Басы » География » Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.

Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.

Тақырыбы:    Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.

Білімділігі: Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсерімен, агроклиматтық қорлармен таныстыру.

Дамытушылық: Картамен жұмыс істеу  қабылеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Іздемпаздыққа, мәдениеттілікке баулу. Ұжымдылыққа тәрбиелеу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар:  Қазақстан физикалық картасы, атлас.

Сабақ түрі;   аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, оқұлықпен, картамен,әңгіме.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

— сәлемдесу

— сабаққа қызығушылығын оятып, назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Географиялық диктант

1) Қазақстанның жері негізінен ………….. болып келеді.

2) Қазақстанның жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері ……… ……… аралығында.

3) Қазақстанның жауын – шашын ең көп түсетін жері ……………. .

4) Қазақстанның жауын – шашын солтүстікте орта есеппен …………. .

5) Жылдық жауын шашын мөлшерінің буланушылықа қатынасын ……………  ………………. деп атайды.

6) Шилісу ауылының буланушылық 1150 мм, ал жауын – шашын 195 мм. Ылғалдану  коэффициентін тап?           

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері
  • Ауыл шаруашылығына тигізетін әсері ерекше. Солтүстігінде – егін шаруашылығы; оңтүстігінде – суармалы егіншілік дамыған.
  • Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес.
  • Жаз өте ыстық, құмның беті 60-700С қа қызады.
  • Ылғалы аз, ыстық құрғақ жел – аңызақ тән. Дала зонасында – 5-10 күн. Шөлейт – 40, Қызылқұм – 100күн.
  • Соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4 рет болды.
  • Оған қарсы қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару шаралар қолданады.
  • Шаңды дауыл. Желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Ол ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Дала зонасында – 20-38 күн болады. Оңтүстігіндегі құмды шөлдерде – 50-60 күн болады.
  • Үсік, көктемнің аяқ кезінде, күздің басында, кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық ауа массасының енуіне байланысты.Ауа температурасы 00С тан төмендеп, топырақ беті тоңазып кетеді. Көбінесе солтүстік және орталық бөліктерінде.
  • Көктайғақ, оңтүстік және орталық аудандарда жиі байқалады.

    ІV. Бекіту

 

 

Сәйкестік тест

Егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік беретін аудандар Шаңды дауыл
Атмосфералық құбылыстар Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл
Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын құбылыс Мақта, жүзім, т.б.
Аңызақ желдің ең ұзақ соғатын жері Қаратау жотасы, Іле Алатауы
55 – 60 күн Қуаңшылық, аңызақ
10 жылда 4 жыл үсік қаупі бар Қауырт атмосфералық құбылыс
22 мм – ге дейін барады Солтүстік және орталық
Үсік Қызылқұмда
  1. Қорытынды
  • Бағалау
  • Үй тапсырмасы § 27, 96-98 бет оқу
  • Реферат. Тақырыбы: Шилісу ауылының қаупті атмосфералық құбылыстары

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *