Басы » Технология » Жаңаөзен политехникалық колледжінде дуальды оқыту тәжірибесі

Жаңаөзен политехникалық колледжінде дуальды оқыту тәжірибесі

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжі
Физика пәні оқытушысы
Толеубаева Айша Бақытжанқызы

Жаңаөзен политехникалық колледжінде дуальды оқыту тәжірибесі

Дуальдық оқыту жүйесі жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел болуды» мақсат еткен ««Қазақстан- 2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты саяси маңызы зор тарихы Жолдауында «Дуальды кәсіпте білім беруді дамытудың маңыздылығын» атап өткен болатын. Дуальдық жүйенің негізі- оқу орны мен өндірісте қатар оқыту болып табылады. Бұл кәсіптік- техникалық білім берудегі басты мәселе оқу орнындағы теориямен заманауи өндіріс тәжірибе арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.

Дуальдық оқыту жүйесі

Дуальды оқытуды теориямен тәжірибенің өзара байланыс принципін жүзеге асырады мұның өзі болашақ маманға кәсіпорында жұмыс істеу барысында біліктілікке, мамандыққа деген қызығушылыққа ие болуға көмектеседі. Мұндай оқу өндірістің нақты сұраныстарын барынша жақындатады, нәтижесінде жұмыс берушілер кәсіби мамандарға ие болады.

  Оқу қабырғасында жүріп-ақ болашақ мамандығының қыр-сырына қаныққан жастар ертең жұмысқа дайын маман болып барады. Еуропалық білім беру жүйесінің тәжірибесі көрсеткендей, оқытудың бұл тәсілі студенттердің таңдаған мамандығы бойынша терең білім алып қана қоймай, оқу орны мен жұмыс берушінің қоян-қолтық жұмыс істеуіне дәнекер болатыны дәлелденген.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *