Басы » География » Тау жыныстарының түрлері

Тау жыныстарының түрлері

Екібастұз қаласы №25
қазақ қыздар гимназиясының
геогерафия пәні мұғалімі
Жангурова Айнұр

Мақсаты: Тау жыныстарының түрлері жөнінде жалпы мағлұмат бере отырып, түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, логикалық ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: табиғатты қорғауға және елжандылыққа тәрбиелеу, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар: магмалық, шөгінді, метаморфтық ұғымдарын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен, сәйкестендіру, геодиктант, тірек сызба.

Сабақтың көрнекілігі: сызба нұсқалар.

Оқушылардың өзіндік іс-әрекеті: Дәптерлеріне тау жыныстардың түрлерінің сипаттамасын сызба нұсқа түрінде түсіру. Қосымша ғылыми-әдебиеттерден материал жинақтау, талдау.

Сабақтың дүниетанымдық аспекті: Оқушыларды тау жыныстарының бір-біріне ұқсамайтындығын ұғынуға әкелу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІҮ. Жаңа материалды меңгерту.

Ү.  Жаңа материалды бекіту.

ҮІ. Жаңа материалды қорытындылау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы.

  Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру.

Кабинет тазалығын, оқушылар қатысуын тексеру, құрал-жабдықтар, оқушыларды топтап отырғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. § 19. Жер сілкіну және жанартаулар.

Ой-қозғау.

  1. Жер сілкінісі дегеніміз не?
  2. Жанартау дегеніміз не? Жанартаулар қалай пайда болады?
  3. Жанартау қандай бөліктерден тұрады?
  4. Лава дегеніміз не?
  5. Жанартаудың кратері қалай пайда болады?
  6. Тынық мұхит отты сақинасы деп неге атайды?
  7. Гейзер деген не? Олардың қандай пайдасы бар?
  8. Жанартаудың көмейі деген не?
  9. Жанартаудың атқылау құбылысын сипаттап беріңдер.
  10. Жанартау атқылағанда нені бақылауға болады?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау. Әр топтан бір оқушы тұрып қорытындылайды.

ІҮ. Жаңа сабақ.

А) Тау жыныстарының пайда болуы.

Б) Тау жыныстарының түрлері.

1. Мағынаны ашу.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

Тау жыныстары дегеніміз – жер қыртысын қалыптастырушы тығыз және борпылдақ массалар жиынтығы.

 2. Мәтінмен жұмыс. Жаңа материалды меңгеруге бағыт беру.

3. Топпен жұмыс. Карташамен жұмыс.

Карташаны таңдау арқылы тапсырмалармен танысады. Жинақтаған қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, ортаға салып талқылайды.

 

№1. Магмалық жыныстар

№2. Метаморфты жыныстар

№3. Шөгінді жыныстар

4. Тірек сызба жаса:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Сергіту сәті. «Адасқан оюъектілер» ойыны. Сәйкестендір.

 

1. Метаморфты                                   1. жанартаудың әсерінен пайда болады.

2. Шөгінді                                           2.  сыртқы күштердің әсерінен                                            бұзылыпүгілуінен пайда болады.

3. Магмалық                                       3. жоғары температура мен қысымның            әрекет етуінен болады.

 6. «Кім тез?»  шығармашылық жұмыс. Венн диаграммасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту. Геодиктант .

1. Тау жыныстар үш ірі топқа бөлінеді: …………..,…………….және…………. .   (магмалық, шөгінді, метаморфты)

2. Шөгінді тау жыныстар тек ……… ……….. түзіледі . (жер бетінде)

3. Гранит …………… айналады. (гнейске)

4. Мұхиттық жер қыртысын құрайтын ауыр тығыз тас- ……………. жатады. (базальт)

5. Жануарлар мен өсімдіктердің қалдығы жинақталып, топталған жағдайда органикалық …………………… тау жыныстары түзіледі. (шөгінді)

6. ……………… грек тіліндегі «метафорос»-өзгертемін, өзгерген деген  мағынаны береді. (Метаморфты)

7. Гранит, базальт, жанартаулық туф …………….. жатады. (магмалыққа)

8. Бор, ұлутас,, тас көмір, мен қоңыр көмір ……………. жатады. (шөгіндіге)

9. Гнейс, мәрмәр, кристалды тақтатас ……………… жатады. (метаморфты)

10. Пайдалы қазбалардың топтасып жинақталған жерін ………… деп атаймыз. (кен орны)

 ҮІ. Қорытындылау. Ой толғаныс. Бүгінгі сабақтан алған, білген материалдарына қорытынды жасау.

 ҮІІ. Үйге тапсырма. § 20 оқу; 64-65 бет.

Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Үйге тапсырма берілгеннен кейін, оқушыларға баға қойылады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *