Басы » Бала бақша » Ыдыстар

Ыдыстар

5723947892-e1298367507930Сабақтың   тақырыбыЫдыстар

Мақсаты: сөздік  қорларын  кеңейту, сөздерді  байланыстырып   сөйлеу,

зейін  қойып  тыңдау   дағдыларын  қалыптастыру.

Көрнекіліктер: ойыншық   ыдыстар, суреттер, дидактикалық  кеспелер.

Сөздік  жұмыс: шәйнек, шанышқы, қасық, шелек.

Блингвальді  компанент: шанышқы-вилка, шәйнек-чайник, қасық-ложка,

шелек-ведро.

Әдіс — тәсілдер: көрсету,суретті  әңгімелету,сұрақ — жауап, түсіндіру.

 

Мотивациялық  қозғаушылық

Шаттық   шеңбері:

Кел   балалар,  күлейік,

Күлкіменен   түлейік!

Күлкі  көңіл  ашады,

Күліп  өмір  сүрейік.

Мұғалім:  Менің   қолымда   доп. Доп  арқылы  сұрақтарға  жауап  беріңдерші.  Қазір  жылдың  қай  мезгілі?  Қандай  қыс  айларын  білесіңдер?  Бір  аптада  неше  күн  бар?  Қай  күндері  демаласыңдар?

Балалар: Балалардың   жауаптары.

 

Ұйымдастыру  ізденушілік

Мұғалім:  Д/о «Сиқырлы  дорба»

Мұғалім:     Дорбадағы  ыдыстарды   алу  үшін,  тіл  жаттықтыратын  сөз   тіркестерін  айтқызу.

                   Алақай,  алақай!

Қуанып  қалайық.

Сиқырлап  дорбаны.

Қызыққа  қанайық

Балалар: Дорбадан  таныс  ыдыстарды  алып,  олардың  аттарын  атайды.

Мұғалім:  -Мынау –шелек. Кәне  енді  шелектің  орысшасын  айтайықшы

Шелек-ведро

-Мынау  не?

-Мынау  қасық   Қасық-ложка

-Мынау  -шәйнек   Шәйнек-чайник

-Мынау  -шанышқы  Шанышқы –вилка

Осы  сөздерді  жай,  орташа,  көтеріңкі  дауыспен   қайталайды.

Сөздік  жұмысы:  Ыдыстар

 

Сергіту  сәті

Қуыр,  қуыр  қуырмаш

Балапанға  бидай  шаш

Апаң  келсе  есік  аш

Қасқыр  келсе  мықтап  бас.

Балалар: (қимылмен  көрсетеді)

 

Мұғалім:   Д/о  «Қайтала, көрсет»

(балалар  айтқан  сөзді қайталайды,  суреттерді  көрсетеді)

 

Дәптермен  жұмыс

(ыдыстардың   суреттін   салады)

 

Мұғалім: Д/о  «Сақ  бол!»

 

Рефлексиялық  түзетушілік

Сұрақтар:

Қандай  ыдыстарды  білесің?

Мынау  қандай  қасық? (қасықтың  үлкен  кішкентай  екенін  ажыратады)

Мұғалім:  Осымен  сабағымыз  аяқталды  сау  болыңдар

Балалар:  Сау  болыңыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *