Басы » Физика » Газдың қысымы

Газдың қысымы

   1-a Қызылорда қаласы, №261 орта мектебі

Дәуренбекова Ақбота физика пән мұғалімі

 

            Қазіргі заман талабына сай оқушылар бойына нәтижелі білім негізін қалау үшін ұстаз ізденісі мен кәсіби шеберлігі  маңызды. Алған теориялық білімді практикамен ұштастыру, оны тұрмыста, өз келешегінде тиімді қолдана білуге бағыттау мұғалім шеберлігіне байланысты. Мысалы физика пәнінде өтілетін бір  ғана  тақырыпты бала санасында берік  есте қалдырып, кейін пайдасына жаратуға үйрету үшін сабақты төмендегі үлгіде ұйымдастыруды  ұсынамын. Бұл сабақта жаңа тақырыпты  шағын эксперименттерді оқушылардың өзіне жасату арқылы оңай ұғындыруға, деңгейлік тапсырмалар арқылы алған білімін жетілдіруге, мақал-мәтелмен байланыстыру арқылы ой-өрісін дамытып, есте сақтау қабілеттерін артыруға болады. Паскаль заңының тұрмыста, техникада, ғылымда қалай қолданылуға болатына көздерін жеткізуге болады.

 Сабақтың тақырыбы:  Газдың қысымы

Сабақтың мақсаты: а)  газдың қысымының сұйық және қатты денедегі қысымнан айырмашылығын шағын эксперимент арқылы көз жеткізу, газ қысымының көлемге тәуелділігін, барлық бағытта таралу себебін түсіндіру;

ә)  газ қысымының тұрмыста, техникада дұрыс қолданылуы жайлы мәлімет беру және түрлі тапсырмалар арқылы есте сақтау қабілетін арттыру, іскерлігін шыңдау, шығармашылыққа баулу, ой-өрісін дамыту;

б) жинақылыққа, нақтылыққа, ауызбіршілікке, ойын еркін білдіруге, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты игерту

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Сабақтың әдісі: тірек-сызбамен оқыту, экспериментттік әдіс, сұрақ-жауап, көрнекілік әдіс, компьютерлік технология

Пәнаралық байланыс: математика, ауыз әдебиеті

Сабақтың формасы:  топтық

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек-сызба, тәжірибелік нұсқау және оған қажетті заттар.

Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

    ІІ.  Сайыс шарттары:

  1. Мазмұнды сұрау (үй тапсырмасы бойынша)

А) Тірек-сызба

Б ) Есептер шығару

  1. «Жорға» 12 сұрақтан тұрады. (өткенге шолу)
  2. Мәтінге – сұрақ (жаңа сабақ бойынша)
  3. Іскерлік кезең (тәжірибе жасау)
  4. Біліміңді шыңда (деңгейлік тапсырмалар)
    7. Астарын тап. (мақал-мәтелдің физикалық заңдылығын табу)
  5. Қорытынды.

«Жорға» І топ

  1. Дене  жылдамдығын тұрақты сақтау құбылысы (инерция)
  2. Заттың қасиетін сипаттайтын шама (тығыздық)
  3. Күш қандай шама? (векторлық)
  4. Созылу, сығылу, иілу, бұралу не деп аталады? (деформация)
  5. Дененің жерге тартылу күші (ауырлық күші)
  6. Салмақ неге тең? (mg)
  7. Бір дене екінші дене бетімен сырғанай қозғалса, бұл қандай үйкеліс? (сырғанау)
  8. Үйкеліс коэффициентін қандай әріппен белгілейді? (µ)
  9. Қысымның өлшем бірлігін ата (Паскаль)
  10. Сұйық пен газда қысым қалай таралады? (барлық бағытта)
  11. Үйкеліс күші қозғалысқа қалай бағытталған? (кері)
  12. Айдағы ауырлық күші неге тең? (1,6 Н/кг)

 

ІІ топ

  1. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама (күш)
  2. Белгілі бір бетке күш әркетінің нәтижесі (қысым)
  3. Қатты денеде қысым қалай таралады? (бір бағытта)
  4. Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші (салмақ)
  5. Ауырлық күші неге тең? (mg)
  6. Күшті немен өлшейді? (динамометр)
  7. Бір дене екінші дене бетімен домалай қозғалса, бұл қандай үйкеліс? (домалау)
  8. Жердегі ауырлық күші нешеге тең? (9,8 Н/кг)
  9. Күштің өлшем бірлігін ата? (Ньютон)
  10. Салмақ қандай әріппен белгіленеді? (Р)
  11. Газдағы қысым неге тәуелді? (Көлемге)
  12. F=kx кімнің заңы (Гук)

 

Мәтінге  — сұрақ. Жаңа сабақ материалын екі топқа бөліп беріп, 10 минут уақыт ішінде 3 репродуктивті, 5 дамытушылық сұрақ жазып және сол сұрақтарды рет-ретімен қоюды тапсырады. Қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі. Мысалы:

Газдың қысымы қалай пайда болады?

Бөлмедегі ауа молекуласының 1 с ішінде 1 см2 ауданға келетін соқтығысу саны 23 таңбалы санмен өрнектелетіні есептеулер арқылы анықталған. Жеке молекулалардың соққысы әлсіз болғанмен, барлық молекулалар соққысының ыдыс қабырғасына тигізер әрекеті едәуір болады. Осыдан газ қысымы пайда болады.

Газ қысымы көлемге,  температураға қалай тәуелді?

    • Газдың массасы мен температурасын өзгертпей, газдың көлемін кішірейтсе, оның қысымы артады, ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді.
    • Газдың көлемі өзгермеген жағдайда, жабық ыдыстағы газдың температурасы неғұрлым жоғары болса, оның қысымы соғырлым үлкен болады.

Іскерлік кезең (тәжірибе жасау)

І топ. Сиқырлы шар

Қажетті заттар: шар, бөтелке, ыстық суы бар ыдыс, суық су.

  1. Бос шарды бөтелкеге кигіземіз.
  2. Бөтелкені астына ыдыс қойып, сыртына  ыстық  су құя бастаймыз.

Нәтиже: Шар үрленеді.

Себебі: Ауа – ұсақ бөлшектер – молекулалардан тұрады. Молекулалар қызғанда бір-бірінен алыстайды, бөтелкедегі ауа ұлғаяды. Сондықтан ауа шарға өтіп, оны үрлейді. (себебін оқушылар өздері түсіндіруге тырысады, мұғалім тек толықтырады)

  1. Енді бөтелкені суық судың астына ұстайды.

Нәтиже: Шар босайды.

Себебі: ауа салқындайды, сығылады. Молекулалар бір-біріне жақындайды және бөтелкедегі өз орнына барады.

ІІ топ. Сиқырлы стақан

Қажетті заттар: стақан, кітап, беті жылтыр тақтай, суық  және ыстық су.

  1. Кітапты үстелдің үстіне қойып, оған тақтайды көлбеу орналастырамыз. Стақанды суық сумен сулап, тақтай үстіне қоямыз.
  2.  Енді стақанды ыстық сумен сулап, тақтайдың үстіне алғашқы реттегідей қоямыз.

Нәтиже: Стақанды суық сумен сулағанда, ол төмен сәл сырғиды да, тоқтайды. Ал стақанды сытық сумен сулағанда, төмен қарай жылдам сырғып, тақтайдың соңына дейін барады.

Себебі: Ыстық стақандағы ауа ұлғаяды да, стақанды сәл-пәл көтереді де, сондықтан стақан төмен қарай сығиды.

 

Біліміңді шыңда (деңгейлік тапсырмалар).

Слайдтар арқылы интерактивті тақтада көрсетіледі. Екі топ оқушылары кезекпен таңдайды.

І деңгей (10 ұпай)

  1. Денені жер бетінде қандай күш ұстап тұрады?

А) ауырлық күші            Ә) серпінділік күші             Б) Жерге тартылу күші

  1. Тақтай үстінде тұрған бала секіріп түседі. Тақтай қандай күштің әсерінен түзеледі?

А) ауырлық күші            Ә) серпінділік күші             Б) Жерге тартылу күші

  1. Рюкзак бауларын неліктен жалпақ етіп жасайды?

А) үзіліп кетпеу үшін       Ә) көп жүк салу үшін         В) қысым, салмақ аз түссін деп

Г) сәнді болу үшін

  1. Қандай күйде газ көбірек қысым түсіреді?

А) қыздырылған күйде       Ә) суық күйде              В) екі жағдайда да бірдей

  1. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне үздіксіз беріледі.

А) Архимед заңы            Ә) Гук заңы          Б) Ньютон заңы        В) Паскаль заңы

  1. Бәтеңкенің ұлтаны тозуына қандай күш әсер етеді?

А) үйкеліс күші         Ә) ауырлық күші          Б) серпінділік күші

ІІ деңгей (20 ұпай)

  1. Көлемі 10 см3 болаттың массасы 78 кг, көлемі 20 см3 болаттың  массасы қандай?

А) 0,156 кг             Ә) 156 кг                    Б) 15,6 кг                 В) 1,56 кг

  1. Салмағы 9,8 Н дененің массасы нешеге тең?

А) 1 кг                   Ә) 9,8 кг               Б) 0,98 кг              В) 10 кг

  1. Бөлмеде ілулі тұрған люстра 49 Н күшпен төбеге әсер етіп тұр. Люстраның массасы қандай?

А) 0,2 кг          Ә) 5 кг                   Б) 0,5 кг                    В) 50 кг

  1. Үстел үстіне төгілген су күнбағыс майына қарағанда тез жайылып кетеді. Не себепті?

А) тығыздығына байланысты           Ә) үстелдің бетіне байланысты

Б) молекулалар қозғалысының жылдамдығына байланысты

ІІІ деңгей. (40 ұпай)

  1. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003 см2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай болады?

А) 900 Па                Ә) 900 кПа              Б) 90 МПа      В) 9000000 Па

  1. Ауданы 5 м2 болатын ыдыс түбіне керосиннің түсіретін қысымын тап. Керосин массасы 500 кг.

А) 10 Па         Ә) 1000 Па                Б) 100 Па             В) 10 кПа

 

Астарын тап (мақал-мәтелдің физикалық заңдылығын табу)

  1. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды.   (қозғалыс)
  2. Тас түскен жеріне ауыр. (ауырлық күші)
  3. Оқу – инемен құдық қазғандай  (қысым)
  4. Жүк ауырын нар көтереді, ел ауырын ер көтереді. (салмақ)
  5. Еңбегі аздың, өнбегі аз (жұмыс)
  6. Мәуелі ағаш майысқақ (деформация)
  7. Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді (салмақ)
  8. Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады (күш)

 

Үйге тапсырма.

  1. § 46
  2. Қысымға байланысты тәжірибе жасау. (Тақтай үстіне пласталлин қабатын жайып, алдымен бөтелкені түбімен, сосын аузымен қойын, нәтижесін бақылау және себебін түсіндіру)
  3. Мақал-мәтел іздеу
  4. «Кенет шешім»

А) Піскен жұмыртқаны мылтықпен атқанда, оқ тесіп өтеді. Ал шикі жұмыртқаны атсаң, быт-шыт болып сынады. Неліктен?

Ә) Бос банканы атсаң тесіп өтеді де, ал суы бар банканы атсаң, күл-паршасы шығады. Неліктен?

Сабақ басталарда топ жұмысын бағалау парағы тартылып, топпен бірге жеке оқушының да жинаған ұпайы  есептеліп, бағаланады.

 

 

 

 

 

 

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы   Жаңа сабақ Бекіту кезеңі Қорытынды
8 сұрақ Тірек-сызба 5 тест сұрақтары Мәтінге — сұрақ Іскерлік кезең Есептер шығару Тестпен жұмыс барлығы
Барлығы:

 

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы   Жаңа сабақ Бекіту кезеңі Қорытынды
8 сұрақ Тірек-сызба 5 тест сұрақтары Мәтінге — сұрақ Іскерлік кезең Есептер шығару Тестпен жұмыс барлығы
Барлығы:
Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы   Жаңа сабақ Бекіту кезеңі Қорытынды
8 сұрақ Тірек-сызба 5 тест сұрақтары Мәтінге — сұрақ Іскерлік кезең Есептер шығару Тестпен жұмыс барлығы
Барлығы:
Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы   Жаңа сабақ Бекіту кезеңі Қорытынды
8 сұрақ Тірек-сызба 5 тест сұрақтары Мәтінге — сұрақ Іскерлік кезең Есептер шығару Тестпен жұмыс барлығы
Барлығы:

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *