі жақсы бөлінеді. Тұздық жеке ұсынатын тағам емес , ол тағамға ерекше дәм беретін дәмқосар, онсыз бірде-бір аспаз тағам дайындамайды.Тұздық тағамның дәмін кіргізіп, хош иіс беріп, көрінісін әдемілеп, консистенциясын тартымды етіп қана қоймай, ол бірдей азық-түліктен дайындалатын тағам түрлерін өзгерте алады. Шындығында, кез келген еттің, көкөністердің немесе күріштің дәмі қосылған тұздықтың түріне қарай өзгереді.
Қосымша сипатына қарай, барлық тұздықтарды екі негізгі топқа бөледі: ұн қосылған және ұн қосылмаған. Сонымен бірге тұздықтарды ыстық және салқын тұздықтар деп бөледі

Сарамандық жұмыс
Сарамандық жұмыс алдында білімгерлерге техника қауіпсіздік ережесін еске түсірейік:
1. Жұмыс алдында электр сымының зақымданғанын тексер.
2. Электр құралдарын жүйеге қосқанда және ажыратқанда құрғақ қолмен айырдың сыртынан ұстаңдар.
3. Қосылып тұрған электр құралдарын бақылаусыз қалдырмаңдар.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралдарын сөндіріңдер.
Білімгерлер екі топқа бөлініп,технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасайды.1-топ: «Ақтар» тобы ақ негізді тұздық даярлайды
Азық-түліктер: 1 стақан ет сорпасы, 2 ас қасық ұн, 1 ас қасық сары май, қажетінше тұз.

Дайындау технологиясы:
1. Қыздырылған майда ұнды тез араластыру, жағымды хош иіс шыққанша қыздыру (ұнның түсі өзгермеуі керек);
2. Ет сорпасымен араластыру;

Құрылымы жағынан өндірістік оқу сабағы негізгі үш элементті қамтиды: кіріспе нұсқау, білімгерлердің машықтану барысындағы жаттығуы (өзіндік жұмыс) шебердің ағымдағы нұсқауы
Қорытынды нұсқау.
Кіріспе нұсқаудың міндеті – бұл білімгерлер санасына атқарылайын деп тұрған өндірістік оқудың мақсаттары туралы толық және кең көлемді түсінік қалыптастыру, оны орындалудың жағдайы, құралдар мен орындалу әдістері мен ерекшеліктері, сонымен қатар бақылау және өзін-өзі бағалау әрекеттері туралы мағлұмат беру болып табылады.
Білімгерлерге шебер тарапынан ағымдағы нұсқау берудің басты міндеті-оларға өндірістік оқу жұмыстарын орындау кезінде басшылық жасау, дағдыларының қалыптасуын бақылау және саралау, соның ішінде білімін, біліктілік пен дағдыларын тексеру және бағалау болып табылады.

Қорытынды нұсқау – өткізілген сабақты қорытындылау, білімгердің сол сабақта алған біліктілік пен дағдысын саралау мақсатында жүргізуі тиісті өндірістік оқу үдерісінің маңызды құрамы болып табылады.Өндірістік оқуда шебер мен білімгердің бірлесе ұйымдастырылған қызметтерінің жолдары соның көмегімен білімгердің білімге біліктілікке және дағдыға қол жеткізуі, ой мен дене күшінің жетілуі, олардың кәсіби шеберлігінің адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген көзқарасының шығармашылық қабілетнің қалыптасуы.Өндірістік оқу үрдісінде сөздік (түсіндіру, әңгімелеу,ауызша немесе жазбаша нұсқау т.б.), көзбейнелеу (еңбек әрекеттері мен қимыл-қозғалыстарын көрсету, көрнекі құралдарды пайдалану, бейнелеу құралдарын қолданк және т.б.) өндірістік (жаттығулар, зертханалық жұмыстар, өндірістік-техникалық тапсырмаларды орындау және т.б.) әдістер қолданылады. Қазіргі кезде өндірістік оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялық әдістердің элементтерін қолданыста кең өріс алып келеді.Мысалы: өндірістік оқу сабақтарын өткізгенде сергіту жаттығулары, ромашка, алқа, балық сүйегі, бес саусақ т.б. әдістерін қолданып келеді.Өзге оқыту үдістері секілді , өндірістік оқу үдерісі де белгілі бір оқу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік оқу құралдарына қалыпты оқу-өндірістік үдерісті қамтамасыз ететін оқу-өндірістік жабдықтар, құрал – саймандар, оқу және өндірістік құжаттар, шикізаттар, өңделетін және қолданылатын материалдар, көрнекі құралдар, техникалық оқу құралдары т.б. жатады. Біздің коллежімізде аспаз мамандығы шеберханасы құрал-саймандармен және аспаз қажетті жабдықтарымен қамтылған. Біздің колледж шеберханасында әр білімгерге жұмыс орны белгіленген өткізілетін операциялық тақырыптар бойынша жасалатын бұйымдардың техникалық карталары сызылып, таратылып отырады.

3. Тұздықты тұздықтың ыдысына салу
2 – топ: «Қызанақ» тобы қызанақ тұздығын ақ тұздық негізінде дайындайды.
Азық-түлік: шала қуырылған тамыр сабақ, 1 дана пияз, жарты ас қасық қант, лимон, тұз, бұрыш (қажетінше).
Дайындау технологиясы:
1. Шала қуырылған тамыр сабаққа, пиязды қосып 30 минут қайнатады;
2. Пісуге жақындағанда қант, тұз,бұрыш, лимон,сірке қышқылын қосады;
3. Т ұздықты сүзгіден өткізеді, сүзгіде қалған көкөністерді тұздықта езіп қайтадан қайнатуға дейін әкеледі, бірақ қайнатпайды;
4. Сары май қосып, тұздықты тұздықтың ыдысына салу.

Бекіту сұрақтары:
1. Тұздық дегеніміз не?
2. Тұздықтарды негізгі неше топқа бөледі?
3. Тұздықтарды неше түрге бөледі?

Бағалау:
Сарамандық жұмыс барысында білімгерлердің орындаған жұмысының сапасына, алған білімдеріне қарай бағалау.
Қорытынды:
Білімгерлердің білімін сұақ-жауап арқылы қорыту.
Не білдім?
Не үйрендім?
Не білгім келеді?
Үйге тапсырма: Тұздық түрлеріне қарай сөзжұмбақтар құрастырып келу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *