Басы » Бастауыш сыныптар » С.Торайғыров. Шығамын тірі болсам адам болып

С.Торайғыров. Шығамын тірі болсам адам болып

Дина Арынова Павлодар қаласы № 19 жалпы орта білім беру мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: С.Торайғыров. Шығамын тірі болсам адам болып.

Сабақтың мақсаты:1.Сұлтанмахмұт шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу, оқу – білімнің маңызын түсіне білуге үйрету;

  1. жеке тұлға ретінде оқушылардың жасампаздық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік – оқушыларды өз ойын ашық айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сана сезімнің еркіндеуіне тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың жабдықталуы: ақын портреті, шығармалар жинағы, жазылған рефераттар, таблица, кітап көрмесі.

Модульдер:  АКТ, СТОү, ЖЕСО, ОмОЖТ, ОБжК, ОүБ.

Сабақтың әдіс-тәсілі:Сұрақты ұстап ал! түсіндіру, баяндау,.

Оқыту нәтижесі: Сұлтанмахмұт шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу, оқу – білімнің маңызын түсіне білуге үйренеді

 

Кезеңдер Әдіс-тәсіл Мұғалімнің іс- әрекеті Уақыт Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық ахуал ОмОЖТ Әр елдің салты бойынша сәлемдесу 3 м Қазақша, орысша, ағылшынша амандасу түрлерін орындайды.
Білу АКТ  ХХ ғасырда қазақ әдебиетінің көгілдір көгінде жарқ етіп көрініп ағып түскен жарық жұлдыздардың бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Жоқшылықта өсіп, қиыншылықты көп көрген, өмірден ерте қыршын кеткен асыл азаматтың, жалынды ақынның артында қалдырған ұлан ғайыр мұрасы оны қазақ әдебиетінің классиктері қатарына қосты. 5 м Оқушылар ақын туралы мағлұмат айтады. Сұлтанмахмұт Торайғыров – туған халқының көрікті келешегін сырлы сөзімен де,  баянды ісімен де барынша күрескен «елім» деп еңіреп өткен ақын. Ақын өз атынан сөйлей отырып сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат – мақсатын, арман- аңсарын жырға қосты.

 

Түсіну ЖЕСО Өлеңді түсініп оқу. Егер өтініші бар болса, сол жолдарды тауып оқу. Егер арманы бар болса, сол жолдарды тауып оқы.

 

Қолдану СТОү Сөздік жұмыс. Сәулеқуған–біліміздеген; белдібуған–талаптанған, ұмтылған; асылықайту–артықсөйлегенімемес; надандықтытебу–қараңғылықтыжеңу,оқу , көңілгетоқу. 5 м   Асылық емес-артық сөз емес

 

 

Талдау ЖЕСО Мақал-мәтелдің мағынасын ашу. Өлеңде айтылған баланың арманы ма, өтініші ме, әлде серті ме? 5 м Талапты ерге нұр жауар
Жинақтау ОБжК Сұлтанмахмұт қанша жыл ғұмыр кешкен?

Осы қысқы гұмырда нені мақсат етті?

Өлеңнің мазмұны өздеріңе қалай әсер етті?

Біздер нені мақсат етіп, неге қол жеткізу жолында жұмылудамыз?

8 м Өз ойын білдіреді. Сұрақтарға жауап береді

 

Бағалау

 

ТжДБО Эссе оқу 5 м «Шығамын мен де әлі адам болып» деген тақырыпта эссе жазады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *