Басы » Cыныптан тыс » «Ұлан байтақ далада, хандықтың туын көтерген» атты тарихи-әдеби танымдық кеш

«Ұлан байтақ далада, хандықтың туын көтерген» атты тарихи-әдеби танымдық кеш

1425578014_550Жамбыл облысы, 
Сарысу ауданы, 
Жаңатас көпсалалы колледжі
Тарих панінін окытушысы Оспанова Гафура Кулмахановна                   «Ұлан байтақ далада, хандықтың туын көтерген»

атты тарихи-әдеби танымдық кеш

 

Кештің мақсаты: қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған хандар туралы мағлұмат беріп,қазақ халқының ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасып,ел болып еңсесін көтерудегі қазақ хандарының өлшеусіз еңбектерін бағалай отырып, білімгерлердің тарихи танымын дамытып, ғибратты ғұмыр кешкен бабалар рухына тағзым етіп,өткенімізге құрметпен қарауға,кемел келешекке нұрлы болашаққа нық қадам басқан ұлтжанды,өскелең ұрпақты өз елінің патриоттары етіп тәрбиелеу

  1. Армысыздар, құрметті Жаңатас көпсалалы колледжінің құрметті қонақтары,ардақты ұстаздар,қымбатты білімгер достар.

Бүгінгі «Ұлан байтақ далада, хандықтың туын көтерген»  тақырыбымен     Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, ұйымдастырылып отырған тарихи-әдеби танымдық кешімізге қош келіпсіздер!

  1. Біз кешегі Алтай мен Атырау арасын ен жайлап,осы ұлы даланы ұрпақтарына мирас етіп қалдырған, көреген де, дана бабалардың ұрпағымыз.Сондай дана ғұлама бабаларымыздың бірі- Әбу Насыр әл Фараби»Тарихты білмей өткенді ,қазіргі жағдайды білу,келешекті болжау қиын »десе, біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаев»Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы,тұтастану тарихы»деп тамаша анықтама берген.
  2. Өткенімізді құрметтей отырып,халқымыздың ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасқанына,ел болып, еңсесін көтергеніне биыл- 550 жыл толып отыр. Бұл біздің мемлекеттігіміздің этникалық тұрғыда қалыптасқан кезеңі.

 

550 жыл толды деп ,«Қазақ»атты хандыққа,

Елбасымыз салды, елге жарлықты.

Өткеніңсіз келешек жоқ екенін,

Айтты анық, кемеңгер ұл, нар тұлға.

 

  1. Сол хандардың арқасы деп бүгінгі,

Шуақ шашып жарқырауы күніңнің.

Ғибратты ғұмырынан хандардың,

Алсын ұрпақ өнеге мен шын үлгі.

 

Ән :Сүгірдің термесі

 

2.Иә,өмір көші жылдардан-жылдарға жылжып,ғасырдан- ғасырларға жалғасты. Уақыт керуені сырғып кешегі ру-ру,тайпа-тайпа болып көше жүріп,өзіндік өркениет қалыптастырған, дәстүрі — берік,салты — ерен ұлтты біріктіру саяси-стратегиялық және экономикалық қажеттіліктен туындады

Өткен тарих — өнеге/Оспанова Ғафура Құлмаханқызы/01-14/Әшір Назерке

 

Ел едік біз еңселі әуел бастан,

Сақ,ғұн,үйсін ,түркі боп араласқан.

1465-ші жылдар шамасында,

Орынын Қазақ деген хандық басқан.

Осынау ұланғайыр даламызда,

Өркен жайып гүлденген қаламызда.

Әлемдегі ең ірі кітапхана,

Болған біздің Отырар қаласында.

Түсірген талайларды сабасына

Батыры да болыпты арасында

Билері  билік айтып ел ішінде

Хандары қамқор болған қарашаға

Әрине, оған жоқ, еш таласымда,

Қалды бәрі, өр ұрпақ санасында.

Өткен тарих -өнеге бізге мұра,

Ғибрат ол, әр қазақ баласына.

 

  1. 1465жыл Қазақ хандығының туы көтеріліп,мемлекеттің іргетасы қаланғаны тарихи шындық . Ол туралы мәліметті Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыз жазып қалдырған

Қазақ даласы әлемдік өркениеттің өшпес өзегі бола отырып,елдік пен ерліктің сын сағаттарда сынға түсер алаңы болған.Ұлт пен ұлыс арасындағы талас- тартыс тарих төріне Керей мен Жәнібек хандарды шығарды. Енді,назарларыңызға Қазақ хандығының құрылуы туралы көріністі ұсынамыз

Көрініс . Қазақ сұлтандарының өзара ақылдасып, бір мәмілеге келуі/ қобызбен баяу күй орындалып тұрады/

 

/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/

— Ассалаумағалейкум, игі-жақсылар.

— Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

 

Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік жайлап барады. Хан — екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды қудалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

 

Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

 

Керей: — Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

 

Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

 

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, моғол жұртымен бірігейік.

Сұлтандар: -Сіздер көшті бастасаңыздар біз қоштауға дайынбыз. Біз қашанда сіздермен біргеміз.

 

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзіңіз  бата беріңіз.

 

Керей:

Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын.

Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,

Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.

Барған жерде құшақ жая қарсы алсын

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын

Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,

Көңілің шат, ат — көлігің арымай,

Отбасыңмен аман — есен табысқын.

Әумин.

2 — жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.

 

 

 

1.Хан тағына отырды ханым Керей,

Ерген елде есеп жоқ ,тасып мерей.

Шу менен Қозыбасыға келген дейді,

Ілесіп үйсін-дулат, арғын-керей.

Аға көріп ,құрметтеп ер Жәнібек,

Керейге ұсыныпты,хан тағын дөп.

Жиналған сан рулы қарашамен,

Ынтымақты ел болу көздеуі- тек!

 

күй:Кісен ашқан

 

2.Қазақ хандығын 10 жылдай билеген Керей хан өмірден озған соң, барша қазақ жиылып ,Жәнібекті ақ киізге отырғызып хан көтереді.Ол ел тарихында әз Жәнібек деген атпен қалған ерекше тұлға. Ол  асқан ақыл-парасаттылығымен,көрегенділігімен есімі қазақ халқының санасында мәңгі қалды. Әз-Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп,ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес,сол халықтың ұйытқысы болған, ұлы хандар әулетінің  де негізін салушы

1.Иә, Қазақ ордасының құдіретті әміршілері,қазақ халқының ұлы перзенттері;

Қасым хан,Хақназар хан,Тәуекел хан,Еңсегей бойлы Ер Есім хан,Салқам Жәңгір хан,әз-Тәуке хан,Абылай хан ең соңы Кенесары хан, ұлы ғалым Шоқан,Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейхан – барлығы осы әулие әз- Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары болып табылады

Әз-Жәнібек/01-14/Елібай Жұлдыз

2.Таққа отырды хан болып әз- Жәнібек

Орыс хан шөбересі ,ол да зерек

Әулие санап,жұрты бұл ханды да

Қалдырған,әз хан жайлы жазып дерек

Ақылы асып, елді ұйытқан санамен

Әз-Жәнібек, үлгі тұтар данам ең

Әділетті әмірші ,боп қазаққа

Кеңес құрған ,Асанқайғы бабамен

Халық қақпа қашаннан,ханы қорған

Алып шығар, халықты  қиын жолдан

Құрмет тұтып, қара орманы қазағы

Әз-Жәнібек деп оған атты қойған

 

Ән:Халық әні»Дүние жалған»

1.Жәнібектен кейінгі Қазақ хандығының үшінші ханы Керей ханның ұлы Бұрындық еді. Бұл хан тұсында қазақ елі көршілес елдермен бірде тату,бірде қату күн кешті

Бұрындық елге хан болды

Бұл да өзгеше жан болды

Әмір-Темір әулетімен шайқасып

Талай ірі шайқастарда жол болды

Ел еңсесін көтеруге тырысқан

Шаршап әлде шалдықты ма ұрыстан

Өз еркімен тақты беріп Қасымға

Самарқанға дін жолына ығысқан

2.Қазақ ордасының келесі билеушісі Қазақ хандығының негізін қалаушы әз-Жәнібек ханның үшінші ұлы Қасым,туысқаны Бұрындық ханмен де тату қарым-қатынаста болған, Қасымның асыл қасиеттерін жете түсінген хан өз еркімен хан тағын Қасымға тапсырып,өзі дін жолына түсіп, Самарқанға қоныс аударады

Қасымхан тұсында Хан Ордасы ,бірде Жетісуда,бірдеШу бойында ,бірде Арқада, бірде Ұлытау, бірде Жайық жағасында болғандығы өзіндік саясатының ерекшелігінің бір көрінісі.

 

 

Дешті-Қыпшақ падишасы/Оспанова Ғафура Құлмаханқызы /01-14/Әшір Назерке

«Нағыз ер» деп саясаткер сабазым

Қасымды алып, хан көтерді қазағым

Даңқы жеткен Иран, Үнді, Мәскеуге

«Дешті-Қыпшақ падишасы» ғажап ұл.

Өткен тарих, сақталады жадымда,

Тектілік бар, хандарымның қанында.

«Қасым хан деп құдіретті билеуші»,

Жазып кеткен оны атақты Бабырда.

Ел басқарды халық саны көбейді,

Қорғансыз қып қалдырмады кедейді.

Хан Қасымдай қасиетті тұлғаны,

Қалың қазақ құрмет тұтып елейді.

Болған екен, 300 мыңдай әскері

Ол қолбасшы, әскербасы, жас пері

Миллионға жетіп, саны халықтың

Саясатқа ,зор мән берген елдегі

Шекараны Жайықтан әрі асырды,

Қазақ-Ноғай ардақтады Қасымды.

Қасқа жолды мұра етіп қалдырды,

Бар қазаққа ортақ етіп заңды үлгі.

 

1.Қазақ –Ноғай ардақтаған айбарлы ер Қасым өмірден озып,орнына ұлы Мамаш отырады Аз ғана уақыт ел билеп өмірден озады

Мұрагері  Қасымның  Мамаш болды,

Хан тағына отырып көңілі толды.

Жошы әулеті ішінде ылаң туып,

Талас-тартыс кезінде шейіт болды.

 

Қасым ханның ағасы Әдіктің ұлыТақыр билікті қолына алып, көрші елдермен де өз қарашасымен де тіл табыса алмай ,өмірінің соңы қырғыз жерінде өтіп ,құсадан қаза табады

Тақыр хан/Оспанова Ғафура Құлмаханқызы/03-14/Тоқтамұратов Бақтыбек

Мамаштан соң ,Тақыр елге хан болды,

Өресі тар, парасат кем жан болды.

Қарсы шығып, қара ормандай халыққа,

Жүрген жері ылғи ылаң, дау болды.

 

Шайқас құрып, Шайбандардан жеңілді,

Сыр бойынан кері қарай шегінді.

Көз жұмарда өткен ісін еске алып,

Ауыр халде жатып сонда өкінді.

Бір адамға аз етеді қайсарлық пен батырлық,

Кімге керек шектен асқан алай-дүлей тасырлық.

Билеушіге керек екен әрқашан,

Парасат пен саясат нық жолды ашар.

Тақыр өлді қырғыздың ортасында,

Жете алмай күйіктен ордасына.

Билік құрып келді орнына Бұйдаш,

Қазақ-қырғыз ханы боп төр басына.

 

Қазақ ордасының ханы Бұйдаш  билікте аз ғана уақыт отырып, Мәуереннаһрға жорық кезінде Әдік сұлтаннан тараған 24 сұлтанмен бірге қаза табады Бұл мәліметтер Қадырғали Жалаири еңбегінде жазылған

 

ән:терме Балқы Базар

 

1.Қазақ ордасының билігі әз-Жәнібектің немересі,Жәдік сұлтанның ұлы Тоғым ханға ауысады .Бұл ханымыздың тұсында да Жошы ұрпақтары арасындағы талас-тартыс шиеленісіп тұрды.Түбі бір түркі елдері өзбек- моғол әскерлері біріккен қазақ – қырғыз әскелерімен шайқасқа шығып,Ыстықкөлдің  шығысындағы  Сан-Таш жерінде қиян-кескі ұрыс болып,қазақ-қырғыз қолы түгел қырылады. Бұл соғыс Қазақ ордасы әскери тарихындағы ең қаралы оқиға болып қалды.

Тоғым хан / Оспанова Ғафура Құлмаханқызы/01-14/Үсенова Айбану/

Бұйдаштан соң,Тоғым хан таққа отырды

Ентелеген жауда көп елге түрлі

Өзбек-моғол қолына қарсы тұрып

Шейіт кеткен, Тоғымхан мен 9 ұлы

Соғыста қазақ-қырғыз бірігіпті

Туысқан ел бір-бірін ұғыныпты

Түбі бір түркілердің шайқасында

Жеңетіні ол анық түбі мықты

Қазақ –қырғыз шайқаста жеңіліпті

Еңіреп ел менен жұрт егіліпті

Содан соң Хақназар хан билікке кеп

Айналыпты қазағым елге мықты

Туысы ер Есімдей мұны ұғыпты

Ас беріп,биік қорым үйгізіпті

Қашаннан қазақ-қырғыз бір туысқан

Ел екенін осылай ұқтырыпты

Күй:Ақсақ құлан

2.Қасым хан айбынын асырған бұл орда әлсіреп, сыртқы жаулармен күресте сәтсіздіктерге жиі ұшыраған сәтте билікке келген Хақназар хандықты күшейтіп,Ноғай ордасының бір бөлігін  өз хандығына қосып шекараны Еділ мен Жайыққа  жеткізеді Сібір хандығын талқандап ,ойраттарға да күйрете соққы береді

   Хақназар хан

Саяси айла-тәсілді,

Меңгерген де осы хан.

Тегі кім деп сұрасаң,

Түп атасы- Жошы хан.

Қасымның ұлы Хақназар,.

Хан тағына отырды.

Хан Хақназар тұсында,

Ноғайлы жұрты қосылды.

Сібірді барып талқандап,

Ойратқа салды ойранды.

Асығы түсіп алшыдан,

Сыр бойын кері қайтарды.

Тәшкенді тартып алмақ боп,

Ұмтылған да осы хан.

Мерт болыпты жорықта,

Ажал жетіп тосыннан.

 

.Шайбан ұрпақтарымен болған соғыста  қаза тапқан хан өмірі аса күрделі кезең еді

Ресей патшасы Иван Грозныймен елшілік орнатып,Сібір хандығын талқандайды,моғолдарды Тәңіртаудан асырып жіберіп,Түркістан,Сайрам,Сауран Сығанақ, Тараз қалаларын  кері қайтарады

күй:Қара жорға/Абылай хан/

2.Шығай хан  әз-Жәнібек ханның 9-шы ұлы Жәдік сұлтанның баласы1582жылыТүркістан түбінде Баба сұлтанның қалың қолын талқандап,жеңіске жетеді.Бұл ұрыстарда қазақ әскерін Шығай ханның ұлыТәуекел басқарған.Шығай хан биліктен бас тартып,пір жолын таңдайды.Құдайға құлшылық ете жүріп,көп ұзамай өмірден озады.

1.Шығайдан кейін орда билігін қолына Тәуекел хан алады.Қазақ тарихында ұлы хандардың бірі болып саналады.Тәуекел хан тұсында Қазақ ордасы нығайып,әскери-саяси  қуаты артқан елге айналады.Тәуекел хан Ташкент пен  Самарқан арасында Абдаллахтың 100 мыңдық әскерін тас-талқан етеді

Тәуекел хан/Оспанова Ғафура Құлмахан қызы/ 02-14/Әбдешов Нұрболат

Қырандай қомдап қанатты,

Жасынан болған талапты.

Қазақтың ханы Тәуекел

Ерекше тұлға ғажап тым.

Ордам кеңіп күшейді,

Тәуекел хан келгелі.

Ұлы ханның бірі ол,

Қазақ деген елдегі.

Түркістан мен Сайрамды,

Отырар мен Сауранды,

Әскерінің күшімен,

Қазағына қайтарды.

Елім деп туған ер еді,

Көтерер жүкті нар еді.

Тәуекел сынды батырым,

Ел қорғаны жар еді.

Тәуекел өтті өмірден,

Тәшкенде қалды мәңгілік.

Сан ғасырлар өтсе де,

Ерлігін жүрміз ән қылып.

 

 

 

2.Тәуекелден кейін Қазақ хандығын Тәуекелдің інісі Есім хан  билеп басқарады

Ел тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» атымен әйгілі хан. Қазақ ордасын басқара отырып, шекарасын кеңейтіп, астанасын Түркістан қаласында тұрып билік жүргізеді XVII –ғасыдын басыңда Ташкент билеушісі Тұрсын мен арасында билік үшін күрес шиеленісіп тұрды.Есім хан билік еткен тұста , қазақ хандығының әскери қуаты күшейіп, 300-400 мыңға дейін атты әскері болғандығын тарихи деректер растайды.

Ер Есім/ Оспанова Ғафура Құлмаханқызы/ 0 3 -14/-Бұрхан Руслан——————————————

Еңсегей бойлы ер Есім,

Тарихымда зор есім.

Түркістанда отырып ,

Жүргізген талай келісім.

Шекара кеңіп сол шақта,

Ерекше халық елеуі.

«Ер Есім» деген ат беріп,

Тасыған ханның мерейі.

Талайды салған тезіне,

Тұрмаған берген сөзінде.

Өзбек ханы Тұрсынды,

Жазалаған кезінде.

«Әскермен төндің еліме,

Ұлан да байтақ жеріме»,

Деп бір ойран салады,

Тәшкеннің барып төріне.

Хан Есім қатты қаһары,

Тұрсынды барып шабады,

Қатаған елі қырылып,

Жеңіспен тынған сапары.

Заманда қиын осылай,

Халық бір көшкен жосып-ай,

Сен шаппасаң, ол шабар,

Тарихтың жөні осылай!

 

1.Қазақ хаңдарының  өмірі ат үстінде өткен. Сондай күрделі тағдыр иесінің бірі- Жәңгір хан . Есім ханның ұлы ,ел аузында «Салқам Жәңгір» деген атпен қалған. Тарихтағы Орбұлақ шайқасындағы даңқты тұлғалардын бірі.

Салқам Жәңгір- дара хан/Оспанова Ғафура Құлмахан қызы/02-14/Нұртай Гүлжан

 

Туған еді ер Есімдей данадан,

Салқам Жәңгір- тарихымда дара хан.

Ерлігі оның, ел аузында аңыз боп,

Ұрпақтардан ұрпақтарға тараған.

 

Орбұлақта ойран салған қалмаққа,

Атой салып, қуалаған аулаққа.

Жалаңтөстей баһадүрмен бірігіп,

Аты шыққан,талай-талай шайқаста.

Даңқты ханы қазақтың,

Ерлігің ерен ғажапсың.

Бел шешпей ханым күрескен,

Азаттығы үшін қазақтың.

 

2.Әз-Тәуке , Мұхаммед Батырхан Жәңгір ханның ұлы .Қазақ хандығын саяси жағынан нығайтып бір орталыққа бағынған мемлекет құрды .Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының «Алтын ғасыры»  деп аталады

Тәукенің алтын ғасыры/Оспанова Ғафура  Құлмаханқызы/ 01-14/Амангелді Айғаным

Жеткізем деп ,ел-жұртын мұратына

Елім деп, еңіреген дана тұлға

«Күлтөбенің басында күнде жиын»

Өткізген би-батырлар арасында

 

Жаңа заңды енгізген даласына

Қара орманы қазақтың баласына

Әз Тәуке ардақты хан қазағыма

Есімі жұрттың мәңгі санасында

 

Түркістанда ордасын орнатыпты

Оң болды депті билер ол да тіпті

Билігі» алтын ғасыр» аясында

Нығайып, өркендеген орда мықты

 

Үш жүзді ханның өзі біріктірді

Жағдайын қарашаның ұғып білді

Осынау Әз Тәукенің заманында

Дұшпан да аяқ тартып,ығып тұрды

 

Қазақ үшін аласұрды, шарқ ұрды

Жеті жарғы заңын жазып қалдырды

Билерімен кеңес құрып даламда

Ұрыстарда қол бастады сан қилы.

 

1.Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы аса бір шиеленісті кезеңінде, Қайып хан ел тізгінің ұстады.1717 жылы Қайып хан әскері ойраттардан жеңілді,1718 жылы өмірден озды .

 

2.Келесі қазақтың ханы Болат мұрагерлік жолмен хан тағына келсе де ,ұйымдастырушылық, қолбасшылық қасиеттермен ерекшеленбеді. Қазақ ордасы ойраттардың шапқыншылығына ұшырады .Қазақ тарихындағы «Ақтабан шұбырынды» жылдары осы хан тұсында болды. Оның балаларының ішіндегі белгілісі Әбілмәмбет болды.

1.Әбілмәмбет хан Болат ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі. Әбілмәмбет 1744 жылы  өзінің жақтастарымен Түркістан шаһарына қоныс аударады, 1771 жылы өмірден озады

2.Абылай хан , Әбілмансұр қазақ халқының ұлы ханы,қолбасшы және дипломат. 1711 жылы Ресейге деректерінде 1713 жылы дүниеге келіп,  1781 жылы мамырда қайтыс  болған .Арғы тегі- Жошы хан , бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған әз-Жәнібек, одан кейін Есім хан хан, Салқам Жәңгір . Абылай хан Жәңгір ханның 5 -ші ұрпағы .

Көрініс

«Абылай ханның жоңғар  тұтқынынан босауы» («Дарабоз» романынан)

Автор сөзі: Он екі қанатты орданың ішінде, сонау төрде жоңғардың ханы Қалдан Церен  тақтың үстінде отыр. Есіктен кіріп келген Абылайды көріп, басын көтеріп алды. Өткір көзімен ішіп-жеп, тұтқынға тесіле қараған.

Абылай:

— Уа, төрт ойраттың көш бастар серкесі, ұлы қонтайжы Қалдан Церен, аман-есен барсың ба? Қазақтың орта жүзінің ханы, Шыңғыс әулеті Абылай дәм айдап құзырыңа келіп тұр!

Қалдан-Церен:

  • Ым-м… Солай де. «Абылай-Абылай» деп шулатып жүрген қазақ ханы сен екенсің ғой?! Дегенмен анығын айтшы: сені мұнда дәм айдап келді ме, әлде адам айдап келді ме?

Абылай:       

  • Біздің қазақта: «Адам айдаса барман, дәм айдаса қалман» деген сөз бар. Соғыста аз адаммен қоршауда қалып, қапыда қолға түскенім рас. Бірақ ол үшін өкінбеймін. Сірә, құдай-тағала ұлы қонтайжымен бет көрісудің орайын осылай келтірген болар…

Қалдан-Церен:

  • Солай де… Аяқты қалай-қалай тастайды қазақтың мына жас бөрісі?! Айтпақшы, осыдан он жылдай бұрын Алакөл бойындағы ұрыста менің немере інім Шарышты мерт қылған Абылай сен емессің бе?

Абылай:

  • Иә, дұрыс айтып тұрсыз, мархабатты қонтайжы.

Қалдан-Церен:

  • Ендеше, сенің мойнында біздің ханзаданың қаны бар. Осы сені дәм тартып келмей, қан тартып келген жоқ па екен? Өзің білесің, біздің ойратта қанға – қан, жанға – жан алмай тынбайды…

Абылай:

  • Иә, ана бір жылдары менің қолымнан бір туысыңыздың мерт болғаны рас, біріншіден мен оны адал жекпе-жекте өлтірген сияқты едім ,ал сендер мені қапияда ұрлап әкеліп отырсыңдар Соғыс құрбандықсыз болмайды, Ұлы мәртебелім. Егер баяғыдан бері ұрыста өлген қазақ пен қалмаққа түгел құн төленетін болса, онда екі жақта да тігерге тұяқ қалмас еді.
  • Екіншіден майдан даласында шайқаста өлсем арманым болмас еді
  • Үшіншіден 4 атадан бері жалғыз едім

Автор сөзі: Қалдан-Церен бұл жолы да сөзден ұтылғанын сезді. Өзінің сөзі қандай ұтымды?! Мірдің оғындай… Түбі, Қазақ ордасының тізгінін осы Абылай ұстап қалуы мүмкін-ау! деген ойға келді.

Қалдан-Церен : Ия дұрыс айтасың егер менің ұлым өлсе мен де ұрпақсыз қаламын ғой

  • Ханның да, қасындағы серіктерінің де аяқ-қолын босатыңдар! Құрметті қонаққа төрден орын сайлаңдар!Мен саған адал жар бола алатын сонымен бірге қазақ елін дұшпандарынан қорғайтын ұл табатын айдай сұлу қарындасым Хошаны өзіңе жар етіп бермекпін және мына қара жорғаны сый ретінде ұсынып отырмын Осыған ырза болармысың қазақтың айтулы ханы Абылай
  • Абылай :Ұлы қоңтайжы мені ұлыңызбен салыстырғаннан –ақ мені тұтқыннан босататыныңызды сезіп едім Барлық көрсеткен қошаметіңізге рахмет, ырзалықпен еліме аттанып барамын

Автор: 1781жылы Абылай хан өзінің бұл жалған фәниден өтетінін сезгендей оңтүстікті аралап қайтуды жөн көреді Ел аралап жолда Жиренше шешеннің жеңгесі Жұпар қорығына тоқтап,осы жерге шатырын тіккізеді де жарықтық әулие адам еді деп, батыр билерімен кеңес құрып, Бұқар жырауға өз тілегін айтады

Абылай :Не тілеулі жолға аттанып барамыз,нысанаң бар еді ғой,бүгін сәуе көріп бер

Бұқар жырау:Қарап жатпаспын, хан ием, өзің де болжай жатқайсың

Автор:Оңтүстіктің қоңыр салқын түні қандай ғажап еді деген әдемі бір қиялмен жырау ұйқыға ден қойды, оның үстіне хан тапсырмасы бар

Жырауды торғай шырылы  ұйқыдан оятты , далаға шықса Абылай хан да сыртта жүр екен

Бұқар жырау:Ассалаумағалейкум хан ием

Абылай;Уағалейкумсалам Иә,не көрдің

Бұқар жырау.Алдымен өзің айт хан ием

Автор ;Абылайдың жыраудан жасырар еш сыры жоқ, түнере отырып көрген түсін баяндадай бастады

Абылай:Ттүсімде бір жолбарыс келіп,шатырымның алдында бас көтермей сұлап жатып алды,біресе аюға одан көкжал бөріге айналды бұл қалай біресе түлкіге,біресе  қоянға айналды содан соң оянып кеттім

Бұқар жырау:Шатырыңның алдына келіп шөккен жолбарыс өзің,ал бас көтермей жатып алғаны сенің жетіп жығылған жерің осы Мұнан арғы көксегеніңді бақ-талайың көтермейді,енді есіл Абылай сыртта жүріп сарттан өлді дегізбей аман –есеніңде осы жерден қайта ғойыңыз

Ақрыңның не боларын айтайын Көз алдыңда жолбарыстың аю болғаны өкше басар ұрпағың аюша арпалысып өтетін заман туады екен,Аюдың көкжал бөріге айналғаны келесі ұрпағың  бір-бірімен итше ырылдасып өтер,

Түлкіге айналғаны, одан кейінгі ұрпақтарыңды түлкіше бұлаңдатар,содан соң көргенің қоян болса, қоянша қорғалап ,бас сауғалайтын заман келер

Ал, Бұқарым өзің не көрдің

Бұқар жырау :Жер жүзіндегі барлық әулиелер Абылай хан өлді, соның жаназасын шығаруға Түркістанға бара жатырмыз деп жүр екен

Автор :Хан біресе сұрланып,біресе мұңды кейіпте жырауға қарап үнсіз қалды  Осы жағдайдан  кейін хан көрген түсі есінен кетпей Дүние қалды , Қайран елім деген күйлерін оңашада іштей құмыға отырып шығарған деседі

Соңғы кезде нашарлай бастағанда Бұқар жырау хан көңілін сұрай келіп ханнан не арманыңыз бар деп сұрағанда 3 арманы қалып бара жатқанын айтады 1- ден қазақ мал емшегін емген ел еді,аяғына дейін жер емшегін емізе алмадым 2-ден менің тұсымда қан көп төгілді соған өкінемін,егер жаудың қанын төкпесем ол менің қанымды төгер еді 3-ден елімде телі мен тентек көп болды,елдің басын біріктіре алмадым депті ұлы даланың ұлы билеушісі

 

Абылай ханннан кейін оның саясатын жалғастыруды қолға алған Уали ханның билігі әлдеқайда әлсіз болды.18 ғасырдың 90-жылдары Уәли Оңтүстік Қазақстанға бақылау жасау мүмкіндігінен айырылады.

 

 

1.Қазақ қауымының ұлт мұрасын ұлықтаған асылы, айбатты да қайсар,өжет ең соңғы ханы Кенесары  Қасымұлы еді. Елі мен жұртының қамын ойлаған асыл ер қапияда көз жұмды .Ол қазақтай қара ормандай елі барда еш ұмытылмақ емес

Күй:Дүние қалды/Абылай хан/

Хан Кенем-алмас қылыш,ақ беренім/Оспанова Ғафура Құлмаханқызы /01-14/ Бұрхан Руслан/

Хан Кенем алмас қылыш, ақ беренім!

Тағдырыңның  сезбедің жалт берерін,

Қапыда қоршауға ол түсіп қалған,

Ұрпағы Жошыдайын хас төренің.

 

Қалай болды жаратқанның бұл ісі,

Неліктен тым тарылады тынысы.

Дәл сол түні ханым шошып оянды,

Жайсыздау боп бүгін көрген бір түсі.

 

Әскерін ап қырғыздарға барады,

Қырғыздардың тас түйілген қабағы.

Пиғылдары тым басқаша екенін,

Сезіп Науан, жалт етіп бір қарады.

 

Жатпас ешкім ,бізбен енді санасып,

Қоқан елін бір шабайық жарасып,

Орыспенен алған ауыз жаласып,

Келмей қойды,Кене ханға жанасып.

 

Қоршап алды барша қырғыз қаумалап,

Ұлы ханның қойды басын дауға сап.

Жан бауыры Науанжаны екеуін,

Түйреді кеп жан-жағынан найза сап.

 

Болмағанға дейді, қазақ болыспа,

Маңқа қырғыз, хабар бердің орысқа.

Найза бойы биікпін, мен сендерден,

Қазақ үшін,жаным пида соғыста.

 

Қош бол елім,енді сені көрмеспін!

Намысыңды, деуші-ем жауға бермеспін!

Ғапыл өлім ,кетіп барам арманда,

Екі өмір жоқ ,енді қайта келмеспін!

 

Сұлтандарым, сеніп ерген соңымнан,

Ай менен күн туғандай боп оңымнан.

Шейіт болатын болдық, енді бәріміз,

Тұрған қоршап, қырғыздардың оғынан.

 

Күңіренді ел, аспанды бұлт торлады,

Жетімсіреп, қазақтай қара орманы.

Табиғат та, тосын мінез көрсетті,

Алты алаштың, өтті деп бір ардағы

 

Қыршынынан қиылды, сан арысым!

Асыл текті ардақ тұтар   барысым!

Мәңгілік  мекенінде жүрген шығар,

Қасына  ертіп алып жолбарысын.

 

Сатылғаны анық болды орысқа,

Мәз етпесі, түбі анық орыста.

Хан Кененің басын кесіп апарған,

Сол қырғыздың ,манаптары орысқа.

 

Ұқпады олар,текті ханды қорлады,

Анық одан, оңбай түбі сорлары.

Өз жақынын орға жығу оңай ма,

Өресіздің ісі болды ол дағы.

 

Еш нәрсе де өткен заман сияқты тез өзгермейді деп тарих туралы француз кемеңгері  Сартр жазып кеткендей күні кеше ғана өткен 20-шы ғасыр басындағы ел тағдырына алаңдап, ел тізгінін қолына алып, барша алаш баласын бір тудың астына жиып,еңселі ел болуын көздеген ұлы тұлғалардың бірі- Әлихан Бөкейханов еді

Елде Алашорда үкіметін құрып, Алаш партиясы бағдарламасының жобасын жасаған

кешегі өткен өр намысты, рухы асқақ хандардың заңды мұрагері болғандығы отаршыл елге ұнамағандықтан  алдымен биліктен, одан жазықсыз жалаға ұшыратып,саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болғаны мәлім

Алашымның  асылы/Оспанова Ғафура Құлмаханқызы/01-14/ Жақыпова Гүлнұр

 

Түп атасы әз-Жәнібек кешегі,

Бабалардың жалғасы ойлы, көшелі.

Асыл текті ардақ тұтар хандардың,

Ұрпағы ол жаны жайсаң кешегі.

Асыл жанның бірі аяулы Әлихан,

Мақтан етер алты алашы әлі сан.

Бөкей ханның ұрпағы еді атақты,

Білім қуған ,ой қуған ол жасынан.

Алашым деп бағдарлама бастады,

Игі жолға анық еді бастары.

Алаш үшін аласұрған сол жанды,

Кеңес елі, алды да атып тастады.

Жарық жұлдыз аспанында қазақтың,

Қасиеті өн бойында ғажап тым.

Өрге сүйреп өткен еді қазағын

Туады деп алдан әлі ғажап күн

Ән:Қара бауыр қасқалдақ

Ойылды келіп алғаны ойындағысының болғаны деп зар-заман жыраулары жазып кеткендей ,кешегі Кеңестер тұсында ел тізгінін ұстап ,елі үшін еңіреп өткен, барша қазақтың ардақтысы –Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев еді

 

Қазағымның дарасы/Оспанова Ғафура Құлмаханқызы/02-14 /Кенжалиева Гүлмира——————————

 

Қазағымның парасатты  данасы,

Уақыт көші ұзап барады қарашы.

Тарихымда өшпес ізін қалдырған,

Қазағымның Қонаевтай дарасы.

Ізің жатыр өткен күн белесінде,

Ел үшін төккен тер де ел есінде.

Тарих төрін ұсынып, өр ұлына,

Сақтайды алаш жұрты сені есінде.

Алалап, ешкімді де айырмадың,

Ойладың ,тек ізгілік,қайыр қамын.

Қамқорлықпен қарадың қарашаға,

Талай жанның жандырып, үміт шамын.

Ойладың күндіз-түні ұлттың қамын,

Үңіліп, әр қазақтың ұғып жанын.

Жетісуды жұмаққа айналдырып,

Болашақтың болжадың,біліп бәрін.

20-шы ғасыр соңында бабаларымыз аңсай жүріп ,армандай өткен тәуелсіздікке де қол жеткіздік. Әрине, бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ  Еліміз1990жылы 25-ші қазанда егемендік Декларациясын қабылдап,1991 жылы ел тәуелсіздігін жариялады.

Тәуелсіз Қазақстан өзінің тұңғыш Президентін сайлап,өзіндік даму жолына түсті.

Жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында Қазақстан әлемге танылып қана қоймай,әлем жұрты санасатын елге айналды

 

 Өткенім өнеге-ертеңім нұрлы/Оспанова Ғафура Құлмаханқызы/ ————————

 

Ел тарихын танып білдім тереңнен,

Жүзіп келем білім атты кемеммен.

Өнеге алып, өткенінен тарихтың,

Өмір көшін ,алға сүйреп келем мен.

 

Ғибратты ғұмыр, кешкен халқым бар,

Қаймақтайын бұзылмаған салтым бар,

Өткен тарих қойнауынан сыр шертер,

Әлем жұрты ,таңғалардай нарқым бар.

 

Оған куә, «Алтын адам» қаншама,

Барша әлем таңғалады тамсана.

Дәл қазақтай, салт болмаған ешкімде,

Ұлыларын, аптап көмген алтынға.

 

Өміріме азық берді, мол мұра,

Емес әлі ,табылғаны соңғы да,

Әлі қанша, жер астында жәдігер,

Үлес қосар өркениет салтыма.

 

Ғұн мен сақтың ұрпағымыз кешегі,

Жібермеген ,ешбір  жауға есені.

Заңдылық, ол жерде барлық адамзат,

Ұрпағымен қанат жайып өседі.

 

Атты арайлап, тәуелсіз ел ақ таңы,

Гүлге оранып, көмкерілді бақтары,

Келер күндер, ашсын елім есігін,

Күнім күліп ,бейбіт болып аспаны.

 

Нұрға бөлеп,мына керім өлкені,

Желбіресін жүректе жыр желкені,

«Нұрлы жолдың» құтты болсын қадамы,

Нұрландырар мына байтақ өлкені.

 

Мен туыппын, ғажап қазақ елімде,

Қыран құсы, қалқып ұшар көгінде.

Күн бейнелі, желбірей бер,байрағым,

Шуақ шашып , мына нұрлы өмірге .

 

Ән:Көк тудың желбірегені

Құрметті көпшілік бүгінгі ұлан байтақ далада хандықтың туын көтерген тақырыбымен өткізген тарихи-әдеби танымдық кешімізге қатысқандарыңыз үшін алғыс айта отырып,әрбір атқан  арайлы таңдарыңыз ,көңілдеріңізге шуақ ,дендеріңізге қуат сыйласын!

Қош сау болыңыздар!

Көріскенше күн жақсы!

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *