Газдың қысымы

БҚО, Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылы
Жамбыл орта жалпы білім беретін
мектеп — балабақшасы
Айнагүл Ысқақова
М. Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан МУ колледжінің студенті
 

Сабақтың  мақсаты:  

            Білімділігі: молекулярлық теория негізінде  оқушыларға газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысым туралы түсінік беру, газдың қысымы температура мен көлемге тәуелді екенін көрсету;

            Дамытушылығы: сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін, еңбекқорлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:  жүйелі білім алуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:    дәстүрлі.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту, аралас.

Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану бағытындағы пәндер.

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Физика.Механика» М.Жолдыбаев, Т.Байпақбаев.

«Физика және Астрономия» 7-сынып. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ.Жаңа сабақ;

IV.Бекіту;

V. Сабақты қорытындылау;

VI. Үйге тапсырма;

VII. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:   

І.Ұйымдастыру.

Амандасу, түгендеу, сабаққа даярлау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Физикалық диктант (алдыңғы тақырып бойынша сұрақ қоямын дәптерге жауабын жазады, 10мин уақыт беріледі)

  1. Қысым деп нені айтады?
  2. Қысымды қалай анықтайды? (тақтаға формуланы жазу)
  3. Осы формуладан әрекет ететін күш пен ауданды қалай анықтауға болады?
  4. Қысымның өлшем бірлігі не?
  5. Қысымды арттыруға немесе кемітуге бола ма? Ол үшін не істеу қажет? (мысал келтіру)
  6. Тақтадағы сурет не туралы? Қатты денелер түсірілген қысымды қалай жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады?
  7. Паскаль заңы қалай оқылады?
  8. Гидравликалық машиналар дегеніміз қандай машиналар?

ІІІ.Жаңа сабақ.

Газдың қысымы неден пайда болады және неге тәуелді болады? Міне, бүгін сол сұрақтарға жауап аламыз.

Ол үшін біз келесі тапсырманы орындайық. Тақтада үш күйдегі молекулалардың орналасуы туралы суреттер көрсетіліп тұр. Үш күйдегі заттардың қасиеттері мен молекулалардың қозғалысы туралы ақпаратты анықтайық.

Қатты Сұйық Газ
Нақты көлемі бар

Нақты пішіні бар

Молекулалар белгілі ретпен орналасқан

Молекулалар тербеле қозғалады

   

Осы кестеден газ күйіндегі молекулалардың қозғалысына назар аударайық. Молекулалар қалай қозғалады? Яғни, газда қысым неден пайда болады?

Газдардың қатты денелер мен сұйықтардан айырмашылығы, олар өздері тұрған ыдыстың көлемін түгел алып тұратындығы. Газ берілген ыдыстың ішіне түгел жайылады және өзі орналасқан сол ыдыстың қабырғасына қысым түсіреді. Газ молекулалары үлкен жылдамдықпен ретсіз қозғалып жүреді. Сол кезде олар өзі тұрған ыдыстың қабырғаларымен соқтығысады. Жеке молекулалардың соққысы әлсіз болғанымен, барлық молекулалар соққысы үлкен болады. Міне, осыдан келіп газ қысымы пайда болады.

    Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ молекулаларының соқтығысуынан пайда болады.

Енді 98 – суреттегі тәжірибені қарастырайық. Вакуумның (ауа сорғысы қалпағының) астына аузы байлаулы, ішінде аздаған ауасы бар резеңке орналастырылған. Одан кейін сорғымен қалпақтың ішіндегі ауаны сорып шыгарады. Айналасындағы ауа сирей бастағанда шарымыз біртіндеп торсиып, ақырында дөңгеленеді. Бұл тәжірибені түсіндіріп өтсем: алғашқыда ауаның өозғалыстағы молекулалары шардың қабырғасын ішінен де, сыртынан да соққылайды. Вакуумдағы ауаны сорып шығарғанда шардың айналасындағы молекулалар саны да азаяды. Ал, шар ішіндегі молекулалар саны өзгермейді. Сондықтан ішкі соқтығысу саны көбірек болады. Паскаль заңы бойынша газдың шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым  түсіреді.

Газдың  массасы мен температурасын өзгертпей, газдың көлемін кішрейтсе,оның қысымы артады, ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді.

Ал енді, температура дегеніміз не есімізге түсірейік?

Температура – дененің жылулық күйін сипаттайтын шама.

Сонда егер біз газдың көлемін өзгерпей қыздырсақ, онда оның қысымы қалай өзгереді? Не себептен?

Жауабы: газдың көлемі өзгермесе, ал температура негұрлым жоғары болса, соғұрлым  қысымы да үлкен болады.

Аздарды сақтағанда және тасымалдағанда қатты сығылатындықтан, олардың қысымы артады.Сондықтан газдарды өте берік арнаулы баллондардың ішінде ұстайды.

IV.Бекіту.

      Тақтадағы тест сұрақтарына жауап беру. Уақыт 5 минут.

Бекітуге арналған тест сұрақтары:

Тест сұрақтары

  1. Газдың қысымы неден пайда болады?

А) молекулалардың бір-бірінен алшақтау орналасуынан

Ә) молекулалардың өлшемдері кіші болғандықтан

Б) молекулалардың ыдыс қабырғасына  соқтығысуынан

2. Температура тұрақты болғанда газдың көлемін ұлғайтса, онда қысымы қалай өзгереді?

А) артады                               Ә) кемиді                          Б) өзгермейді

3. Егер газдың температурасы жоғары болса, онда оның қысымы қандай болады

А) үлкен                                Ә) кіші                               Б) бірқалыпты

4. Бөлмедегі қысым неге әсер етеді?

А) тек қана қабырғаға                                         Ә) тек қана еденге

Б) тек қана төбеге                                                Б) барлығына

5. Газ  молекулалары қалай қозғалады

А) секірмелі                                      Ә) тербеле                     Б) еркін, шапшаң

Дәптерлерді ауыстырып бір-бірлерінің жұмыстарын тексеріп баға қою.

Жауаптар:       1-Б        2-Ә           3-А            4-Б                  5-Б

«5» -0 қате               «4» — 1 қате        «3»- 2 қате       «2»- 2-ден көп қате болса.

 

Осымен сабақ аяқталды. Сұрақтар бар ма? Сау болыңыз.

V. Сабақты қорытындылау.

    Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ молекулаларының соқтығысуынан пайда болады.Газдың  массасы мен температурасын өзгертпей, газдың көлемін кішрейтсе,оның қысымы артады, ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді. Газдың көлемі өзгермесе, ал температура негұрлым жоғары болса, соғұрлым  қысымы да үлкен болады. Аздарды сақтағанда және тасымалдағанда қатты сығылатындықтан, олардың қысымы артады.Сондықтан газдарды өте берік арнаулы баллондардың ішінде ұстайды.

VI. Үйге тапсырма.

§36.    Газдың қысымы тақырыбын оқу.

VII. Бағалау.

Физикалық диктант пен тест жұмысындағы білімдері бойынша бағалаймын.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *