Басы » Физика » Атмосфералық қысым.Торричелли тәжірибесі.Барометр.

Атмосфералық қысым.Торричелли тәжірибесі.Барометр.

 БҚО, Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылы

Жамбыл орта жалпы білім беретін
мектеп — балабақшасы
Айнагүл Ысқақова
М. Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан МУ колледжінің студенті

Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым.Торричелли тәжірибесі.Барометр.

Сабақтың  мақсаты:   Білімділігі: атмосфералық қысымның пайда болу себебін, 

атмосфералық қысымның ашылу тарихын, Торричели тәжірибесін түсіндіру, оны өлшейтін құралмен,таныстыру

Дамытушылығы: оқушыларды танымдық және практикалық іс-
әрекетте дұрыс әдіс-тәсіл жасауға үйрету.

Тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой
қорытуды пайдалана білуге, физикалық теориялардың, олардың элементтерінің, ұғымдардың модельдерін, заңдары қолдану, шекаралары туралы білімді қалыптастыру.

Сабақтың түрі:    дәстүрлі.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту, аралас.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, суреттер, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану бағытындағы пәндер.

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Физика және Астрономия» 7-сынып. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

ІІI. Жаңа сабақ;

ІV. Бекіту;

V.  Сабақты қорытындылау;

VI. Үйге тапсырма;

VІI. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:   

І.Ұйымдастыру.

Амандасу, түгендеу, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  

Сұрақ -жауап. Суреттер бойынша.
1. Цилиндр тәрізді әр түрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Cудың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?
2. Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға,ал ең төменгі саңылаудан неғұрлым алысқа шапшиды.Бұл құбылысты түсіндір?

3. Екі ыдыс берілген. Оның біреуіне су,екіншісіне керосин құйылған.Сұйықтардың деңгейі бірдей . Ыдыс табанына түсіретін қысым бірдей ме?
4. Қатынас ыдыстардың әр тармағына әр түрлі сұйық құйылған.Осы әр текті сұйықтардың еркін беттері қалай орналасады?
5. Су құбыры не үшін қолданылады?
6. Өнеркәсіптік су құбырлары не үшін қажет?
7. Қазақстанда су құбырлары қай ғасырларда пайда болған және ол қандай материалдан жасалған? 

ІІI. Жаңа сабақ.

Тіршілік атаулының өмірлік өзегі- аңсар арманы- таза ауа.
Болмасын ауа ешкімнің арман мұны,
Ауадан жалған ас жоқ жалғанда ұлы
Ойлашы ,кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні ! О. Асқар.

Жердің бетін ау қабығы – атмосфера қоршап тұрады. Ол бірнеше қабаттардан тұрады. Ауырлық күшінің әрекетінен оның жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіреді. Атмосфера – газ, сол себепті ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның салдарынан Жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.

Атмосфералық қысымды қалай өлшеу керектігін ең алағаш итальян ғалымы Э. Торричелли ойлап тапты. Оның ұсынған тәжірибесін 1643 ж. Г. Галилейдің шәкірті В. Вивиани жүзеге асырды. Бұл тәжірибеде бір ұшы бекітілген ұзындығы 1м-ге жуық шыны түтік қолданылды. Оны сынаппен толтырып саусақпен жауып, (сынап төгілмеу үшін) төңкеріп сынабы бар ыдысқа саламыз. Түтіктен саусақты алсақ, біраз сынап бөлігі ағып, жоғары жағында ауасыз кеңістік — “торричелли бостығы” пайда болады. Мұндағы сынап бағанының биіктігі (ыдыстағы сынап деңгейі) 760 мм еді. Егер бұл қысымдар тең болмаса, сынап тепе-теңдікте болмас еді. pсынап>pатм болғанда сынап түтікшеден табаққа төгілер еді, ал pатм>pсынап болғанда түтікше бойымен жоғары көтеріледі.Сондықтан ауа қысымын сынап бағанының сәйкес биіктігімен (әдетте мм арқылы берілген) өлшеуге болады. Мысалы, егер қандай да бір Жерде атмосфералық қысымы 760 мм сын. бағ тең десе, онда бұл жердің ауа қысымы биіктігі 760 мм вертикаль сынап бағаны түсіретін қысымына сәйкес келеді. Сынап бағанының биіктігі үлкен болса атмосфералық қысым үлкен, ал биіктігі аз болса қысым да аз болады.Егер, Торричелли тәжірибесіндегі сынабы бар түтікшеге вертикаль шкала бекітсек атмосфералық қысымды өлшеу құралы — сынап барометрі (грек сөзі “барос” — ауырлық) пайда болады. 1648 ж. Паскальдың тапсырмасымен, Ф. Перье Пюи-де-Дом тауының етегі мен төбесіндегі барометрдің сынап бағанының биіктігін өлшеп, Паскальдің атмосфералық қысым биіктікке байланысты деген болжамын дәлелдеді: тау төбесіндегі сынап бағаны 84,4 мм аз болып шықты. Жер бетінен биіктеген сайын атмосфералық қысымның азаятынына ешқандай күмән қалмас үшін Паскаль тағы да бірнеше тәжірибелерін, бұл жолы Парижде, Нотр-Дам соборының етегі мен төбесінде, Сен-Жак мұнарасында, сондай-ақ 90 баспалдақты биік үйде жасады. Өзінің нәтижелерін ол “сұйықтардың тепе-теңдігінің ұлы тәжірибесі туралы” еңбегінде жариялады.

  Барометр-анероид. ХІХ ғасырдың ортасына дейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін Э. Торричелли ойлап тапқан сұйық барометрлер (негізінен сынапты) қолданылды. 1844 ж. Л. Види жаңа сұйықсыз барометр жасап шығарды, ол барометр-анероид деп аталды (“анерос” — грек сөзі — сұйықсыз). Сынапты барометрлермен салыстырғанда барометр-анероидтар аса берік, сенімді емес, өйткені ондағы серіппе мен мембранасы уақыт өтуімен өзінің серпімділігін өзгертеді. Дегенмен, ол әрі портативті және сұйығы жоқ, қолдануға ыңғайлы болғандықтан іс жүзінде жиі пайдаланады. Барометрлер метерологиялық зерттеулерде ең қажетті құралдар болып саналады, өйткені атмосфралық қысымды білу, жақын күндердегі ауа райын болжауға қажет.

ІV. Бекіту.

Сөзжұмбақ.

1.Анероид қандай мағынаны білдіреді?(Сұйықсыз)

2.Барос қандай мағынаны білдіреді?(ауырлық)

3.Жердің бетін ауа қабатын не қоршап тұр?(атмосфера)

4.Торричелли тәжірибесінде шынының ішінде не құяды?(сынап)

5.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрылғы?(барометр)

СҰЙЫҚСЫЗ

АУЫРЛЫҚ

АТМОСФЕРА

СЫНАП

БАРОМЕТР

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма.  

§40. Атмосфералық қысым.Торричелли тәжірибесі.Барометр тақырыбын оқу.

19 – жаттығудағы тәжірибелерді үйден орындап, көрген – білгендерін, түсінгендерін дәптерге түсіру.

VII. Бағалау.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *