Басы » Физика » Қысым

Қысым

БҚО, Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылы
Жамбыл орта жалпы білім беретін
мектеп — балабақшасы
Айнагүл Ысқақова
М. Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан МУ колледжінің студенті

Сабақтың тақырыбы:Қысым.

Сабақтың  мақсаты: Білімділігі: оқушыларға жалпы қысым туралы және оның белгіленуі, өлшем бірлігі жөнінде түсінік беру;

Дамытушылығы: күнделікті өмірден түрлі мысалдар ала отырып, оқушылардың қысым туралы түсінігін арттыру, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушының ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:  жүйелі білім алуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:    дәстүрлі емес.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, флипчарт.

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану бағытындағы пәндер.

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Физика.Механика» М.Жолдыбаев, Т.Байпақбаев.

«Физика және Астрономия» 7-сынып. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева

Сабақтың өту барысы:   

  1. Ұйымдастыру

Амандасу, түгендеу, сабаққа даярлау, сынып оқушыларын 2 топқа бөлу. Олар: Ньютон шәкірттері мен Архимед шәкірттері. (Жаңа сабақ түсіндірілгеннен кейін әр топ оқушылары түрлі тапсырмаларды орындап, есептерді шығарып шығыршыққа ие болады, жиналған шығыршықпен алдындағы шыршаларын әсемдеп жарысады)

  1. 2.      Жаңа сабақ.

Күнделікті тұрмыста біз пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз. Мысалы: матаны доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай, немесе ұлдар жағы білеміз қалың шегеге қарағанда жіңішке шегені ағашқа қақсақ тезірек, әрі жеңіл қағылатынын, сол себепті құралдардың кесетін жүзінің ауданын кішірейтуге тырысатынбыз. Сондықтан құралдардың әсерін есептегенде бір дененің басқа бір денеге түсіретін күшінің мәнін ғана емес, күш түсірілетін беттің ауданында білу қажет. Енді оқушылар мынадай тәжірибе қарастырайық. Ол үшін назарымызды бәріміз слайдқа аударайық. Көріп отырғанымыздай бізге бірінші құмның үстіне жіңішке төрт аяғы бар үстелше төңкеріліп үстіне, 5кг гір таспен бастырылған, батпады, себебі неде? Екінші, құмның үстіне үстелшені жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойған, батып кетті, себебі неде?

Қысым деп белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.

Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына да тәуелді болады.

Қысым= ;                                        ;

Мұндағы -қысым;  -бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін  күш немесе қысым күші; -күш түсетін беттің ауданы.

Енді жоғарыдағы формуланы түсіндірсек            немесе     ;

SI жүйесінде қысым  паскальмен (Па) өлшенеді.

  1. 3.      Сабақты бекіту.

1)    Енді бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдеріңізді тиянақтау мақсатында әр топ түрлі тапсырмаларды орындап, есептерді шығарып шығыршыққа ие боласыңдар, жиналған шығыршықпен алдарыңыздағы шыршаларыңызды әсемдеп жарысасыздар. Ең алдымен  тақырып бойынша әр топқа бір-бір сұрақтан беріледі:

  1. Ньютон  шәкірттеріне:

Әжеміз пердені ертеде қолмен тіккен. Тігін тігуде ұшы доғал немесе үшкір инелерді қолданудың қайсысы оңай?

  1. Архимед шәкірттеріне:

Тортты кесуге жүзі өткір пышақ пен күнделікті қолданып жүрген пышақтың қайсысы кесуге оңай?

(оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін ортага салады)

2)   Есеп «Қатені тап» ойыны. (15-жаттығу)

  1. 100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді.  Қысымды анықтаңдар.

Бер: F=5H

s= 100 см2

P=?

2. Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының  массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіркеу ауданы 1,4 м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.

Бер: m=6610 кг

s= 1,4 м2

P=?

3. Массасы 45 кг, бәтеңкелерінің табандарының ауданы 300 см2 баланың еденге түсіретін қысымын есептеңдер

Бер: m=45 кг

s= 300 см2

P=?

4. Массасы 45 кг бала шаңғыда тұр. Шаңғының ұзындығы 1,5 м, ені 10 см. Бала қарға қандай қысым түсіреді?

Бер: m=45 кг

a= 1,5 м

B= 10 см

P=?

3)      Ауызша есепте.

1) Ньютон  шәкірттеріне:                           2) Архимед шәкірттеріне:

2гПа=………………..Па                             3000Па=……………………..кПа

5кПа=………………..Па                             500Па =………………………гПа    4МПа=……………….Па                             2000000Па=………………..мПа

 

4)      Адасқан формулалар. (12слайд)

5)      «Бас қатырғылар базары» құпиясөз (әр топқа құпиясөз жазылған парақшалар беріледі, сол бойынша ұжымдағы оқушылар сөз құрап жарысады)

А    Т    М    О    С    Ф    Е    Р    А
Н    С    Ы    Й    Ұ    И    С    Б    У
Е    Ы    Қ    Г    А    З    О    Р    Ғ
Р    О    И    Д    Р    И    К    А    Ы
А    Т    Т    Ы    Е    А    Ң    Ы    Ч
Т    Ы    Р    О    М    З    О    Ш    Е
М    Н    А    Б    О    Ь    Л    А    Л
Е    А    С    У    Н    Л    И    Р    Л
Г    А    Ф    О    О    А    К    С    И
А    У    А    Р    М    У    Л    А    П

4.  Қорытындылау бөлімі:

1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама

2. Қысымды қалай анықтайды?

3. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?

4. Қысымды сыртқы әрекет күшнің бағытында ғана тарататын қандай дене?

5. Паскаль заңы қалай айтылады

Жауаптары:

1. Қысым

2. p=F/S

3. Па, гПа, кПа, МПа

4. Қатты дене

5.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі

 5.   Үйге тапсырма.

§33 Қысым.  15-тапсырма

Өздерің еденге қандай қысым түсіретіндеріңді қалай анықтауға болады?

        6.   Бағалау.

Презентацияны жүктеңіз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *