Шилісу негізгі мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Билибаева Қарлығаш
Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Мақсаты:
Білімділігі: Тәуелді жалғау мағынасын байқату, яғни заттың, қандай да бір нәрсенің біреуге тән, соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындай отырып, ойлауын, дербес жұмыс істеуін алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білім
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, деңгейлік тапсырмалары, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: үлестірмелер, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушының назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мен міндеті.
Мақсатымыз – білім алу.
Міндетіміз – еңбек ету.
Еңбектену арқылы.
«5» — ке қолды жеткізу
ІІІ. Ойын «Кім шапшаң?»
Жұлдызқұрт туралы не білеміз?
Оқушыларындың жұлдызқұрт ойларын тыңдау
І топ ІІ топ
Әр жұлдыз құрттың ішінде математикалық есептер жазылады. Оқушылар есепті шығарып сабақтың тақырыбын шығарады.
60:6*5*7+50:80*20:5*5*5 = 500 Зат есімнің
70:7*2+90+210:4*7:10*7+51 = 100 тәуелденуі
Яғни біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
ІҮ. Мақсатын айту
Ү. Жаңа сабақ
1) «Ой қозғау» стратегиясы
І топ ІІ топ
— Түбір дегенміз не? — Жұрнақ дегеніміз не?
— Қосымша дегеніміз не? — Жалғау дегеніміз не?
— Сөздерге жалғанған қосымшалардың қандай мағынаны білдіріп тұрғанын байқа.
2) 38 – жаттығудан байқайық (ауызша)
— Сөздерге жалғанған қосымшаның түрі жалғау.
— Зат есімге жалғанған жалғау заттың біреуге тән екенін білдіріп тұр.
3) Тақтамен жұмыс
39 – жаттығу. Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді айды, көркем жазуды жазамыз. (Тақтамен жұмыс)
Сөздерін үлгіге байланысты тәуелдейді
Ана, қол ,қозы, етік
- Сөздерге жалғанған қосымшаларды тауып, астын сыз.
- Бұлар жұрнақ па, жалғау ма?
- Бұл қосымшалар қандай мағынаны білдіріп тұр?
(оқушыларды тыңдау, ереже шығарады, оқулықтағы ережені оқиды.)
Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулары деп атайды. Мысалы: Әке-м, әже-ң, ата-сы. Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады: көрші – м, көрші – ң, көрші – ңіз, көрші – сі т.б.
Зат есімнің тәуелдену түрлері
Жекеше Көпше
І жақ. Менің (-м, -ым, -ім) Біздің (-ымыз, -іміз, -мыз, -міз)
ІІ жақ. Сенің(-ң, -ың, -ің) Сендердің (-ың, -ің)
Сіздің (-ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз) Сіздердің (-ыңыз, -іңіз)
ІІІ жақ. Оның (-і, -ы, -сі, -сы) Олардың (-і, -ы)
Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше, және көпше түрде айтылады.
4) Сергіту сәті «Балық»
«Балық» туралы не білеміз?
Оқушыларындың балық туралы ойларын тыңдау
Тыңайтқыш |
Тірі ағза |
Балық |
Дәрілер |
Тағам |
Балық майы |
Сергіту сәті: «Сен маған, мен саған»
Менің……………………..
Сенің……………………….
Сіздің………………………
Оның ……………………..
Біздің………………………
Сендердің……………….
Сіздердің…………………..
Олардың……………………
5) Деңгейлік тапсырмалар беру. (10 минут)
Жауап парағын, бағалау парағын қолдану.
ҮІ. Қорытынды. Инсерт әдісі
Білемін | Білгенім | Білгім келеді |
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
Бағалау