Басы » Тарих » Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Жамбыл облысы, 
Сарысу ауданы, 
Жаңатас көпсалалы колледжі
Тарих пәнінің окытушысы Оспанова Гафура КулмахановнаСабақтың  тақырыбы : Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Сабақтың мақсаты :

 Білімділік:            Соғыстың басталу себеп-салдарларына және қорытындыларымен

нәтижелеріне зор мән бере отырып,Кеңес Одағының өзге

халықтарымен бірге жауды талқандап,жеңіске жету жолындағы

қазақстандық жауынгерлердің майдан даласында жеңіс туын

желбіретіп,ерліктің ерен үлгісін көрсеткендігін

түсіндіру;

 

Дамытушылық:    Білімгерлердің ой-өрісін,тарихи танымын арттыра

отырып,шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

 

Тәрбиелік:              Отанын елін-жерін қадірлей білетін және оны шексіз сүйе алатын

ұлтжанды патриот азаматтар етіп тәрбиелеу,Отан қорғау жолында

мерт болғандар рухына тағзым ете отырып,ерліктері ұрпаққа-

ұран,елге- мұра екендігін ұрпақ санасына сіңіру;

 

Сабақтың түрі:дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: Баяндау,топтық жұмыс,мәтінмен жұмыс,

хронологиялық диктант,терминологиялық диктант

Пәнаралық байланыс : әлем тарихы,саясаттану,музыка ,әлеуметтану,әдебиет.

Сабақтың жабдықталуы : интерактивті тақта,электронды оқулық,слайд ,дүние жүзінің саяси картасы,атлас.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңіБілімгерлермен  сәлемдесу,түгендеу,сабаққа дайындығына ,денсаулығы мен көңіл-күйлеріне мән бере отырып,назарларын сабаққа аудару;

Үй тапсырмасын сұрау

  1. 1924 жылы Қазақстанда құрылған ұйым
  2. 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Германияда ән салған қазақ әншісі

3.1928 жылы ашылған қазақ театрын кім басқарды?

4.Қазақтың 1000 әнімен, 500 күйін жинақтап нотаға түсірген кім?

5.Ұжымдастыру қарсаңында республикадағы мал саны 40,5 млн болып,ал 1933                    жылы қанша кеміді?

6.Елдегі  ұжымдастыру саясатында қарсы болған көтірілістер саны

7.1930 жылдары оқу-ағарту саласында жаппай міндетті оқыту басталды,ол неше жас аралығында қамтыды?

8.1929 жылы қазақ өлкесіндегі ағарту саласы қандай өзгеріске ұшырады?

9.1930-1932 жылдарында 6,2 млн-ға жеткен қазақ халқының санының кемуіне не себеп болды?

  1. 1933 жылы Сталинге хат жолдаған қазақ зиялысы
  2. 1940 жылы өлкедегі жоғары оқу орындарының саны қанша еді?
  3. 1939 жылы КСРО-да балқытылған қорғасын өнімінің неше пайызын,Шымкент қорғасын зауыты берді?
  4. 1932-1933 жылдары қазақ өлкесіндегі жетім балалар саны қанша болды?
  5. 1930 жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып,өзгеше сипат алды,ол қандай сипат/Мұғалімнің үй тапсырмасын қорытындылауы/

 

 

Жаңа сабақ жоспары

 

  1. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
  2. КСРО-ның Ұлы Отан соғысының басталуы
  3. Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандық батырлар ерлігі
  4. Соғыстың ел экономикасы мен демографиялық ахуалына тигізген әсері
  5. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиет пен мәдениеттің дамуы
  6. Соғыс кезіндегі конференциялардың тарихи маңызы.БҰҰ-ның құрылуы
  7. Соғыс нәтижелері мен қорытындылары.Нюрнберг процесі

 

1937-1938 жылдардағы қуғын –сүргіннің әскери  басқару саласына тигізген зардаптары

/деректі материал/

Лауазымдары                    жалпы саны                         жазаға ұшырағандары

 

Маршал                                      5                                                    3

 

Генерал                                      15                                                  13

 

Адмирал                                     9                                                    8

 

Ком корп                                     57                                                   50

 

Комдив                                      186                                                 154

 

Военкомиссар                          16                                                    16

 

Корпускомиссар                      28                                                     25

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру

 

Ұлы Отан соғысының басталуы/электронды оқулық/

 

Ерлік даңқы өшпейді! /жыр/Оспанова Ғафура Құлмаханқызы

 

КСРО-ның Ұлы Отан соғысының негізгі ірі шайқастары:

                  /дүние жүзінің саяси картасы,атлас/

Мәскеу үшін шайқас – 1941 жылдың 30-қыркүйегі мен 1942 жылдың 7-қаңтары аралығы

 

Сталинград шайқасы – 1942 жылдың 19-қарашасы мен 1943 жылдың 2-

ақпаныаралығы

 

Курск шайқасы — 1943 жылдың 5-шілдесі мен 23-тамызы  аралығы

 

Днепр үшін шайқас 1943 жылдың қыркүйегі мен қарашасы аралығы

 

Берлин операциясы – 1945 жылдың 20-сәуірі мен 8-мамыры аралығы

 

(Ұяшықтардан тұлғаларды анықтау, оларға сипаттама беру.)

1.Бауыржан Момышұлы

2.Нұркен Әбдіров

3Рақымжан Қошқарбаев.

4.Қасым Қайсенов

5.Мәншүк Мәметова

6.Әлия Молдағұлова

7.Рақымжан Қошқарбаев

8.Талғат Бигелдинов

9.Төлеген Тоқтаров

10.Берген Исаханов

11.Ыбырайым Сүлейменов

  1. Бауыржан Момышұлы

 

                        

                                    Жылдар мен сандар сыры                                     

                                                          Есте сақта!           

1941жыл  22 маусым КСРО-ның Ұлы Отан соғысының басталуы
1млн.200. Қазақстандық әскерге аттанды
11,600 «Кеңес Одағының Батыры» атанды
500 Қазақстандықтар «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды
98 Кеңес Одағы Батыры» атағына ие болған қазақтар саны
1710 КСРО-да қирады
70.000 КСРО-ның ауылдары бүлініп ,қирады

 

32.000 өнеркәсіп орындары күйреді
100.000 Ауыл шаруашылық кәсіпорындары бүлінді
1945жылы 9мамыр КСРО-ның Ұлы Отан соғысының аяқталуы

 

                     Екі дүниежүзілік соғыстың  салыстырмалы кестесі

Есте сақта!

Негізгі көрсеткіштері Бірінші  дж. соғыс Екінші дж. соғыс
Соғыстардың ұзақтығы 4 жыл 6 жыл
Қатысушы мемлекеттер 34 64
Соғысқан қатысқан мемлекеттердегі халық саны 1млрд аса 1,7 млрд аса
Соғыс өрті  шарпыған жер көлеміі 4 млн. кв. аса   22 млн. кв. аса
Әскерге мобилизацияланған-

дар саны

70 млн 110млн
Қаза тапқандар саны

 

13,6 млн 50 млн
Жаралылар мен мүгедек

тер саны

20 млн 90 млн
Соғыс келтірген залал құны/доллар/ 360 млрд 4000 млрд

 

                                  

                           Тарихи термин сөздерге анықтама

Есте сақта!

Фашизм

 

(италь.фаши-ұғым, одақ) — италян тілінде «ұйым» деген сөз  дүние жүзіне үстемдік орнатпақ болған топ,бірлестік.
Агрессия Мемлекеттің тәуелсіздігімен аумақтық бір тұтастығын  егемендігін әскери күшпен бұзу.
Вайс Польшаны басып алу жоспары
Барбаросса Фашистік Германияның Кеңес Одағына кенеттен   соққы беріп,басып алу жоспары
Тайфун Гитлер армиясының Мәскеуге басып кіру  жоспары
Остланд Кеңес Одағы мен Шығыс Еуропаны мекендеген халықтарды              қырып-жою   жоспары
Геноцид Халықты түгелге жуық қырып  тастау
Оккупация бір мемлекеттің территориясын басқа мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы
Холокост концентрациялық лагерлерде тұтқындарды жою саясаты
гитлерюгенд Тұтқындалған жасөспірімдерден құрылған нацистік топ
Дахау Концентрациялық лагерь
Собибор Концентрациялық лагерь
Бухенвальд Концентрациялық лагерь
Остланд Концентрациялық лагерь
Майданек Концентрациялық лагерь
милитаризм Жаппай қарулану саясаты

 

             Мәтінмен жұмыс/мәтіндегі оқиғаны қысқаша сызба арқылы баяндау/

Ұлы Отан соғысының басталуы

 

Екінші дүниежүзілік соғыс неміс әскерлерінің Польшаға басып кіруінен 1939жылы1 кыркүйекте басталды.Герман басшылығы Польшаның Франция және Англиямен өзара көмек жөнінде келісімінен хабадар еді,сондықтан  өз әскерінің 3/2 бөлігін Польшаға бағыттады

1939жылы 23тамызда кеңес-герман келісіміне қолқойылғанына қарамастан, герман басшылығы1940 жылы18желтоқсанда құпия кеңес өткізіп, «Барбаросса» жоспарын дайындады

Бұл жоспар бойынша фашистер КСРО-ны сан-алуан ұлттардан құрылған этникалық канголмерат ретінде қарастырып,оны бірнеше рейхкоммиссариатқа бөлуді жоспарлады.

1.Остланд

2.Украина

3.Московия

4.Кавказ

5.Еділ-Орал

6.Гросс Түркістан

Үлкен Түркістан  отарына төмендегі аймақтар енді:Қазақстан,Орта Азия,Татарстан,,Башқұртстан,Солтүстік Кавказ,Қырым,Шыңжан,Ауғанстанның солтүстігі

Соғыс жылдарында армия қатарына 1млн.196300 адам майданға аттанды./Әрбір бесінші адам/

Ел басына күн туған шақта республика экономикасы да әскери бағытқа бет бұрды.

Майданға жақын жерлерден 220 зауыт пен фабрика,цехтар мен артельдер қазақ өлкесіне

көшірілді

Өнеркәсіп орындарын көшіру екі кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезең—-1941жылдың соңы мен1942жылдың басы

Екінші кезең——1942жылдың күзі

Көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың 20-сы қару-жарақ пен оқ дәрі шығарумен айналысатын болды.

Бұл зауыт фабрикаларАлматы,Орал,Петропавл,Шымкент,Семей,Қарағанды,Ақтөбе қалаларында орналастырылды.Осылайша, Қазақстан КСРО-ның әскери өнеркәсіп базасына айналды.

1942 жылы Одақта өндірілген өнімнің:

—қорғасынның 85пайызын

—көмірдің1/8 бөлігін

—молибденнің 60пайызын

—октанды мұнайдың 1млн.тоннаға жуығын берді.

Соғыс жылдарында орталық «сенімсіз»деп таныған поляк,неміс,ингуш,шешен, қалмақ,қарашай,балкар,Қырым татарлары,месхет түріктері қуғындалып депортацияға ұшырады.Олар зорлық элементтері бар колонияларда еңбек етті.

                                         

                                                    

                                    Мәтінмен жұмыс

 

Мәскеу шайқасы.(1941 жылдың 30 қыркүйек – 1941 жылы 6 желтоқсан)

Отан  соғысының алғашқы күндерінен бастап – ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.Жаудың қарақшылық соққысына бірінші болып шекарашылар ұшырады.

Кеңес қарулы Күштері орасан зор қиыншылықтарды жеңе отырып, күш жинап, жауды Москва түбінде алғаш рет ірі жеңіліске ұшыратты.Мұнда Генерал майор И.В.Панфилов және полк комиссары А.С.Егоров қолбасшылық еткен даңқты 316-шы атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Мәскеу шайқасындағы ерлігі үшін 316-шы атқыштар дивизиясы Қызыл ту орденімен марапатталды.

Москва үшін шайқаста қаһарман Кеңес Одағының батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады…біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік» деп жазды.

1941 жылғы 16 қарашада Дубосеково разьезі түбінде жаудың 18 жауынгерлік машинасын жойып, оны шығысқа жібермеген 1075-ші атқыштар полкінің танк жоюшылар тобы өшпес ерлік көрсетті.Ол топтың саяси жетекшісі В.Г.Клочков бүкіл майданды шарлап кеткен «Россия кең –байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» деген жалынды ұранын көтерді.

Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басыр кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған Төлеген Тоқтаровтың ерлігі жауынгерлердің есінде. Оған қаза тапақаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағын берді.

Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкісін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты.Неміс фашистеріне қарсы ұрыстарда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Төрт қазақстандық ұшқыш — Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды.Әрқайсысы 200-ден астам ұшу сапарына шығып, 10-нан астам жау ұшағын, көптеген соғыс техникасын, 100-деген фашистерді жойған

Талғат Бигелдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.

Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры ең алғаш Кеңес Одағының Ба­тыры атағын алған қазақстан­дық жа­уын­гер К. А. Се­менчен­ко (1941 жы­лы 22 шілде).

238 – атқыштар дивизиясының автоматшысы Ока жағасында, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапқан – Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев.

П.Б. Вихрев Панфиловшы 1075- атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі жетекшілігімен 14 жауынгер, жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды.Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. Вихревке Батыр атағы берілді                                 

 

 

                                      Мәтінмен жұмыс

Ленинград шайқасы. (1941 жылы  9 қыркүйек – 1943 жылы қаңтар)

Қазақстандық жауыгерлер Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. 1941  жылғы қыркүйекте Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» жыры достықтың шынайы әнұранына айналды.

Ленинград үшін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов пулеметтің дзотының аузын аузынөз кеудесімен жауып, қаза тапты.

Нүркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нүркен дивизиясымен бірге жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нүркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қаһарман қазақ қызы Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры. Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Жауынгер достары  Лия деп атап кеткен.

1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған, ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынан пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.

  

                      

                          Мәтінмен жұмыс

 

Сталинград шайқасы. (1942 жылы шілде- 1943 жылы ақпан)

1942 жылы 17 шілдесінде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар болды.

Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып, Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.

Алғадай Жамбылұлы – 19 гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетін басқарды.Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты.

Днепр шайқасында ерлік көрсеткен 18 жастағы ең жас батыр – Жәнібек Елеусізов.

Украина майданында сапер минаны кеудесіне қысып, танкінің табанына құлап өзін құрбан етіп, өшпес ерлік көрсеткен –Абдолла Үсенов.

 

                                     Мәтінмен жұмыс

 

Берлин операциясы.(1945 жылы 16 сәуір – 1945 жылы 2 мамыр)

1945 жылы 16 сәуірде Берлин  қоршауға алынды.Бұл шайқасқа 3.5 млн адам қатысты.Жас офицер Рақымжан Қошқарбаев өзінің досы Григорий Булатовпен бірге  рейхстаг терезелерінің біріне алғашқылардың бірі болып алқызыл  жеңіс туын тікті.

1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. 1945 жылы 8 мамырда Фашистік Германия тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойды.1945 жылы  9 мамырда Ұлы Отан соғысы аяқталып, алғаш рет парад жүрді. Берлин үшін ұрыстарға Сағадат Нұрмағанбетов, Есжанов, Қайдауылов, Т.Бигелдиновтар қатысты.

 

                                          

 

                                             Мәтінмен жұмыс

 

                         Қазақстан – майдан арсеналы.

     Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін орналастыруда елеулі өзгерістер болды. (Арсенал – күш, қуат, қару – жарақ  қоймасы). 1943 жылы кенші кәсібіне 18 мыңдай адам оқытылып мамандандырылды. Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы іске қосылды.

КСРО Ғылым академиясының комиссиясы Шымкент қорғасын және Балқаш мыс балқыту заводтарын рудамен, Қарағанды көмірімен қамтамасыз ету проблемаларын зерттеді.1943 жылы сәуір айында Жезқазған комбинаты құрылды. 1943 жылы шаруашылық айналымына 775 мың га жаңа жер алқаптары тартылды. Республиканың көптеген аудандары қуаңшылыққа ұшырады. Жұмыс қолы, күш көлігі жетіспеді.Жоғары өнім алудың асқан шеберлері Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Ыбырай Жақаев ерлікпен еңбек етті. Әр гектардан 52 центнерден тары өсірген павлодарлық звено жетекшісі Анна Дацкова бүкіл елге мәлім болды.  Жеңіс қорына Жезқазған кеншілері 1945 жылдың алғашқы төрт айы ішінде мыңдаған тонна кен өндіріп, өз үлестерін қосты.

                                          

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары

                                          

                                          «Сөз  топтастыр,тез топтастыр!»

ойыны

Ойын ережесі:Берілген сөздер , анықтама, термин, атауларды өз орнына орналастыр!

Грюн,Освенцим,геноцид,Вайс,Дахау,холокост,Барбаросса,Бухенвальд,агрессия,оккупация

Остланд,Собибор,фашизм,Тайфун,Майданек,милитаризм.

 

1.Тарихи терминдер 2.шабуыл жасау операциялары 3.концентрациялық лагерлер  
геноцид Грюн Освенцим

 

Сандар сырын  анықта !/ойын/

1418———————————————————————————

 

64————————————————————————————-

 

27млн———————————————————————————

 

4101————————————————————————————

 

11600———————————————————————————

 

500/497/————————————————————————————-

 

98/97/—————————————————————————————

 

Тарихи хронологиялық диктант

 

Екінші дүниежүзілік соғыс герман әскерлерінің —————————басып кіруінен басталды.

Гитлерлік Германияның бұл елге басып кіру жоспары ———— деп аталды.

Ал КСРО-ның Ұлы Отан соғысы———-жылы———маусымда неміс басқыншыларының тұтқиылдан баса көктеп кіруінен басталды.Германияның КСРО-ны басып алу жоспары —————деп аталды.Бұл жоспарды Адольф Гитлер —————————— өткізген құпия кеңесінде қабылдады.Немістердің КСРО-ның астанасы Мәскеуді басып алу жоспары ——————————деп аталды.КСРО,АҚШ,Ұлыбритания басшылары соғыс кезінде 3 рет/Қырым,Тегеран,Потсдам/ кездесіп,өзара ақылдасып,ең соңында әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйым құру қажеттігі мәселесін қарастырды. Осылайша ———жылы —————құрылды.1945 жылы 25 сәуірде өткен———-ның құрылтай  конференциясына әлемнің—— мемлекеті қатысты.——ның  жарғысымен 1945 жылдың ——қазаны———- күні болып белгіленді.

 

 

Тарихи терминологиялық  диктант

 

Фашизм—————————————————————————————-

 

Агрессия—————————————————————————————

 

Вайс———————————————————————————————

 

Барбаросса————————————————————————————

 

Тайфун——————————————————————————————

 

Остланд——————————————————————————————

 

Геноцид——————————————————————————————

 

Оккупация————————————————————————————-

 

Холокост——————————————————————————————

 

Гитлерюгенд————————————————————————————

 

Бухенвальд—————————————————————————————

 

Майданек—————————————————————————————-

 

Собибор——————————————————————————————

 

Дахау———————————————————————————————

                      

             

Сәйкестігін тап!/ойын/

 

Вайс                                                                  Сот процесі

Барбаросса                                                      еуропа-қ әскери — саяси одақ      

БҰҰ                                                                   соц-к елдер әскери-саяси одағы

Нюрнберг                                                        Польшаны басып алу жоспары.          

НАТО                                                               Бейбіт-к пен қауіпсіздік ұйымы      

ВШҰ                                                                 КСРО-ны басып алу жоспары.       

Собибор                                                           жасөспірімдердің нацистік тобы

Гитлерюгенд                                                  Үш елдің шешім конференция

Тайфун                                                             концентрациялық лагерь

Тегеран                                                           Мәскеуді басып алу операциясы

Майданек

Потсдам

 

Қазақстан /сөзжұмбақ/қазақстандық батырлар есімі/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КСРО батыры,партизан жазушы есімі

 

  1. Ердің ері атанған ,бірақ батыр атағын 1990 жылы алған аты аңызға айналған тұлға

 

  1. 238 атқыштар дивизиясының автоматшысы,Мәскеу маңындағы Воронина қыстағында ерліктің ерен үлгісін көсеткен ,революционер А.Имановтың ұлы

 

  1. Сталинград маңындағы Синельниково қаласын ерлікпен қорғаған қазақ батыры, 19 гвардиялық атты әскер полкінде пулеметші болған кім

 

  1. Майдандас досы Г.Булатовпен бірге, ең алғаш рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры

 

  1. Ленинград үшін шайқаста 19 жауынгермен бірге ес-түссіз жау қолына түсіп, мәлімет ала алмаған немістер, оның үстіне жанармай құйып өртеген, бұл қай батыр

 

  1. Ленинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен партия ұйымдастырушысы, А.Матросовтың ерлігін қайталап, жау дзотын кеудесімен жауып батыр атанған тұлға

 

  1. Екі мәрте КСРО батыры атағына ие болған қазақ ұшқышы

 

  1. Мәскеу маңындағы Бородино селосы жаудан азат ету үшін неміс бөлімінің штабына кіріп 5 офицердің көзін жойған батыр

 

Үйге тапсырма беру

Білімгерлерге үйге берілетін деңгейлік тапсырмалар:
Бірінші деңгей:
1. Ұлы Отан соғысы тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.
Екінші деңгей:
1.  Қазақстандық батырлар тарихына үңіле отырып, мәнжазба дайындау /Ерлік даңқы өшпейді!/

Үшінші деңгей:
1.  Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи әдеби көркем шығармаларды оқып,танысып, деректі материалдармен / тарихи кинофильм,интернет/ жұмыс істеп шығармашылық ізденіске дағдылану /презентациялар жасау/.

 

 Қорытындылау 3-5 мин.

Білімгерлердің сабақ барысында белсенділігі ескеріліп, бағалау парағына қойылып, қорытынды бағаларын шығару

Бағалау парағы

 

Білімгерлердің аты-жөні

 

Үй тапсырмасынсұрау

 

Мәтінмен жұмыс

 

Терминоло-гиялық диктант Тарихи хроноло-гиялық диктант

 

Сандар сырын анықта! Тұлғаны таны!

 

Жалпы баға
1
2
3
4
6
7
 

 

 

 

               

 

Рефлексия. Кестені толтыруды ұмытпаңыз!

 

Сабақ сіздің ойыңыздан шықты ма /ұнады  н/е жоқ/  Сіз бұрын естімеген қандай мағлұмат алдыңыз?   Бұл сабаққа сіз қандай ұсыныс айтар едіңіз ?/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *