Басы » Химия » Кремний және оның қосылыстары

Кремний және оның қосылыстары

111111111111Куанганова Шынар  №7 лицей орта мектебі

Облыстық семинарда өткізілген сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кремний жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру. Оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру. Кремний элементін жан – жақты зерттеу арқылы оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар

                     арқылы экологиялық тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже: Кремний және оның қосылыстары туралы толық мағлұмат ала отырып, олардың алыну

әдістері мен қасиеттерін  химиялық реакция теңдеулері арқылы жазып, дәлелдей алады.

Сабақтың көрнекілігі: Периодтық кесте,слайдтар,сызбанұсқа.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі:  «Ажурная пила» тәсілі бойынша оқыту

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, ізденіс, өздік жұмыс, топпен жұмыс .

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары

ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Топқа бөлу.

Ү.Сабақты бекіту сұрақтары

ҮІ.Қорытындылау.

 

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңінде сыныпты 5 топқа бөлу. Әр топта 5 адамнан болады.

Бағалау парағын таратып беру.

 

Үй тапсырмасын пысықау сұрақтары:

  1. ІҮ топтың негізгі топшасына кіретін элементтер
  2. Көміртек сутекпен әрекеттескенде  не  түзіледі?
  3. Көміртек қосылыстарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
  4. Көмір қышқылының тұздары не деп аталады?
  5. Көмірдің және басқа заттардың өз бетінде газдарды, буды және еріген заттардың бөліктерін ұстап қалу қасиеті  не деп аталады?
  6. Автомобиль қозғалтқышы жұмыс істегенде және пеште қатты отынды жаққанда, пештің тартуы нашар болып, ауа жеткіліксіз болғанда  түтінмен бірге шығатын қандай газ?
  7. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері

 

 

Жер қыртысындағы мөлшері бойынша оттектен кейінгі екінші орында тұратын, құмның негізгі бөлігі болып келетін  қай элемент деп ойлайсыздар?

Иә , бұл кремний. .Ендеше бүгінгі сабағымызда «Кремний және оның қосылыстары» туралы әңгімелейтін боламыз.

«Кремний және оның қосылыстары» тақырыбы бойынша әр топқа тақырыптар бөліп беру.

 

 

 І топ. «Кремнийдің жалпы сипаттамасы және табиғатта таралуы » .

            Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде ІІІ периодта, ІҮ топтың негізгі топшасында орналасқан элемент. Таңбасы – Si.  Реттік нөмірі – 14. Салыстырмалы атомдық массасы – 28. Валенттілігі айнымалы – ІІ,ІҮ. Тотығу дәрежесі – +4, +2, 0, -4.

Кремнийдің атом құрылысы көміртек атомына ұқсас.

Ондағы электрондардың орналасуы  +14 Si  2е.

Кремний атомының электрондық формуласы  1s2 2s22p63s23p2. Көміртек атомы сияқты кремнийдің сыртқы энергетикалық деңгейінде 4 электроны бар. Бірақ кремний атомының радиусы біршама үлкен болады, себебі оның электрондары ядродадан қашықтау  орналасады.

 

 

 Табиғатта таралуы бойынша

 

 

Бос күйінде             Қосылыс түрінде

 

 

Оксид және силикат түрінде

Кремнезем, каолинит, алюмосиликаттар,

ортаклаз, дала шпаты.

 

ІІ топ. «Кремнийдің  алынуы және фзикалық қасиеттері»

 

Алынуы

 

Зертханада                                           Өнеркәсіпте

SiO2 + 2Mg          2MgO + Si                         SiO2 + 2C          2CO + Si

 

Таза күйінде 1822 жылы бөліп алған швед ғалымы И.Я.Берцелиус.

 

 

Кремний

 

 

                                        Кристалды                                                           Аморфты

 

Қара сұр, металдық жылтыры бар,             Сұрғылт түсті ұнтақ зат.

өте қатты, қиын балқыитын, аздап

электр тогын өткізетін зат.

 

 

 

ІІІ топ. «Кремнийдің химиялық қасиеттері»

 

            Кремний атомдары өзара ковалентті полюссіз байланыс түзеді. Кристалл торы – атомдық. Кәдімгі жағдайда химиялық енжар элемент болып келеді, ал қыздырса оның белсенділігі артады.

Аморфты кремнийді қыздырғанда тотықсыздандырғыш ретінде жай заттармен әрекеттеседі

 

Тотықсыздандырғыш Тотықтырғыш
Галогендермен

Si0 + 2CI20         Si+4CI4-1

Оттекпен

Si0 + O20  1200t   Si+4О22

Көміртекпен

Si0 + C0        Si+4C4

 

Концентрациялы сілтімен әрекеттеседі:

Si + 2NaOH + H2O      Na2SiO3 + 2H2

 

 

Металмен

Si + 2Mg         2Mg2Si

 

 

 ІҮ топ. « Кремнийдің диоксиді , физикалық қасиеттері»

 

Кремнийдің оттекті қосылыстарына – кремний (ІҮ) диоксиді жатады. Қышқылдық оксидке жатады.  Оны кремнезем деп те атайды. Ол – табиғи полимер.  Ол мұхиттардың төменгі қабатында инфузориялар мен диатомды балдырлардың қатты қабықтарының құрамына кіреді. Кристалдық кремнеземді кварц деп атайды. Оның алты қырлы призма тәрізді түрі тау хрусталі деп те аталады. Одан бағалы тастар мен оптикалық линзалар алынады. Ал күңгірттеу түстісі – аметист деп аталады да, одан зергерлік бұйымдар жасалады.

К – атомдық кристал торлы

Р – қиын балқитын зат.

Е – 17130С балқиды

М – суығанда аморф шынысына айналады

Н – өзі  ғана болса,

Е – ақ түсті құм

З – темір қосылыстары араласса, сары

Е — қоңыр түсті болады

М – суда ерімейді.

 

Ү топ. « Кремний диоксидінің химиялық қасиеттері және қолданылуы»

 

NaOH           Na2SiO3 + H2O

SiO2+  t0  MgO            MgSiO3

 

Na2CO3           Na2SiO3 + CO2

 

Жаңа сабақты бекіту.

1.Кремнийдің диоксидінің табиғатта таралуы. Жіктелуі.

2.Кремний диоксидінің химиялық қасиеттері.

3.Кремнийдің кристалл торы қандай, арасында қандай байланыс түзеді?

  1. Таза күйінде кремнийді алған ғалым. Қай жылы?

5.Кремнийдің химиялық таңбасы мен  электрондық формуласы

6.Кремний диоксидін карбонаттармен қосып қыздырғанда не түзіледі?

  1. Тотықысздандырғыш ретінде қандай заттармен әрекеттеседі?
  2. Балқыған кремнезем суығанда неге айналады?

9.Кремнийдің  қанша аллотропиялық түр өзгерістері  бар?

10.Кремнеземді негіздік оксидтермен әрекеттестіргенде не түзіледі?

  1. Зертханада кремнийді қалай алуға болады?
  2. Аметисттен не жасайды?

Қорытындылау.

Бағалау.

 

Үйге тапсырма беру. «Кремний және оның қосылыстары».

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *